Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз!

Есімі елімізге белгілі азамат, «Ақ жол» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы, кәсіпкер, полковник Әлімхан Досыбайұлы мен Майра Тәжімаханқызына ұлдары Тұранның  шаңыраққа аққудай Балжәннат келінді түсіргеніне қуана құтты болсын айтамыз. Тұран баламыз атына сай тұлғалы ер болып, Балжәннат келін екеуі құрған Ақ отауларына Алла жар болып, шаңырақтары биік, босағалары берік, керегелері кең болсын!  Тәуелсіз Қазақстандағы Мерекелі де, Берекелі отбасы болсын!   Бақыт құсы қонса баққа – саяға, Қуанбайды қандай әке, қай ана?! Тұран десе, атыңа сай ер болып, Балжәннаттай аққуыңды аяла!   Азаттығын сүйіп Ұлы даланың, Ұлтың үшін арналсын тек бар әнің. Аталарың Алашқа еңбек еткендей, Қазақ атын шығара бер қарағым!   Тұран деген елді ақындар жырлады, Ер болады тұтас Тұран ұлдары. Лайық боп әкең қойған атыңа, Азаматқа айналыңдар тұлғалы   Арман тауға аттандыңдар ат мініп, Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік! Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым Дастарxанға жайылған соң тәттілік!   Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып, Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып. Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз, Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік   «Қазақ үні» газеті мен Ақжолдықтар атынан Ақ тілекпен, Қазыбек Иса qazaquni.kz