Назарбаев: Тоқаевтың айналасына топтасу керек
Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында топтасып, саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттігін тағы да ескертті.
Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.
«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының өкілдерімен кездесу өткізуде. Сөз сөйлеу барысында елбасы партия мүшелеріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында топтасып, саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттігін тағы да ескертті», – деп жазды Үкібай Twitter-дегі парақшасында.