Жасұлан Иса: ТІЛГЕ ТІЛ ТИГІЗЕТІНДЕР – ҚАУІПТІ!

547
2
Бөлісу:

АЛ ЖОҒАРЫҒА ШЫҒЫП АЛЫП, ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒАТЫНДАР  – ҰЛТТЫҢ БАСТЫ ЖАУЛАРЫ

…Бір рет болсын, Тілге қарсы шыққан адамның, енді «Ұлтқа қызмет етеді-ау» дегеніміз қателік.
Осыны, мен президенттік сайлау болар алдында да айтамын деп, жекелеген азаматтармен шығысып та қалған болатынмын.
Тілді керек қылмайтындарымыз былай тұрсын, Тілге тіл тигізетіндеріміз өте қауіпті! Ал, жоғарыға шығып алып, Тілге қарсы шығатындар болса, Ұлттың басты жауы солар!
Бұлардың, алдында не айтып, не істеп, не қойып жүргендерін білмейді екенмін. Білгім де келмейді. Бірақ, тап қазіргі таңда, Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында Қазақ тілінің ауыр халін көтерген Қазыбек Исаға болмай қадалып отырғандары, Тілге, Ұлтқа қарсы шығып отырғандарымен тең деп есептеймін. Өйткені, сол кеңесте, Тіл мәселесін ашық көтерген жалғыз Қазыбек Иса ағамыз болған еді. Олай болса, абайлаңдар, Қазақ тіліне қарсылар!
Отпен ойнамаңдар!

Жасұлан Иса, 

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 2 Желтоқсан, 2019 22:37 Жауап

    Өз ұлттық тіліне қарсы тіл тигізгендер, өз ұлтының ата жауы екенін көрсетіп тұр ғой ! Сондай ұлттық тілдің жаулары Арман Шораев пен Әшімбаев секілді орысқұл сатқындар қалайша Ұлттық Қоғамдық Кеңеске мүше етіп қабылданған! Сенімсіз сатқындарға Ұлттық Қоғамдық Кеңесте орын берілмеу керек !

  2. Ұлмекен 3 Желтоқсан, 2019 22:06 Жауап

    Ұлттық Кеңеске жаңа ұсыныс,жаңа серпін керек еді … Қазыбек аға Иса келгелі бұл мәселе көтеріліп жатыр

Пікір немесе жауап жазу

4 × 5 =