Алматыдағы атышулы тиін қайта жаңартылуы мүмкін

293
0
Бөлісу:

Алматыда орналасқан тиіннің мүсініне қатысты шешім желтоқсан айында қабылданады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды 24.kz.

«Бәрін де тиін мәселесі бәрін қызықтырады. Барлық мәселе тиінге тіреліп жатса, мен оған қуанамын. Яғни басқа тірлік пен жұмыстың бәрі орында, жұрттың көңіл-күйі орнында. Тиін мәселесі – жеке жоба. Ол сабаннан жасалған, қазір тозығы жеткен. Қазір оның үсті брезентпен жабылып тұр. Сол жеке жобаның жетекшілері қазір біздің басқармаға шығып, өздерінің ұсыныстарын айтып жатыр. Қалай жандандыру мәселесі бойынша», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Айтуынша, қандай шешім қабылданатыны тұрғындардың келісіміне байланысты.

«Енді желтоқсан айында жоба ұсынылып, сондағы тұрғындармен келіссек, онда бізде қарсылық жоқ. Өзара келіспесек, басқа шешім қабылданады», – деді қала әкімі.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

жиырма − 5 =