Ұлттық тестілеу орталығының экс-директорына қатысты үкім шықты

813

Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК экс-директоры пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры Рамазан Әлімқұловқа қатысты пара алды деген деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелген.

2019 жылы 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.