Қызылордадағы жол апаты: 6 адам қаза тапты

3 желтоқсан күні сағат 05:25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында көктайғақтың кесірінен жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, аударылып қалған, - деп хабарлайды baq.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автобуста 50 адам болған. 6 адам қаза тауып, 22 адам зардап шеккен. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе жатқан. Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған.

Оқиға орнында сағат 07:56 шамасында 6 адамның денесі табылды. 22 адам зардап шеккен. 15 адам құтқарылды. Құтқарушылар апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штат құрылды.

Жол апатының себебі жол ережесін бұзу немесе көктайғақ болуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қауырт желі телефоны (7242) 24-41-61, 70-03-28. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен төрт техника, алты қызметкер мен екі техника, 12 қызметкер мен төрт техника жұмыс істеп жатыр.