Шымкенттің 2200 жылдығын ЮНЕСКО мақұлдады

Белгілі тарихшы, археолог — Бауыржан Байтанаев Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар деп қуана жар салды.

17 жыл бойы Шымкент қаласына зерттеу жүргізіп, құнды деректерді ЮНЕСКО-ның қарауына ұсынған болатын. 2019 жылдың 28-қарашасы күні ЮНЕСКО-ның бас конференциясы халықаралық күнтізбеге екі бірдей датаны енгізіп отыр.

Келер жылы ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шымкенттің 2200 жылдық тарихын тойлау мақұлданды. Францияның Париж қаласынан жеткен бұл қуанышты жаңалықпен Бауыржан Байтанаев бөлісті.