Африка Солтүстікке көшіп келді

530
0
Бөлісу:

Қызылжардың қақаған аязында тропикалық жемістер мол өнім беріп жатыр. Ботаникалық бақта банан мен лимон биыл солтүстік тұрғындарын ерекше таңғалдырды. Кезінде Кубаның ауыл шаруашылығы министрі сыйлаған екі түп ағаштан шыққан лимонның біреуінің салмағаның өзі бір келіден асады.

Қызылжардағы ботаникалық бақтың құрылғанына бір ғасырдан асты. Сол уақыттан бері тропикалық жемістер биылғыдай мол өнім беріп көрмеген екен.  «Биыл банан көп шықты. Бұл банан «Патшаның бананы» деген сортқа жатады. Өте тәтті. Біздің елде мүлдем сатылымда жоқ. Лимонның қос түп ағашы солтүстікке осыдан елу жыл бұрын жеткізілген», – дейді академик Равиль Рязапов. Ол кездегі жас пионер Равиль Рязаповқа оны Кубаның ауыл шаурашылығы министрі сыйлапты. Алғашқыда Қызылжарды жерсінбеген ағаш араға жарты ғасыр салып жеміс беріпті. Бір түйір салмағының өзі бір келіден асады. Сирек өсетін жеміс ағаштарының жерсінуі Африканың солтүстікке қоныс аударғанымен бірдей болды дейді мамандар. Қазір ботканикалық бақ толық қайта жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстарына 150 миллион теңге бөлінген.

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

бір × бес =