Кейбір қазақстандықтардың мүлкі иесіз деп танылуы мүмкін

2730
1
Бөлісу:

Үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов қайтыс болған және елден кеткен адамдардың мүлкін иесіз деп тануды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Смайыловтың айтуынша, «Жылжымайтын мүлік тізімі» ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік бойынша өңделген 17,3 миллион мәліметтің 2,6 миллионы жаңартылып, ретке келтірілген.

«Бұл ретте, мынадай проблема анықталды. 843 мың жылжымайтын мүлік қайтыс болған немесе шетелге кеткен адамдардың атына тіркелген. Осыған байланысты, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қайтыс болған және Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен адамдарға тиесілі мүлікті иесіз деп тану мәселесін пысықтау керек», – деді бірінші вице-премьер үкімет отырысында.

Ол салық және кедендік әкімшілендіруді цифрландырудың маңызды бағыттарының бірі  мемлекеттік органдардың дерекқорларын жаңарту екенін атап өтті. Айтуынша, бұл жұмыс жыл басынан бері белсенді түрде жүргізілуде.

«25 миллионнан астам мәлімет өңделіп, 3,6 миллионнан аса қате мәлімет жаңартылды», – деді Смайылов.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 6 Желтоқсан, 2019 12:01 Жауап

    Өте маңызды мәселе көтерілген. Пәтерлерді егеленіп алып өздері тұрмастан жалға беріп, өздері басқа елге көшіп кетіп пәтерақысын алып отыратындары бар ! Ең сорақысы пәтер жалдаушымен өзара келісіп пәтерді өзге адамға тіркеп пәтер бизнесіне айналдырғандарды және өздері жеке басты зейнеткер болса үйсіз, жайсызбын деп әлеуметтік үйлерге орналасып пәтер бизнесін жүргізіп отырады. Осындай пәтерлерді қатаң түрде тексеріп үйсіз жайсыз жүргендерге берсе. Пәтерлерді жекешелендіруді қысқартып жалға берсе мемлекет есебінен. Сонда мемлекеткеде жалға алғаны үшін төлеп тұратын еді ! Барлық пәтер шығынын қадағалап, төлемеген жағдайда шара қолдануға тиімді болар еді !

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − он сегіз =