Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы дүниеге келген. Социологиялық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, ҚР Саяси ғылым академиясының академигі.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, ҰҚК төрағасы, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметтерін атқарған.

1-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.