Азаматхан Әміртай: Бізде орта бизнес жоқ (видео)

«Экологиялық альянс «Байтақ болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Азаматхан Әміртай танымал блогер Тәңірберген Бердоңғаровтың кәсіпкерлерікке қатысты видеосына жауап берді.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

- Жақында Үкіметте шағын-орта кәсіпкерліктің көлемі 28 пайыз деп айтты. Оның ішінде орта бизнес үлесі 0,12 пайыз деді. Бұл бізде орта бизнес жоқ деген сөз. Бізде шағын және үлкен бизнес ғана. Бұл экономикамыздың тұрақсыз екендігін көрсетіп тұр, - деді өз сөзінде қоғам белсендісі.

Автордың видео үндеуін оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік.