Ел тірегі – Елбасы

332
0
Бөлісу:

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

Алматы көпсалалы колледж кітапханасында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы туралы «Бала Нұрсұлтан», «Менің Тұғыш Президентім», «Елбасы кітаптары – ел мұраты» және «Елбасы туралы біз білмейтін қызықты деректер» тақырыбында баяндамалар және презентация дайындап, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің басты жетістіктеріне тоқталды.
Іс-шараға «Есеп және Аудит» мамандығының 3 курс студенттері және «Дизайн» мамандығының 2 курс студенттері белсене қатысты. Шара барысында кітапханада «Елбасы – ел тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көпсалалы колледж деген атының өзіне лайықты білім беру мекемесінің жан-жақты екенін ескере отырып, көрмеде Елбасының өмір жолы, тоқсаныншы жылдардан бастап аймаққа жасаған әрбір сапарынан сыр шертетін кітаптар қойылды. Сонымен қатар, Елбасымыздың ірі өндіріс ошақтары мен өзге де маңызды нысандармен танысып жүрген сәті бейнеленген суреттері, «Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Қазақстан халқына арнал­ған Жолдауы» және «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті» атты электрондық кітапханадағы мәліметтер базасына кірген Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметтік жолы туралы библиографиялық жазбалар ұсынылды.

Гүлнара Жанатқызы
Алматы көпсалалы колледж
кітапханасының меңгерушісі

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

4 × төрт =