Азат Перуашев: Ірі шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасына салмақты үлес қосуы керек

Бөлісу:

Азат Перуашев 29 қарашада Мәжілісте «Атамекен» ҰКП-мен кездесуде сөйлеген сөзінде: «Ірі шетелдік инвесторлардың Қазақстан экономикасына салмақты үлес қосуы керек», – деді.

Сондай-ақ, депутат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдаудағы орта бизнесті қолдау туралы тапсырмасының өзектілігіне тоқталды. «Себебі, соңғы 10 жылда орта кәсіпкерліктің саны 3,5 есе күрт төмендеген», – деп түсіндірді А. Перуашев.

Бұл мәселені шешу жаңа кәсіпорындардың жаппай пайда болуын талап етеді. Табиғи ресурстарды өңдеудегі үлкен қорлар мен алпауыттардың жабдықтар сатып алу мен сервистік қызметтерді қазақстандық серіктестерге беруі жасырылған.

Бұл жерде еліміздің Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ірі инвесторлар алдындағы қабылдаған келісім-шарт міндеттемелері тежегіш фактор болып отыр. Алайда, қаншама жылдар бойы көптеген шетелдік компаниялар біздің табиғи ресурстарымызды толығымен пайдаланды.

«Шетелдік тауар алпауыттарының Қазақстан экономикасын дамыту мен модернизациялауға неғұрлым белсенді қатысуын, олардың өндірісі мен көрсететін қызметінде Қазақстанның үлесін арттыру мәселесін көтеретін кез келді.

Мәселен, ширек ғасыр ішінде барлық инвесторлар мен шетелдік мердігерлер жұмысшыларды әлемнің әр түкпірінен тартпай-ақ, қазақ жастары үшін қажет мамандар мен менеджерлерді дайындай алады. Тіпті жергілікті кәсіпкерлерге қажетті құрал-жабдықтар өндірісін құруға көмектесе алады» деп санайды Азат Перуашев.

Осыған байланысты ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 13 қарашасында Қытайдың CNPC басшылығымен кездесуінде қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау мәселелері көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Үкімет пен Энергетика министрлігі КРО-дағы Қазақстанның үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі.

«Ақ жол» партиясы ұлттық экономикалық мүдделерді қолдау бағытында осындай бастамаларды қолдайды. Бұл мәселе Үкімет пен «Атамекен» ҰКП-ның басым бағыттарының бірі болуы керек деп санаймыз», – деді А.Перуашев.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Ұлмекен 29 Қараша, 2019 22:04 Жауап

    Ақ жол партиясы халыққа қызмет ететін партия . Алаш үкіметін зерттеуімен,қазақ тілінің мәселене тоқталумен келеді

Пікір немесе жауап жазу

4 × төрт =