Мырзагелді Кемел: Ислам Әбіш мемлекеттің мүлкін қорғаушы ретінде тарихта қалады

2234
14
Бөлісу:

Кеше, 26 қараша күні наурыздың 14-ші жұлдызында қамалған Су ресурстары комитетінің төрағасы

Ислам Әбішевтің сотында қатысқаннан кейінгі хат:
Ислам інім!
8,5 ай болды, Сізді нақақ жаламен тергеу изоляторында ұстағалы.
Сізге тағылған айып – пара алуға оқталғаны деп аталса, оған ешуақытта келісетін себеп жоқ екенін Өзіңіз және білімді, білікті адвокаттарыңыз дәлелдедіңіздер. Жаныңыздағы спортшы Тукиев сізге қосымша болу үшін ғана отыр.
Қойылған айып – шалажансар құрастырылғандықтан қоғам алдында әшкере болды. Бұл сот процесінде ондаған рет дәлелденді және оған соттаушы судья мен айыптаушы прокурор ешқандай қарсы пікір айта алмай, «тексереміз, салыстырамыз» деп құтылуда. Бұлар әділет үшін берген антын, өздерінің ары мен ұятын жүйенің жемқор тарапына құл болуға айырбастағандар екенін көрсетті.
Сіз мемлекеттің мүлкін қорғаушы ретінде тарихта қаласыз, оған көзі ашық, көңілі ояу, шыншыл адамдардың бәрінің көздері жетті.
Бұдан былай істі соза беруде ешбір мағына қалмаса да, істі бастаған, дәлелдер келтіргенсымақ болғандар ұтылды, ел алдында масқара болуда және бұл оқиға тарихтағы «қара таңба» ретінде әлі талай сөз болып, оқулықтарға енері хақ. Тапсырма беріп, тасада тұрғандардың аттары да аталар әлі. Олар оп-оңай қолдарына алғалы тұрған мол табысынан айрылып қалғанына ызалы шенеуніктер. Сізді қаралап арыз жазуға, өзі сотқа тартылған адамды таңдағанда, заң алдында жауапкер, ниеті таза емес, құрбандыққа өз еркімен баруға мәжбүр адамды тапқан. Барлығы ойластырылған, бірақ ақшаны берудің жолы жабық болған.
«Мен Өскеменнен өзгеріп оралдым» деп едіңіз. Рас еді. Таза едіңіз.
Ауыр салаға келгеніңізде, Сізді танып, бағалап кемеңгер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдады. Бұл – үлкен жетістік. Елбасының өзінің серіктес азаматтарын шақырып: «Мен Президенттік лауазымнан бас тартқалы отырмын», – деген күні Сізді ұстап әкеткені – бұл істің алдын-ала ойластырылып, 4-5 жылдан бері өшігіп жүргендердің ісі екеніне дәлел. Олар нақ сол күні жасауға асыққаны сонша, берілуі тиіс пара адреске жетпей тұрып, қамау мен тергеуді бастап жіберіп, бүгінде масқарасы шығып отыр. Пара бар, берген адам да, алған адам да жоқ. Бұл – Жақсыбек Күлекеевтің «пара алуынан» да дөрекі түрдегі озбырлық.
Сіз осы 260 күн ішінде Өзіңізді сабырмен, әдеппен, иманды ұстап келесіз.
Дегенмен шаршағаныңыз жабырқаулы жүзіңізден көрінгенде бұл процесс тезірек бітсе екен деп тілеп жүрміз. Өйткені тапсырмамен (тапсырыспен емес), арнайы, қасақана ұйымдастырылғаны көрініп тұрған бұл істе сот пен прокурор тарапынан қалайда соттауға (жазығыңыз жоқтығын біліп тұрса да) бет алғаны анық. Өйтпесе тапсырманы орындамағандар ретінде жұмысынан айрылады.
Сіз екеуміз ағайындас болғандықтан ғана немесе екеуміз де аграрлық экономика салаларын жетік білгендіктен ғана емес, Сіздің адалдығыңызға, шыншылдығыңызға, мемлекет ісіне әбден берілгендігіңізге риза болғандықтан да мен сізбен біргемін. Бір мақаламда Ғабит Мүсіреповшілеп: «Ислам жау болса, мен де жаумын» дегенмін.
Шын достық пиғылым – осы! Бұл – менің діңгекті ұстанымым!
Мен Сізге сенемін!
Сіз – отбасыңызға, бізге, елге керексіз. Денсаулыққа қараңыз. «Нар түйеге оқ тисе, Жай түйедей бақырмас, Артқы аяғын бір сілкер,- дейді Адайлар. Осы қалпыңызда өзіңізді сақтаңыз. Жігеріңіз жасымасына сенеміз. Біз – сізбен біргеміз! Шыдаңыз. Жеңіс – біздің жақта.
Ағаңыз Мырзагелді КЕМЕЛ

26 қараша 2019 ж.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 14 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 27 Қараша, 2019 14:20 Жауап

    Некен саяқ мұндай елге, мемлекет қаржысы мен еңбектің өнімдігін ұқыптылықпен үнемдеп қазынаға артық қаражатты қайтаратын жан ! Ислам Әбішев бауырымызға Одақтың кезінде Еңбек Ері атағын беріп ұлықтаушы еді, ал егемен ел болған кезде ұлықтаудың орнына жасы зейнетке шығар алдында жала жауып, артынан итпен айтақтап түрмеге қамап азаптауда. Міне біздің егемен ел болғанымыз. Қанша бір қилы ауыртпалық көрседе рухы биік, ары таза Ислам ініміздің орны төр мен елдің ардақты ұлы ретінде қала береді!

  2. Айбын Аргын 27 Қараша, 2019 15:26 Жауап

    Елдің игілігі жолында талай биіктерден көрініп, халықтың қазынасын ұқыптылықпен үнемдей білген атпал азаматқа араша түскен Мырзагелді Кемел ағамызға мың алғыс!!! Ешқандай қылмыстық іс қозғалмаса да, көпе-көрнеу жала тағылған адамды осыншама қорлау адамның басына сыймайтын өте жайсыз жағдай. Егемен ел болып, құқықтық әрі азаматтық қоғамды дамытамыз деген тұста осы істің басы-қасында жүруі әрі жүзеге асыруға үлкен ықпал ететін құқық қорғау органдары мен биліктің бір тармағы – соттың халық пен бұқаралық ақпарат құралдарының, қорғаушылардың айтқан дәлелдеріне пысқырып та қарамағаны көңілге кірбің шалдырады. Әділдік қашанда биік тұрады деп сенеміз!!! Елі үшін қызмет еткен Ислам Әбішев ағамыз бостандыққа шығуы тиіс. Бұл елдің талабы, халықтың талабына назар аударар деген үмітіміз бар.

  3. Гүлмира 27 Қараша, 2019 20:44 Жауап

    Мырзагелді Кемел аға, кезекті рет кемелдігіңізді көрсеттіңіз! Алла разы болсын! Қапаста жатқан қазақтың қара нары Ислам Əбішев ағамызды қолдасаңыз, Жаратушы иеміз Сізді қолдасын!

  4. Қарақат 27 Қараша, 2019 20:46 Жауап

    «Болар елдің баласы бірін бірі батыр дер» демекші жүрегіңізден айналдым елжіреген. Мөлдіретіп жазыпсыз… Алла қолдап, Ислам ағамыз отбасына аман есен оралсын!

  5. Эльмира 27 Қараша, 2019 20:51 Жауап

    «Нар түйеге жүк түссе, Жай түйедей бақырмас, Артқы аяғын бір сілкер» деген Адайлар сөзі кез-келген адамға рух береді екен. Рухыңыз мұқалмасын, жігеріңіз жасымасын. Бостандық Əбішевке.

  6. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 12:28 Жауап

    Болар елдің баласы бір бірін батыр дер. Исалм Алмаханұлын көп адам жақтап ол туралы жақсы пікірде. Ел жақтаған азамтты қалайша қаралап түрмеге жаппақ. Әділдік қайда?

  7. Алмас әсемханұлы 28 Қараша, 2019 12:30 Жауап

    Елдің игілігі үшін еңбек еткен, халықтың қамы үшін қажырын жұмсаған азаматты қолдаған бауырларға ризамын.

  8. Алмас Әсемханұлы 28 Қараша, 2019 12:34 Жауап

    Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос. Ислам Әбішке Еліміздің түкір-түкпірінен қолдауы жақсылықтың нышаны.

  9. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 12:36 Жауап

    Бүл жүйе елге еңбегі сіңген мықты мамандарды сақтамай отыр. Жалақорлар мен ұрылардың тайрандауына жол беруде.

  10. Гүлмира Садық 28 Қараша, 2019 23:11 Жауап

    Ислам аға мықты болыңыз! Сіз отбасыңызға керексіз.Ерім деп ет жүрегі езілген еліңізге керексіз.Аман болыңыз… Бəрі өтеді… Бар болыңыз, Нар болыңыз

  11. Алмас Әсемханұлы 29 Қараша, 2019 12:16 Жауап

    Мемлекеттік қаржыны құзғыш құстай қорғаған Исалм Алмаханұлы түрмеге емес құрметке лайық.

Пікір немесе жауап жазу

1 × бір =