ЖЫЛ АДАМЫ – 2019: ҮЗДІКТЕРДІ БІРГЕ АНЫҚТАЙЫҚ

1110
35
Бөлісу:

«Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен  Qazaquni.kz  ұлттық порталының

«Жыл адамы – 2019» таңдаулыларын анықтау кезеңі басталды!

«Қазақ үні» газеті мен ақпарат агенттігі жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан “Жыл адамы – 2019” таңдаулысы оқырман қауымның дауыс беруі мен редакция алқасының шешімі нәтижесінде анықталады.

Сонымен қатар телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарларымен, яғни, Сіздердің ұсыныстарыңыз арқылы Сарапшылар алқасы анықтау жұмыстарын жүргізеді. Сарапшылар алқасының құрамына белгілі зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері кіреді.

«Қазақ үні» оқырмандары таңдаған «Жыл адамдарының» қай-қайсысы да елге еңбегі сіңген, айтары көп, қазыналы адамдар екені әмбеге аян. Осы жылдар аралығында Мұхтар Шаханов, Иманғали Тасмағамбетов, Дәурен Абаев, Бауыржан Оспанов, Тынымбай Нұрмағамбетов, Ұлықбек Есдәулет, Азат Перуашев, Қуаныш Айтаханов, Нұртай Сәбильянов, Мұрат Бақтиярұлы, Досхан Жолжақсынов, Руза Бейсенбайтегі, Оғыз Доған секілді танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары таңдалған.

«Қазақ үні» ұйымдастыратын дәстүрлі «Жыл адамы» таңдаулысы – бұл халықтың бағасы!

Сонымен, «Жыл адамы – 2019» номинацияларымен таныс болыңыздар:

Жыл жазушысы –

Жыл ақыны –

Жыл саясаткері –

Жыл қайрат­ке­рі –

Жыл режиссері –

Жыл актері –

Жыл сазгері –

Жыл әншісі –

Жыл депутаты –

Жыл министрі –

Жыл әкімі –

Жыл суретшісі –

Жыл ректоры –

Жыл ұстазы –

Жыл дәрігері –

Жыл ғалымы –

Жыл журналисі –

Жылдың  тіл қайраткері –

Жыл меценаты –

Жыл спортшысы –

Жыл диаспора үздігі –

Жылдың басты оқиғасы –

Жыл жетістігі –

Жыл датасы –

Ұсыныс-пікірлер 25 желтоқсанға дейін қабылданады.

Дауыс беру үшін:

www.qazaquni.kz  порталына және порталдың Фейсбуктағы парақшасына өзіңіз үздік деп таныған тұлғаның есімін және оның атқарған еңбегін пікір түрінде жазуыңыз қажет. 

Ұсыныстарыңызды порталдың Электронды поштасына хат түрінде жолдауларыңызға да болады: qazaquni@mail.ru

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 35 пікір жазылған

  1. Сабыржан 4 Желтоқсан, 2019 08:49 Жауап

    Жылдың «Шіріген жұмыртқалары» деген нлминация тағайындап, Данияр Әшімбаеа пен Арман Шураевтарға беру керек

  2. Өркен 4 Желтоқсан, 2019 08:55 Жауап

    Жылдың масқара тағайындауы – Дүниежүзілік Қазақ күресі федерация президенті Ислам Әбішевті тұтқындап, орнына отырып алған Алик Шпекбаев

  3. абылай 4 Желтоқсан, 2019 09:38 Жауап

    Жылдың саяси оқиғасы – Қазақстан Президентінің өкілеттігін тоқтатуы-Президент сайлауы

  4. Қорқыт 4 Желтоқсан, 2019 09:42 Жауап

    Жыл оқиғасы – Ұлттық Кеңестің құрылуы.
    Жыл талабы – Ұлттық Кеңесте Қазыбек Исаның Конституциядан орыс тілі туралы 7 бап 2 тармағын алып тастауды талап етіп, Мемлекетттік тіл туралы заң қабылдауды ұсынуы

  5. Мәмбет Құрманбаев 5 Желтоқсан, 2019 18:08 Жауап

    Жылдың шіріген жұмыртқалары атты номинацияға Арман Шораев, Данияр Әшімбаев, Серікжан Мәмбеталиндерге беру керек ! Үздік шіріген жұмыртқа деп !

  6. Гүлмира 21 Желтоқсан, 2019 21:22 Жауап

    Жыл саясаткері – Иманғали Тасмағамбетов. Елі үшін ерен еңбек еткен сарабдал саясаткер. Биыл 63 жасқа толып, демалысқа шықса да ол кісінің сіңірген еңбегі жыл саясаткерін беруге əбден лайық.

  7. Мадина 21 Желтоқсан, 2019 21:26 Жауап

    Жылдың үздік сатқыны – деген номинацияны қосымша қосуларыңызды сұраймын.Оған əлбетте президенттікке үміткер атанып, елді аузын аңқитып кеткен Əміржан Қосановты ұсынамын.

  8. ГҮЛІМ 21 Желтоқсан, 2019 21:33 Жауап

    Жылдың басты оқиғасы – белгілі ақын Қазыбек Исаның Ұлттық кеңес төрінде мемлекеттік тіліміздің тағдырына алаңдап, Атаңнан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастау туралы батыл ұсынысы.Мұндай ұсынысты президент алдында айтудың өзі үлкен ерлік.

  9. Мира 21 Желтоқсан, 2019 22:15 Жауап

    Жыл жазушысы – Құлтөлеу Мұқаш. Əдебиет əлемінде өзіндік қолтаңбасы бар азамат биыл алпыстың асқарына шықты. Оқырманның ықыласына бөленген шығармалары өте көп.

  10. Гүлмира 21 Желтоқсан, 2019 22:17 Жауап

    Жыл жазушысы – Сабит Досанов. Қарымды қаламгердің есімі əлемге танымал.2020 ның қаңтарында сексеннің сеңгіріне шығатын елағасына тамаша тарту болар еді.

  11. Ая 22 Желтоқсан, 2019 23:12 Жауап

    Абылай дұрыс айтасыз, жылдың саяси оқиғасы – ҚР Президентінің өз өкілеттілігін тоқтатуы.Елбасымыздың шешімі елді елеңдеткен оқиға болды.

  12. Гүлмира 22 Желтоқсан, 2019 23:29 Жауап

    Құрметті «Қазақ үні» газеті мен порталының оқырмандары «Жыл Адамы-2019»-ды таңдауға барынша атсалысыңыздар. Əр саланың жүйріктерін бірге анықтайық.

  13. Мейрам 22 Желтоқсан, 2019 23:44 Жауап

    Жыл қайраткері – Қазыбек Иса. Ол кісі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында-ақ ештеңеден қаймықпай əдеттегідей қазақ тілінің шынайы қорғаушысы екенін көрсетті.

  14. ГҮЛМИРА 23 Желтоқсан, 2019 23:02 Жауап

    Жыл депутаты Азат Перуашев. Каспиголд аударымдарынан комиссия ұстауға тосқауыл болып, халыққа жақын депутат екенін тағы бір рет көрсетті.

  15. Айару 23 Желтоқсан, 2019 23:06 Жауап

    Жыл жетістігі – Биліктің халықпен санасып, көпбалалы отбасыларды бөліп жармай, бəріне бірдей жəрдемақы төлеуге шешім қабылдағаны.

  16. Мария 23 Желтоқсан, 2019 23:21 Жауап

    Жылдың тіл қайраткері – Қазыбек Иса. Қазақ тілін қызғыштай қорғаған нағыз қайраткер. Ұлттық кеңесте өзінің нақты ұсынысымен елге ой салған аяулы азамат.

  17. Əлия 23 Желтоқсан, 2019 23:25 Жауап

    Жыл мұғалімі – Аягүл Миразова. Білім саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген білікті маман.

  18. Ардақ 23 Желтоқсан, 2019 23:36 Жауап

    Жыл журналисі – Назия Жоямерген. Кəсіби журналист ретінде Түркі тілдес журналистер қоры арқылы журналиистердің біліктілігін арттырып келеді.

  19. Гүлмира 24 Желтоқсан, 2019 08:25 Жауап

    Жыл əкімі – Ерлан Айтаханов. Тағайындала салысымен Шымкенттің шын мəнінде рухани жаңғыруына зор үлес қосқан адам.

  20. Назира 24 Желтоқсан, 2019 22:57 Жауап

    Жыл əкімі Ерлан Айтаханов. Шымкентке шайырлардың билбордын іліп, қаланы шырайландыра түсті.

  21. Гүлмира 24 Желтоқсан, 2019 22:59 Жауап

    Иə Назира дұрыс айтасыз барлық əкімдер Е.Айтахановтан үлгі алуы керек.Ақынын ардақтаған ел ешқашан да азбайды.

  22. Гүлім 24 Желтоқсан, 2019 23:05 Жауап

    Жыл спортшысы – Мадияр Əшкеев. Өмірінде бірде-бір рет жеңіліп көрмеген кəсіпқой боксшы WВС белбеуін жеңіп алды биыл. Əрі ол жеңісін Тəуелсіздіктің құрметіне арнады.

  23. Ару 24 Желтоқсан, 2019 23:10 Жауап

    Жыл ақыны – Мұхтар Шаханов. Шымкентте шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті. Əрі Шырайлы қалада «Өркениеттің адасуы» атты кітабының тұсауы кесілді.

  24. Сая 24 Желтоқсан, 2019 23:22 Жауап

    Жыл режиссері – Талғат Теменов. Биыл 65 жылдық мерейтойын өте жоғары деңгейде атап өтті. Қ.Қуанышбаев театрында өткен шығармашылық кеші де зор табыспен өтті. Елбасының өзі келіп тамашалады.

Пікір немесе жауап жазу

бір × бес =