Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!

345
0
Бөлісу:

а

Қадірлі Нұрлан мен Қынаш және құрметті құдалар! Алақандарыңа салған аққуларың, атына сай Арайлым
қыздың Ақ отау құрғаны құтты болсын! Арайлым мен Әнуардың көтерген шаңырақтары биік,
босағалары берік, керегелері кең болсын!  Алар асулары Алатаудай биік, шаттықтары Шардарадай шалқар болсын! Егеменді еліміздің Мерекелі де, Берекелі отбасы  болсын!  Алла жар болып,  жолдарың ашық бола бергей!

Бақыт жайлы айтылатын ән дайын.
Арайлым қыз, ашылсын ақ маңдайың!
Ата-ананың аялаған мәпелеп,
Ақ үмітін ақтай білгін  әрдайым!

Ақ тілектер ақ қанатын жаяды.
Алашыңның аруы бол аялы.
Аналардың шашып елге шуағын,
Бабалардың салтын ұста саялы.

Ел сендерге үмітпенен қарайды,
Қуандыра бер екеуің талайды.
Арайлым қыз, атыңды бос қоймаған-
Әр күндерің бола берсін Арайлы!

Арман тауға аттандыңдар ат мініп,
Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік!
Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым
Дастарxанға жайылған соң тәттілік!

Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып,
Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып.
Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз,
Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!

Ақ тілекпен,  нағашылар атынан,

Қазыбек – Жәннат

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

13 − он =