Өмірзақ Ақжігіт: ОРЫСТІЛДІЛЕРДІҢ КӨБІСІ НЕГЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ ҚАРСЫ?

5565
44
Бөлісу:

Мемлекеттік тілге мәртебе сұрау – Ұлтаралық араздықты қоздыру емес!

Ұлттық Кеңестің алғашқы отырысы елдің ерекше ықыласын аударып, үлкен үмітін оятты. Мұнда бұрын пікірталас алаңдарында айтылып жүрген көп саяси-қоғамдық, әлеуметтік мәселелер ортаға салынды. Әсіресе, «мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылады» делінген Конституциядағы 7 баптың 2 тармағын, қазақ тілінің шын мәнінде азаттық ала алмай келе жатқанының басты себебін алып тастауды ақын Қазыбек Исаның талап етуі – сеңді бұзған сенсациялық оқиға болды.

Миллиондаған адамның осынау асыл тілегінің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп отырған Ұлттық Кеңестің алғашқы отырысында көтерілуі – символикалық оқиға болатын.

Ал енді осы ел көздеріне жас алып күтіп, ұлт зиялылары сүйінші сұрасқан, Ұлтттық кеңес мүшесі Ауыт Мұқибектің тауып айтқанындай тарихи оқиғаға айналған Қазақ тілінің мәселесін көтерген мәлімдемені ұнатпай қалғандар да бар екен.

Алдымен Ұлттық кеңес мүшесі, саясаттанушы Данияр Әшімбаев лап етіп тұтанып кетті. (Время гәзетіне берген Данияр Әшімбаевтың сұхбаты.)

«…Довольно опасное, на мой взгляд, предложение прозвучало из уст Казыбека ИСЫ о необходимости дальнейшего развития государственного языка.

Прежде всего отменить норму закона о языках, согласно которой в стране установлен список профессий, для которых знание госязыка является обязательным. То есть он предложил сделать так, чтобы знание госязыка было обязательным для любой профессии. В условиях фактического двуязычия эта инициатива является дискриминационной и провоцирующей обострение межнациональной ситуации в стране. Кроме того, он предложил разработать новый закон о госязыке и создать отдельное агентство по государственному языку» дейді.

Тілшінің «А были ли на заседании какие-то неадекватные или смешные предложения?» деген сұрағына Әшімбаев былай жауап берді: «Казыбек Иса большую часть своего выступления посвятил юбилею Золотой Орды и формату участия в нем Казахстана. Он также поднимал вопросы увековечивания памяти хана Джучи (Жошы), говорил об очередной реформе латиницы. И, судя по лицам других членов его рабочей группы, думаю, что с ними он эти моменты выступления не согласовывал»…

«…В условиях фактического двуязычия эта инициатива является дискриминационной и провоцирующей обострение межнациональной ситуации в стране». Бұл бұрынғы отаршылардың сүйікті тәсілі – алдымен өздеріне қажетті, өздеріне қолайлы әрі жандарына өте жайлы ортаны құрып алады да содан кейін: «бүгінгі нақты жағдайды негізге алуымыз керек» деп шыға келеді. Ал, сол «фактическое двуязычиені» бүгін республиканың орыстілді басшылығы қолдан жасанды түрде жасап, қолдап отырғаны жайлы жазғанды әшімбаевтар ұнатпайды. Өйткені, бұл орта – олардың ортасы, онсыз олар да бір, толқын жағаға шығарып тастаған балық та бір.

Сондықтан Әшімбаев пен соған тектестерге нақ сол орыстілді басшылар керек, оларға бұндай басшылар туған әкесінен артық. Ал, бұл басшылар әшімбаевтардың қызметіне мұқтаж, міне, содан барады да бұл екі жақ намаздыгер-намазшамда бір-бірімен дос болады, бірінің бірі, Крыловтың мысалындағы сияқты, мақтауын тауып жеткізе алмайды. Дәл сондықтан бұлар қит етсе бізді «обострением межнациональной ситуации» деп қорқытып келеді және болашақта да қорқыта беретін болады.

Олар 30 жыл бойы, кенеуі кеткен грампластинка секілді, тек осыны айтумен айналысып, жұрттың құлағының олардың ызыңына үйреніп кеткені сондай, ешкім ешнәрседен қорықпайтын болып алды. Ал, жағдайды арандатушылар – нақ солардың өздері, тек «ұрыны ұста!» деп айқайлайтын ұрылардай, айқайының салдарынан өздерін ұстап беріп жатады. Оның қарапайым қағидатқа айналғаны қашан, олардың сөзіне ешкім назар аудармайды, үндеулеріне құлақ аспайды, арандатуына елікпейді.

Онда неге Әшімбаевтар жазуын тоқтатпайды? Тоқтатайын десе, басқа қолынан ештеңе келмейді! Кімге керек? Ресейге ме? Европаға ма? Америкаға ма? Ол жақтың заңы басқа. Дәл сол Ресейдің өзінде елдің бәрі, қайталап айтамыз – бәрі, гастарбайтерлерге шейін, орыс тілін білуге міндетті. Заң бойынша олар да жұмысқа тұру үшін орыс тілі мен орыс тарихынан емтихан тапсырады. Бірақ, біздің әлгілер суды лайламаса күнін көре алмай қалады, орыс мақалы «лай судан балық аулау оңай» деп бекер айтқан дейсіз бе? Дегенмен, олардың лайлата берер мерзімі аяқталып келеді, көп қалған жоқ. Бұл табиғи үдеріс, оны ешкім де тоқтата алмайды. Қазақша айтқанда, «таң атпайын десе де, күн қоймайды».

Ал Кз.медиа деген белгісіздеу бір сайтта Ұлттық кеңес мүшесі Арман Шораевқа Қазыбек Исаның Қазақ тілі мәселесін көтергенІ ұнамай:

«Қазақ тілінің қамқоршысы бола қалыпты» деп кекетеді. «Мысалы, Казбек Иса, белгілі қазақ журналисі, «Ақ Жол» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі, өзін қалайда қазақ тілінің қамқоры етіп көрсетуге тырысып бақты, ал, іс жүзінде сөзінің 90%-ын ол Тоқаевтың келуіне қандай үміт артатынына, қандай оның кемеңгер екендігіне арнаумен болды» дейді.

Не деген «дәлдік», не деген «ерлік»! Қалай елдің көзін бақырайтып қойып, қорықпай өтірік соғып жіберуге болады?!. Ау, Қазыбек Исаның баяғыдан бері қазақ тілінің нағыз күрескері екенін елдің бәрі жақсы біледі ғой. Оның Ұлттық кеңестегі сөзі интернетте тарап кетті, бәріміз көріп, қатты риза болдық. Бұл жерде Қазыбек Иса президенттің Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ету керек деген сөзін, Ұлытауда Алтын Орда мен Жошы ханды насихаттау керек дегенін және шет тілдерін бастауыш сыныптардан кейін оқыту керек деген тапсырмасын қолдайтынын айтып отыр. Яғни, Шораев беті бүлк етпей өтірік айтқандай, сөзінің 90 пайызын арнаған жоқ, екі-үш жерде ғана атап өтеді. Ал бұл ұлттық мүддені қорғаған ұлттық мәселелер неге Ұлттық кеңес мүшелері Әшімбаев пен Шораевқа ұнамай қалды? Бір Қазыбек қана емес, бар қазақ қолдап отыр ғой бұл мәселелерді?!.

Әшімбаев туралы бәрі түсінікті. 2011 жылы Жаңаөзендегі белгілі оқиғаның артынша: «на площадь в г. Жанаозен вышел не народ» деп жазғаннан не күтуге болады? Біз сол кезде жазғабыз, тағы да қайталаймыз: «Егер алаңға шыққандарды халық емес десе, онда біз «Әшімбаев – адам емес» дейміз…

Ал, Арман Шораев… Көрнекті, салмақты… Әлде, Арман Шураевтың: «Меня называют националистом, прежде всего, из-за моего внешнего вида»-дегені расқа айналып отыр ғой деймін. Иә, кезінде Арман мырза КТК арнасын басқарып жүргенде сол телеарнаның жүргізушісі Шахматов «Біздің шындық» деген хабарға Ресейдің империялық басқыншылық символы -Георгиев лентасын пиджагының сыртқы төсқалтасына тағып шыққанына қарсы болған ұлт зиялыларына Шораевтың өзі қарсы сөйлеп, ұлттың ардақты ақсақалдарын фейсбуктің бетінде аузына келген сөзбен балағаттағаны елдің есінде. Сол кезде одан көңілі қалған кісілердің Фейсбукте наразы қоғамдық пікірлері аз болған жоқ.

Міне, енді, тағы да қателік. Бұл жолы қазақ тілінің мәртебесіне қатысты. Қазақтар: «Аңқау елге арамза молда» деп босқа айтпаған мұндайларды. Бірақ, өзінің кім екенін өмір бойы жасырып ұстау ешкімнің қолынан келмейді. Ерте ме, кеш пе, ол бәрібір ашылады – кімнің кім екенін ел білетін болады. Шораев мырза да дәл осы жайтты басынан кешіп отыр бүгін…

Ал, Бахытжан Копбаев деген «интернационалистің» опустарына көңіл аудару – ондай адамдар үшін тым артық құрмет! Бірақ, құбылыс ретінде айтар болсақ, біздің орыстанған туыстарымыз манкурттар емес, олар – мутанттар. Егер жадынан айрылған тіршілік иелері ретінде манкурттар тек бұйрық бойынша әрекет етсе, мутанттар бәрін саналы түрде істейді. Олар өздерін қазақ деп санауды масқара, ұят көреді, қазақы нәрсенің бәрін жек көреді, барлық амал-айламен, қулық-сұмдықпен өз тамырынан тезірек арылуға тырысады. Олар адамшылықтың әмбебап қағидатына сәйкес сатқынды ешкім «екінші жағада» өз қатарына қабылдауға асыға күтіп отырмағанын, санасының түкпірінде болса да, өте жақсы біледі, бірақ, бәрібір солай қарай ұмтылғанын қоймайды.

Ал, кез-келген қалыпты адам өз ұлтын сүюі керек емес пе, өйткені ол қазақ, орыс, еврей, эскимо, папуан, зулу болып туды ғой… (Айтпақшы, еврейлер өз ұлтын шынымен жақсы көреді, мәселенің бәрін ешкімнен қысылмай, қорықпай ашық айтады, жалпы, шынайы ұлттық көңіл-күйге қатысты біз олардан көп нәрсені үйренуіміз керек!) Және барлық жерде оған лайық болу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек, өйткені біз ата-анамыз сияқты ұлтты да таңдамаймыз. Біз үшін, ондай таңдауды құдіретті Құдай жасады, және біз бұл үшін оған тек ризашылық білдіре аламыз. Дәлірек айтқанда, міндеттіміз. Біз ата-анамызды жақсы көреміз, олар қандай болсын, ешкімге алмастырмаймыз, өйткені олар біздің ата-анамыз. Ұлт та дәл солай.

Картинки по запросу ербол жумагулов

Бірақ, мутанттар сол үшін де мутанттар, олар үшін қасиетті ештеңе жоқ. Тіпті жануарлар мұндай қадамға бармайды – айғыр ешқашан өз анасына шаппайды, ал, мутанттар … Олар үшін ана тілі деген сөз – бос сөз. Мәселен, олардың бірі Ербол Жұмағұлов бір кездері орыс тілді баспасөз беттерінде «Хана тілі» деп аталатын, қазаққа ашық қарсы мақала да жариялаған…

Мутанттар қайдан пайда болады? Қайдан екені белгілі – біздің өткен шағымыздан.

Кеңес өкіметі кезіндегі саналы, жүйелі, табанды және қатыгез орыстандыру жылдарында халқымыздың ең жақсы бөлігі жойылды. Қазақ тіліндегі «ген» сөзінің де көптеген қазақ сөзі сияқты бірнеше, бұл жерде мағынасы бар. Біріншісі жай тек, екіншісі – асыл тек. Міне, осы асыл тұқымды адамдар түгелдей дерлік жойылды. Ал бойында асыл тек бардың бүгінге аман жеткендері өз үйіріне қайтып оралуда. Рас, олардың кейбіреуі қазақ тілін білмеуі мүмкін, олар сонда да шынайы қазақ позициясы тұрғысынан сөйлейді. Бабалардың асыл тегі өз міндетін атқарып жатыр…

Мутанттар да өз міндетін орындап жатыр, бірақ, ниеттері қара болғандықтан, «қайтсек Қазақстан қайтадан және тезірек орыс тілді бола бастайды» деген мақсатқа жұмыс істеп жатыр. Сол үшін де 28 жылдан бері олар балаларын, немерелерін орыс мектептеріне беріп келеді. Оларға балаларын қазақ мектептеріне беруге кім кедергі? Бәрі өздерінің қолында емес пе?! Қазақ мектептерінің білім сапасын әлемдік деңгейге көтерсе, кім оларға қой деп жатыр? Жоқ, ыңғайлы, жайлы, ең бастысы үйреншікті орыс тілінде өмір сүрулері үшін ғана олар барлығын, тіпті, тұтас ұлтты, даңқты ұлтты, ежелгі ұлтты құрбан етуге дайын…

Картинки по запросу женис байхожа

Осы сапта олармен «иық тіресе» «Время» апталығы келе жатыр. Ол сіз бен біздің Отанымызды «жеңіл жүрісті ел» деп атайды және онысын тапқырлықтың шыңы деп біледі. Ұзақ жылдар бойы халықты қазақ ұлтшылдығымен қорқытудан шаршамайтын Central Asia Monitor деген апталық бар. Онда қазақ тілінің жай-күйі туралы көп жазатын, бірақ ешқашан ең бастыны – қазақ тілін қайтсек кеңес кезіндегі орыс тілі сияқты ауадай қажеттілікке жеткізу жайлы ешқашан жазбайтын Женис Байхожа деген журналист бар. Білмегендіктен емес, өте жақсы білгендіктен жазбайтын. Мен ол қазақ тілінің адымын аштырмай отырғанда орыстар емес, орыс тілді қазақтар тамаша жақсы түсінеді деп ойлаймын. Бірақ, ұялмастан: «Геноцид болған ба өзі?» деп жазатын адамнан не күтуге болады? Бүкіл халықты ең қасиеттісін қорлау емес пе бұл? Біздің «Қазақ үні» газетіндегі «Женис Байхожа адам ба өзі?» деген жауап-мақаламызды ол жауапсыз қалдырды…

Бірақ, уақыт жүрісін ешкім артқа қарай бұра алмайды. Біз, Құдай қаласа, ұлттық мемлекетімізді құру үшін мүмкіннің де, мүмкін еместің де бәрін істейміз. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру – осы бағыттағы қадамдардың бірі.

Бірақ, Әшімбаев пен Шураев мырзалар онда қайдан жүр?! ..

Картинки по запросу өмірзақ ақжігіт

Өмірзақ Ақжігіт,

Тәуелсіз журналист.

Дереккөз: Abai.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 44 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 3 Желтоқсан, 2019 12:24 Жауап

    Ұлттық тілдің мәртебесін көтеру ол заңдылық, әрбір көрші мемлекеттер өздерінің ұлттық тілін мемлекеттік тіл ретінде заңмен бекіткен. Оларда мемлекеттік тіл ұлтаралық қатынас тіл ретінде қолданған, ал бізде ше ? Ұлттық тілдің мәртебесі туралы ұсыныс көтерілсе оған қарсы шығар ұлт сатқыны орысқұл Арман Шораев пен Әшімбаев секілді арамза поптар қос қолын көтеріп өз ұлттық тіліне қарсы шыға келеді ! Бұл жерде ұлтаралық араздықты өршітуші араға іріткі салар Арман Шораев пен Әшімбаев секілді бүлік іздеушілер!

  2. Айеке 3 Желтоқсан, 2019 12:31 Жауап

    Ол сондай күрделі мәселе – мутанттардың артында дүниежүзілік аңсаған күштер – масондар (Западная цивилизация орысшалап айтқанда) тұр.

  3. Айеке 3 Желтоқсан, 2019 12:31 Жауап

    Ол сондай күрделі мәселе – мутанттардың артында дүниежүзілік билікті аңсаған күштер – масондар (Западная цивилизация орысшалап айтқанда) тұр.

  4. Айбын Аргын 3 Желтоқсан, 2019 14:45 Жауап

    Қазақ тіліне қарсы шыққандар – мемлекетке қарсы шыққандар деуге толық негіз бар. Өйткені тіл болмаса ұлт та болмайды мемлекет те болмайды. Мұны осыдан бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынов айтып кеткен. Мемлекеттік тілдің өз дәрежесіне көтерілуі ұлтымыз үшін аса маңызды. Ал оған қарсылық көрсетушілер тек өз пайдасын ғана ойлайтынын айқын білдіріп қойды!!!

  5. Исраил Сапарбай 3 Желтоқсан, 2019 17:17 Жауап

    Қайдан жүруші еді: ол екеуін Ерлан Қариннің өзі қосты емес пе? Ұлттық кеңес өзінің жұмысын бастап кетті. Аз болсын, көп болсын, осы екі аралықта кімнің кім екені жұрт алдында көрініп қалды. Анығы, өздерін өздері көрсетті!! Дұрысы–әшкереледі! Ұлттық сенім кеңесінде енді бұларға орын жоқ деп білемін.

  6. Құлбек Ергөбек 3 Желтоқсан, 2019 17:22 Жауап

    Қазбек Исаның талабы – ұлт талабы. Мемлекет құраушы ұлт екеніміз рас болса бəріміз осы талап үстінде болуымыз керек.

  7. Байбота Қошым-Ноғай 3 Желтоқсан, 2019 17:24 Жауап

    Шынында да, Әшімбаев пен Шураев мырзалар онда қайдан жүр?! . Бұл Ұлттық Кеңес емес пе?!.

  8. Руза Бейсенбайтегі 3 Желтоқсан, 2019 17:25 Жауап

    Нағыз араздықты қоздыру – 70 пайыз мемқұрушы қазақтың ашу-ызасын тудырып, керісінше, мемлекеттік тілді жолатпау!!!

  9. Еркеназ 3 Желтоқсан, 2019 18:06 Жауап

    Өз тіліне нағыз орысқұлдар ғана қарсы шығатын шығады. Егер тілі құрдымға кетсе, ұлт тұтастай жоғалатынын қалайша білмейді осы мəңгүрттер.

  10. Алина 3 Желтоқсан, 2019 18:09 Жауап

    Исрайл Сапарбай ағам дұрыс айтады мұндай мəңгүттерге Ұлттық кеңесте енді орын жоқ болуға тиісті.

  11. Алмас Асемханулы 3 Желтоқсан, 2019 19:20 Жауап

    Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ол табиғи процесс. Қазақ болғансоң қазақ тілінің үстемдік етуіне барымызды саламыз. Қазбек Иса қазақ тілінің мәселесін баяғыдан бері көтеріп келеді. Астананың емханасында емделуші мен дәрігердің арасында болған тіл мәселесі жөніндегі кикілжінге Қазбек Иса араласып қазақ тілін менсінбеген адамды орнына қойды, жәнеде еліміздің түпкір түкпірінде осындай жағдайларға белсене араласып қазақ тарға қолдау білдіріп жүрді. Шораевтың айтып отырғаны жала жабу. Сол шорвты ұлт мүддесін қорғағаны туралы біз осы күнге дейін ештеңе естіген жоқпыз. Осы жылы оралған қазақ пым деп шығып жүр.

  12. Qyr balasy 3 Желтоқсан, 2019 19:23 Жауап

    Ұлтқа қауіпті көз-қарасты ұстанатын Әшімбаев пен Шораев Ұ К не ғып жүр? Ондайларды орнына қою керек әйтпесе басқа мәңгүрттер еріп кетеді.

  13. Алмас Асемханулы 3 Желтоқсан, 2019 19:25 Жауап

    Өзі ұлтшыл, қазақшыл азаматтар алыстан ақ көрініп тұрадығой. Есі дұрыс қазақ кімнің орысқұл кімнің қазақшыл екенін біледі. Мәңгүрттер қайдағы жоқ болмашы мысалдар келтіріп әлек.

  14. Гүлназ 3 Желтоқсан, 2019 19:33 Жауап

    Өте өкінішті! Іштен шыққан жау жаман!Бұлар қара бастарын ойлап қалған , ұлтына, тіліне деген құрметі жоқ адамдар ғой.

  15. Іңкәр Әлемқызы 3 Желтоқсан, 2019 19:59 Жауап

    Қазақтың көрнекті қаламгерлері, Мемлекеттік, Тәуелсіз Тарлан және Алаш сыйлықтарының лауреаттары Исрайл Сапарбай, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Құлбек Ергөбек, Байбота Қошым-Ноғайлар тура тауып айтқандай, «Шынында да, Әшімбаев пен Шураев мырзалар онда қайдан жүр?! . Бұл Ұлттық Кеңес емес пе?!» (Байбота), «Өздерін- өздері әшкерелеген бұларға енді Ұлттық сенім кеңесінде орын жоқ ! (Исраил). Өйткені «Тілге дұшпан – Елге дұшпан!»(Тыныштықбек). Яғни, бәріміз де белгілі сыншы, әдебиетші ғалым Құлбек Ергөбек айтқандай: «Қазбек Исаның талабы – ұлт талабы. Мемлекет құраушы ұлт екеніміз рас болса бəріміз осы талап үстінде болуымыз керек.»

  16. Сәтпай 3 Желтоқсан, 2019 20:03 Жауап

    «АҢҚАУ ЕЛГЕ – АРАМЗА МОЛДА» деп қалай тауып айтқан қазақ халқы Ашимбаев-Шураевтарды! Бұдан артық айтарым жоқ!

  17. Руза 3 Желтоқсан, 2019 20:29 Жауап

    «…Довольно опасное, на мой взгляд, предложение прозвучало из уст Казыбека ИСЫ о необходимости дальнейшего развития государственного языка…»! Бұдан артық жау табыла қояр ма екен ұлтқа?! Ұлттық кеңестен садақа!!! Ұлттың жойылуын көксеп отырғандар кетсін, ҰК, бұлар отырғанда, еш сенім болмақ емес!!!

  18. Руза 3 Желтоқсан, 2019 20:36 Жауап

    Негізі, Өмеке, бастан аяқ оқуға да қорқам мақалаңызды, денсаулығыма, жүйкеме қорғанам… Сол орыстың өзі айтқандай барлық мутент-мәңгүрт-зомбилерге, 0 (нулевая) терпимос істеу керек, психологиялық жағынан, әр қазақ. Жетті, тіліміз үшін жындануға ғана қалды, бұларды басымызға ты–ра берсек!!!

  19. Бөгенбай 3 Желтоқсан, 2019 21:04 Жауап

    Руза апай: «…Довольно опасное, на мой взгляд, предложение прозвучало из уст Казыбека ИСЫ о необходимости дальнейшего развития государственного языка…»! Бұдан артық жау табыла қояр ма екен ұлтқа?! Ұлттық кеңестен садақа!!! Ұлттың жойылуын көксеп отырғандар кетсін!»-деп турасын айтқасыз! Жау ғой бұлар!

  20. Іңкәр Әлемқызы 3 Желтоқсан, 2019 21:07 Жауап

    Ұлттық кеңесте Қазақ тілі мәселесінің көтерілуіне қарсы шыққан Данияр Ашимбаев пен Арман Шураевтар Ұлттық Кеңестен қуылсын! Фейсбукте петиция ұйымдастыру керек қол жинап!

  21. Айбын Аргын 3 Желтоқсан, 2019 21:28 Жауап

    Қазақ елінің өркендеп өсуі үшін қазақ тілінің мәртебесінің көтерілуі аса маңызды. Ал Ұлттық кеңесте отырса да, ұлты үшін, ұрпақ болашағы үшін тіл мәселесіне қатысты жақ ашпаған мырзалардың енді оған қарсы шығуы нағыз қаскүнемдіктің белгісі. Ұлттық мүдде үшін күресудің орнына Ұлттық кеңесте отырып ана тілін өгейсіткен Шораевтардың мына қылықтары мен сөздері ұяттан жұрдай екенін көрсетті!!!

  22. Алмас әсемханұлы 3 Желтоқсан, 2019 22:19 Жауап

    Ұлттық мүдде үшін күресудің орнына Ұлттық кеңесте отырып ана тілін өгейсіткен Шораевтардың мына қылықтары мен сөздері ұяттан жұрдай екенін көрсетті.

  23. Алмас әсемханұлы 3 Желтоқсан, 2019 22:32 Жауап

    Тілге тіл тигізетіндеріміз өте қауіпті! Ал, жоғарыға шығып алып, Тілге қарсы шығатындар болса, Ұлттың басты жауы солар!

  24. Алмас әсемханұлы 3 Желтоқсан, 2019 22:42 Жауап

    Тіл мәселесін көтерген Қазбек Исаға бұлардың жауабы осылай болар. Қазбек Иса ұсынған ұсыныстың бетін қайтармақшы. Оларда биліктегі дөкей орысқұлдардың тапсырмасы шығар.

  25. Алмас әсемханұлы 3 Желтоқсан, 2019 22:59 Жауап

    Осы орысқұлдардың кесірінен Қазақ елінде қазақ балалары қалаларда жұмыс тұралмай жүр. Қазақ тілінің қолданыс аясы мекттен кейін аяқталатыны қазвқ тілді жастар қоғамда орыс тілінің үстемдік құруынан өз ойын, мүмкіндіктерін көрсетеалмай ашылаалмай жүр. Бұл қазақ
    жастарының бәсекелестік қоғамда жарыстан қалуда. Қазақ тілі жасасын.

  26. Алмас әсемханұлы 3 Желтоқсан, 2019 23:00 Жауап

    Қазбек Иса нақты ұсыныс жасады. Егер ол ұсыныс қабыл болса қазақ жастары бәрінен озады.

  27. Амина 3 Желтоқсан, 2019 23:58 Жауап

    Қайран, қазағым-ай, өз тіліңді өзің құрметтей алмасаң, кімге керексің? Өткен отыз жылда жеткен жетістігіміз осы болды…

  28. ел ішінен 4 Желтоқсан, 2019 11:46 Жауап

    Вопрос языка – это вопрос власти. Д. Ашимбаев, как вам не стыдно перед памятью миллионов предков, погибших и замученных на пути к независимости. Из Ваших слов можно заключить , что несмотря на Ваши якобы политологические познания, Вы или просто непроходимо тупой, или манкурт, которого зазомбировали до такой степени. Я тоже учился в русскоязычной школе, но это не настроило меня против моего языка, моей культуры, моих обычаев. Для тех, для кого Вы стараетесь, Вы – просто очередной «косоглазый чуркобес», как они говорят между собой, так чё-ж-ты за них ж.. рвешь как ошалелый, перебиваешь ақсақалов, оңбаған неме сол?! Кто Вы такой чтобы заявлять следующее: «…Довольно опасное, на мой взгляд, предложение прозвучало из уст Казыбека ИСЫ о необходимости дальнейшего развития государственного языка» ?! Ты на уроках литературы чем занимался вообще, если несешь такой бред?? По-твоему, на земле казахов опасно развивать казахский язык?? Ты кто вообще – агент масонов-иллюминатов, олигархов и международных корпораций? Это земля казахов – и казахский язык здесь главный. Так же, как немецкий – в Германии, русский – в Москве, итальянский – в Италии.

  29. Гүлзат 7 Желтоқсан, 2019 18:50 Жауап

    Сонда ел Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық кеңеске мүше бола отырып, «Тоқаевтың сөзін сөйледі» деп кеңес мүшесіне сын айту қаншалықты миға сиятын дүние. Мен не деймін, домбырам не дейдінің керін келтіріп отырған жоқ па?

  30. АЙША 7 Желтоқсан, 2019 18:54 Жауап

    Ұлттың ұпайын түгендеп, ұлтымызды бір арнаға ұйыстыруға тиіс Ұлттық кеңестің кейбір мүшелері ұлттың тіліне қарсы болып отырса, жетіскен екенбіз. Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайынның керін келтіріп тұр ғой бұлар. Тазарту керек кеңес мүшелерін мұндай мəңгүрттерден.

  31. Қарақат 8 Желтоқсан, 2019 16:33 Жауап

    Құлбек Ергөбек аға сізді қолдаймын! Қазыбек Иса ағамыз ұлттың талабын қойып отыр.Өйткені тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі.

  32. Зағира 8 Желтоқсан, 2019 16:36 Жауап

    Ұлттық кеңесте отырып ұлттың сөзін сөйлеген кеңес мүшесіне шүйлігу, «өзің білме, білгеннің тілін алма дегеннің керін келтіру ғой…

  33. Еркеназ 8 Желтоқсан, 2019 16:38 Жауап

    Əшімбаев пен Шораевтың пікірінше Қазыбек Иса ағамыз бүгін ғана көтеріп отырғандай ғой қазақ тілінің мəселесін. Демек олар енді «оянып» тұр ғой.

  34. Ай-Ару 9 Желтоқсан, 2019 23:01 Жауап

    Əрбір жазылған мақала тасқа таңба басқандай тарих бетінде сақталып қалары сөзсіз.Осындай ұлтқа, ұлттың тіліне қарсылар ертең ұрпақ бетіне қаоай ғана қарамақ?

  35. Qyr balasy 9 Желтоқсан, 2019 23:03 Жауап

    Ұлттық мүддегі қарсы болғандар олар кешегі орыстандыру тексіздендіру саясатының жемістері. Соның зардабын бүгін көрудеміз

  36. Гүлім 9 Желтоқсан, 2019 23:04 Жауап

    Ұлттың тіліне қарсылар ұлттың əрбіріне қарсылар. Қалың қазаққа жпу мұндайларды Ұлттық кеңестің төрі тұрмақ, есігінен сығалатуға да болмайды.

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − 12 =