Сот Әбішевті күзетпен ұстау шарасын өзгертпеді

3056
19
Бөлісу:

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Ислам Әбішев ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Сот барысында судья Қажымұқан Мекемтас адвокаттардың Әбішев пен Түкиевті «күзетпен ұстау шарасын өзгерту туралы» өтінішін қанағаттандырмады.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігіне сот залынан белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт хабарлады.

Судья «күзетпен ұстау мерзімі 15 қыркүйекте біткен және ол дер кезінде создырылмаған» деген адвокаттардың өтінішіне негіз жоқ екенін айтты. Адвокаттардың айтуынша, судья қылмыстық-процессуалдық кодекстің 342-бабына сілтеме жасады, алайда  бұл бап мүлде басқа негізді қарастырады екен. 

– Сіз біздің айғақтарымыздың бірін де қарамай отырсыз. Өз құзіретіңізді асыра пайдаланып отырсыз, заңды белден басып отырсыз, бұл сіздің жекеменшік сотыңыз емес, бұл мемлекеттің соты. «Мен айттым, мен шештім» дегеніңіз жүрмейді, заңмен негіздеп беріңіз. Сіздің бұл шешіміңіз арқылы сот ретінде жеке өз басыңызға ғана емес, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіріп отырсыз!.. Сіз түсіндіруге, сілтеме жасауға міндеттісіз!.. – деп мұндай Қаулы шығарудың себебін сұраған қорғаушыларға судья сот «320, 344-бапқа сәйкес сот қаулы етті» деп ғана қысқа қайырды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 19 пікір жазылған

  1. Мамбет 27 Қараша, 2019 16:42 Жауап

    Ислам Абишев ти бостандыкта жайгана жиберуи киындау екени коринип тургой!сот калайда болса ? Оким шыгарып ,срок беретин нускау алган секилди.сол ушин,Ол адамга дайын болу керек ,жуе сондай! Ал И.Абишев уагында Сол жуенин мушеси болдыгой? Бирин бирин, тиридей жейтин заманда келип калды ау?

  2. Мәмбет Құрманбаев 27 Қараша, 2019 17:33 Жауап

    Сауатсыз тәуелді соттардың өрескел әрекеті тағыда тәуелділікке әкеліп соғуда. Судья Мекемтас тәуелді екенін көрсетуде. Ислам Әбішевті үйқамаққа шығармағаны өкінішті ақ! Еліміздің тәуелсіз соттары мына тәуелді соттардың өрескел әрекетін өзгертіп Ислам Әбішевтің ісін қысқартып бостандыққа шығуын толық қолдап түрмеден босатуын күтеміз!

  3. АЙША 27 Қараша, 2019 21:08 Жауап

    Бұл сотқа Əбішев құдды бір террористей болды ғой. Бұл не масқара? Тағы бəрі заңсыз. Бостандыққа шығаруды талап етеміз Əбішевті.

  4. Еркеназ 27 Қараша, 2019 21:10 Жауап

    Пара алуға оқталды деген желеумен арыстай азаматтың тағдырына балта шаппақ па сонда? Өмір алма кезек біле білсеңдер. Ойланыңдар əлде де. Бостандық беріңдер қос азаматқа.

  5. Малика 27 Қараша, 2019 21:13 Жауап

    «Айналайын» судьялар жер мен көкті тіреп тұрғандай болмаңдар. Дүние алма кезек деген. Атаңа не қылсаң алдыңа сол айнымай келетінін ұмытпаңдаршы, Əбішевке бостандық.

  6. Қарақат 27 Қараша, 2019 22:50 Жауап

    Тоқтатсын күзетуді. Бұл не сұмдық? Қашанға дейін тастүрмеде азаптамақ?Əбішев көкеме жар бола көр!

  7. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 22:06 Жауап

    Тар жол тайғақ кешкен жылдарда арыстарымыз Сталиндік режимнің құрбандары болып еді. Сол кездегі жала жабу, тергеу амалдары, сатқындық қазіргі қоғамда көрініс табуда.

  8. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 22:08 Жауап

    Тағылған айып пара алуға ұмтылды деген елеу, түккн тұрмайтын жаламен атпалдай азаматтың тағдырына балта шабуда

  9. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 22:11 Жауап

    Ел үшін ерең еңбегін жер қылуда жала жауып, оған қоса қоғамға қауіпті қылмыскердей ұстауда.

  10. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 22:14 Жауап

    Судяның әрекеті оның тапсырыспен отырғанын тағы көрсетіп отыр. Бұл бассвздыққа қашанға қарап тұруға болады?!

  11. Лиза 28 Қараша, 2019 22:46 Жауап

    Бізде сонда адамның құны болмағаны ма? Құдды бір қажет емес ыдысты сындыра сал дегендей болып, қамата салып, соттай сал деп тапсырыс берудің бізде соншалықты оңай болғаны ма?

  12. Қарақат 28 Қараша, 2019 22:50 Жауап

    Халықаралық сотта еліміздің сот жүйесінің шынайы бейнесін ашу керек, тез арада. Немесе бостандық Əбішевке.

  13. Сания 28 Қараша, 2019 22:51 Жауап

    Бұған дейін Елбасы өзі арашалап аман алып қалған Əбішевке енді Тоқаев араша болады деген ойдамыз.

  14. Гүлім 28 Қараша, 2019 22:53 Жауап

    Ең болмаса пара алғанын дəделдеп барып соттаса да ештеңе демес едік.Еш дəлелсіз соттау барып тұрған заңсыздық…

  15. Фариза 28 Қараша, 2019 22:56 Жауап

    Еліне сіңірген ерен еңбегі ойға оралғанда Əбішевтің ішің удай ашиды екен. Асыл азамат, Есіл Ер! Бостандық сұраймыз!

  16. Ғазиза 28 Қараша, 2019 22:59 Жауап

    Күзетпен ұстау əлдеқашан бітіп қойса, Əбішевті босатуы керек. Талап етеміз əділ сот пен əділ судьяны…

  17. Марал 28 Қараша, 2019 23:00 Жауап

    Ел аман жұрт тынышта мұнысы несі елім деген азаматты азаптап.Алла жазасын өзі береді.Еркіндік Əбішевке.

  18. Мария 28 Қараша, 2019 23:04 Жауап

    Алдымызда желтоқсан. Халықтың ашуымен, ызасымен ойнамаңыздар. Көңілі алаң боп отырған Əбішев ісінің шешіміне байланысты халық шеруге шығып кетпесін. Бостандық!!

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − 13 =