Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік- Президент Ержан Максимді құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Junior Eurovision ән байқауында жүлделі орынға ие болған Ержан Максимді құттықтады, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Президент twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында қазақстандық Ержан Максим екінші орынды жеңіп алған болатын.