Еліміздің 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 қараша күні Ақмола облысында боран болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда да – боран. Бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Сондай-ақ Түркістан облысында да дабылды ескерту жарияланды. 25 қараша күні өңірде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда да қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 шамасында. Синоптиктер Шымкентте күндіз плюс 1 градус болады деп болжап отыр.