ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛМАҒАН АДАМДЫ ҚАЛАЙ СОТТАУҒА БОЛАДЫ?!.

1159
16
Бөлісу:

ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевқа
АШЫҚ ХАТ

Құрметті Президент мырза!

Қысқаша істің мәні. ҚР Ауылшарушылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің үстінен 2019 жылдың 14-наурызында А.Шәймерденов дегеннің арызындағы 2014 жылғы және 2018 жылғы екі эпизод (оқиға) бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі түрлі айып тағылып, ол қамауға алынады. 2015 жылдан бергі тәртіп бойынша қылмыстық іс қозғалу үшін әр эпизод сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде (СТБР немесе орысша ЕРДР) жеке тіркелуі тиіс. Тергеуші 1-ші эпизод бойынша мағлұматты Реестрге тіркейді, ол іс қылмыс құрамы болмағаны себепті 30-шілде күні қысқартылады. Ал, 2-ші эпизод бойынша тіркелмей, ұмыт қалады, бірақ, алдын-ала тергеу ісі жүргізіле береді, ол бітіп, 14-қазаннан бері сот тергеуі жүріп жатыр. Оның тіркелмегенін қорғаушы М.Есқараев жақында байқап, «қылмыстық іс қозғалмаған соң тергеуге де, сотта қарауға да болмайды, И.Әбішевтің ісі осы жерден қысқартылуы тиіс» деп, сотқа өтініш түсіргенімен, судья оны қарау үшін кеңесу бөлмесіне де кеткен жоқ, «үкім шығарарда сот актісімен бірге қараймын» деп кейінге қалдырды…

Құрметті Президент!

Қорғаушылардың пікірінше, бұл – жай ғана заң бұзушылық емес, бұл – заң жүйесін түбірімен шайқайтын, жаман үлгі (прецедент) тудыратын өте қауіпті құбылыс. Судья мен прокурор «қылмыстық-процестік кодексте іс тіркелмеген жағдайда не істелуі керектігі жайлы ешнәрсе жазылмаған» деуі мүмкін. Біріншіден, заң шығарушылар өмірде не боларының бәрін алдын-ала болжап білетін көріпкелдер емес, ал, тергеуші істі тіркемей кетуі, судья мен прокурордың оған көз жұма қарауы мүмкін-ау деген жорамал олардың ойына үш ұйықтаса да келмейді ғой! Екіншіден, осындай шектен шыққан оқиғалардан кейін барып заңдарға өзгеріс енгізілмей ме?

Сот процесінде (!) орын алып отырған заң бұзушылық жалғыз бұл емес. Сөзіміз жалаң болмасын: «Істі қарап жатқан судья Қ. Мекемтас Сот өндірісінің тілін – қазақша білмейді. Біз оның қазақ тілін білмейтінін дәлелдейік деп қарсылық берсек, қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын А.Шаяхметова деген тағы бір судья келеді де: «Жоқ, ол қазақша жеткілікті біледі» деп қайтадан тағайындап кетеді. «Тілден бөлек процесстік заң нормаларын да білмейді» деп шағым берсек, оны судья Мекемтастың өзі қарап, «сендердің өтініштерің қанағаттандырылмайды» деп өзі шешім шығарады» дейді қорғаушы Абзал Құспан.

Ол ол ма, сол судья А.Шаяхметова қаулы қабылдағанда сот құрамын дұрыс айтпай процестік заң бұзушылыққа барады, қаулыны сайтқа салғанда мәтінді түзетіп қойып, заңды тағы бұзады, ал, ол ертеңгі апелляциялық алқада осы жүргізілген сот тергеуін түгелдей заңсыз деп тануға негіз болуы мұмкін

деп, қорғаушылар оған қарсылық білдірсе, «сіздердің маған қарсылық білдіруге хақыларыңыз жоқ» деп, бірақ, сөзін заңмен негіздеп, дәлелдей алмаса да кетпей отырып алады. Ал, судья Қ.Мекемтасқа неге қарсылық білдірілгенін өздері оған да қарсы қорғаушылардан сұрап, анықтай алмағанмен, судья А.Шаяхметова Қ.Мекемтастың өзінен ғана сұрап алып, «қарсылық көрсетуге негіз жоқ» деп қаулы қабылдайды. А.Құспан: «Мен мынадай заң бұзушылықты 20 жыл қорғаушылық практикамда кездестірген жоқпын, тіпті не айтуды білмеймін» дейді.

Бұл жазғанымыз қылмыскердің амалын тауып, әділ сот құрығынан құтылып кетуі үшін жасадып отырған қадам емес. Мүлдем керісінше! Бүгінгі таңла куәлер сұралып біткен сотта «айыптау жағынан келген 20-ға жуық куәгердің барлығы (А.Шаймерденовтің өзінен басқасы) Ислам Әбішевтің пайдасына жауап беріп, тергеушілердің қитұрқылықтарын әшкере етті» дейді қорғаушы А.Құспанов. Тергеушілер жалған құжат (фальсификация) жасағаны жайлы (оның біреуі күдіктіні қамауға санкция алу үшін) – 2 өтініш, судьяға қарсылық (отвод) білдіру туралы – 3 өтініш, прокурорға қарсылық білдіру жайлы – 2 өтініш, жалпы 16.11.2019ж. дейін 23 өтініш білдірілгенмен, соның 18 қанағаттандырылған жоқ, 2 ашық қалдырылды.

Құрметті Президент!

Заң ғылымының докторы, профессор, екі дүркін Парламент депутаты Қабылсаят Әбішев: «Қазақтың билері істі ар-ұятпен шешкен. Оларда кодекс болған жоқ. АҚШ сотында кодекс жоқ. Судья оларда – құқықтың мән-мағынасын түсіндіруші. Оның үкім шығарардағы құқықтық негізі – адамгершілік нормалар. Оның шешімі үлгілі (латынша – классикалық) болып шықса, басқа судьялар соған сілтеме жасап отырады» дейді. И.Әбішевтің ісінің тіркелмеуі осындай прецеденттің нақ өзі.

Мен сізден ҚР Конституциясында жазылған «барлық биліктің бастауы – халықтың» бір өкілі ретінде жазықсыз жанның әділетсіз сот шешімінің құрбаны болып кетпей, іс әділдікпен шешілуі үшін әрбір судьяны жеке тағайындайтын ҚР ПРезиденті ретінде мына іске араласуыңызды талап етемін. Талабым біреу ғана: сотты әділ, қазақ тілін жақсы білетін судья жүргізсін. Біз сот процесінде жоғарыда бір шеті ғана көрсетілгендей, заңның белден басылуына қарап, оның артында И.Әбішевтің «1трлн.бюджет теңгесін үнемдеуін» кешіре алмаған құдыретті тұлғалар тұр деп күдіктенуге мәжбүрміз. Айыптау фактілерінің бәрі сотта жоққа шығарылып жатқан кезде, істің тіркелмеуі судья мен прокурорға абыройын сақтап, сыпайы түрде бұл тұйықтан шығып кетулеріне мүмкіндік туғызып еді. Олар оған бара алмады, қолдарында тұрған мүмкіндікті пайдаланбады. Себебін, ашып айта алмасақ та, бәріміздің ішіміз сезіп отыр. Бұл хат сіздің қолыңызға жеткізілмеген күйі үкім шығарылатын болса, біз хадықаралық соттарға жүгінетін боламыз. Онда еліміздегі сот билігі бар абыройынан айрылады, ол кезде өкінгенмен кеш болады.

Енді ең болмаса Сіз қазақтың сот жүйесі әлем алдында қас масқара болуына жол бермеңіз.

Бұл жалғыз менің ғана емес, бәріміздің де, қалың халықтың да талап-тілегі деп білемін. Сіз Конституция бойынша халық құқығының бұзылмуының кепілісіз. «Әлем күйресе күйресін, бірақ, әділет салтанат құратын болсын» деген көнеримдіктер. Өйткені, әділдік күйреген жерде әлемнің ертелі-кеш бәрібір күйрейтініне көздері жеткен соң айтқан. Одан бөлек «әділ патша тұсында өмір сүр» деген бабаларымыз. Әділдік орнауы осындай жекелеген оқиғалардан басталады.

Құрметпен,

Өмірзақ Ақжігіт,

тәуелсіз журналист

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 16 пікір жазылған

  1. Айбын Аргын 26 Қараша, 2019 17:29 Жауап

    Қылмыстық істі қозғамай-ақ түрмеге қамай салып, адам тағдырын ойыншыққа айналдырған сотты және барлық қадағалау және құұқық қорғау органдарын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза қолға алып, істі оңынан шешілуіне ықпал етер деп сенеміз!!!

  2. Мәмбет Құрманбаев 26 Қараша, 2019 18:12 Жауап

    Қылмыстық іс қозғамай ақ адамдарды түрмеге тоғыту біздің елде бой алған дерт болды ғой. Тіркеусіз іспен тәуелді соттардың өрескел әрекетін Жоғары Соттың төрағасы Жақып Асанов пен Бас Прокурор Ғ Нұрдәулетов мырзалар қатаң түрде қадағалап Ислам Әбішевті түрмеден босатуын талап етеміз!

  3. Айбын Арғын 27 Қараша, 2019 14:59 Жауап

    Қылмыстық іс тіркелмесе де, адам тағдырын тәлкекке салған Прокуратура мен сот органдарының заңды белден басуын бір тоқтатса, Президент тоқтатар деп сенеміз!!! Жалған куәгерге ғана иек артқан айқын дәлелсіз соттауға құлшынған қадағалау органының құйтырқы әрекеттері әшкереленіп, әділдік жеңер деген үмітіміз бар.

  4. Гүлім 27 Қараша, 2019 21:41 Жауап

    Қылмыстық іс жоқ. Мүлде тіркелмеген. Сонда деймін ау қандай сотты өткізіп жатыр бұл пəтшағарлар. Алла өзі жазасын берсін!Бостандық!!!

  5. Айнаш 27 Қараша, 2019 21:48 Жауап

    Тоқаев президенттікке келгенде халық пен билік арасында бір жылылық орнап, тығыз байланыс пайда болғанын көзі қарақты оқырман аңғарып отырғаны анық. Ислам Əбішев ісіне бей-жай қарамай, оң шешім шығаруына ұйытқы болады деп сенеміз.

  6. Аяла 27 Қараша, 2019 22:18 Жауап

    Ел Президенті Тоқаев бұл істен хабардар болса, міндетті түрде оң шешімін шығартады. Біз бұған сенімдіміз! Əбішевке еркіндік!

  7. Гүлім 27 Қараша, 2019 22:29 Жауап

    Осыған дейін жеткізбей баяғыда-ақ Халықаралық соттарға жүгініп, біздің соттың бетпердесін ашу керек еді. Ислам Əбішевке бостандық!

  8. Мәмбет Қ 29 Қараша, 2019 16:54 Жауап

    Біздің мемлекеттің үздік тәжірибесі ғой ! Қылмыстық іс қозғамай ақ адамдарды түрмеге тоғыту. Тіркеусіз жалған іспен қамап азаптау, өрескел әрекетке бой алдырып заңды белден басу. Әділдік болса, сотымыз тәуелсіз болса Ислам Әбішев түрмеде емес бостандықта болуы керек еді! Әділдік пен тәуелсіздік түбі бір жеңері анық!

  9. Айбын Арғын 29 Қараша, 2019 18:13 Жауап

    Иә, оныңыз рас. Әлемнің ешбір елінде болмайтын, яғни қылмыстық істі қозғамастан соттап, адамды қамауға алып ешбір дәлелге пысқырып та қарамай өз білдігімен тон пішетін сот тек бізде ғана бар!!! Бұл шындық!!!

  10. Qyr balasy 29 Қараша, 2019 21:40 Жауап

    Қылмыс құрамы анықталмаса да, дәлелденбесе де бұлар кез келген адамды соттай береді.

  11. Qyr balasy 29 Қараша, 2019 21:44 Жауап

    Сталиндік режимнің тәжірбиесімен адамдарды тергеп, мойныны кез келген баппен істі соттайды.

  12. Алмас әсемханұлы 29 Қараша, 2019 21:47 Жауап

    Жоғарғы сот істі өз қарауына алып іске әділ бағасын берер. Заң бұзушылықтарға толы бұл іс оң шешімін табар.

  13. Алмас әсемханұлы 29 Қараша, 2019 21:49 Жауап

    Істі дербес заңгерлермен құқықтық бірлестіктерге беріп құқықтық сараптама алып тиісті құқықтық бағаберу керек. Бұл соттан қайыр жоқ секілді.

Пікір немесе жауап жазу

17 + сегіз =