ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖОҚ, АЛ, СОТТАЛУШЫ АДАМ БАР

3287
107
Бөлісу:

Бейбіт заманда өзінің миллиондаған отандасының түбіне жеткен «ұлы» Сталиннен мұраға қалған мынадай сөз бар: «Адам болса болды, «іс» табылады» (Был бы человек, «дело» найдется»). Біздің сот жүйесі «сталиндік сот жүйесінен» де озып кетті: қылмыстық іс жоқ, ал, бірақ, күдікті деп ұсталып, түрмеге қамалып, айып тағылып, сегіз айдан астам уақыттан бері тергеушілер мен сотқа жауап беріп жатқан адам бар. Сенсеңіз де осы, сенбесеңіз де осы!

Бұл жайлы кеше «пара алуға оқталды» деген баппен айып тағылған Ислам Әбішевтің Нұр-Сұлтан қалалық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотындағы кешкі сот отырысында мәлім болды. И.Әбішевтің қорғаушысы Мәкіш Есқараев судья Қ.Мекемтасқа мынадай ауызша өтініш айтты: «ҚР Қылмыстық-процестік кодексі бойынша қылмыстық істің әр эпизоды бойынша ЕРДР-да (Единый реестр досудебных расследований) тіркелуі тиіс. Бұл қылмыстық істі қозғауға негіз болады. Тіркелмеген жағдайда сотқа дейінгі алдын-ала тергеу жұмысын жүргізуге болмайды. 2015 жылға дейін тергеу орыны қылмыстық істі қозғау жайлы қаулы қабылдайтын, содан кейін барып тергеу ісі басталатын. Жаңа кодекске сай қаулының рөлін ЕРДР атқарады. ЕРДР-ге тіркеу – тергеу ісін жүргізуге заңды түрде рұқсат беретін құжат. Бұл істе А.Шәймерденов 21.12.2018 ж. екі факт бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз жазған. Сол арызында ол «И.Әбішев 2014 жылы Пресновка су қоймасында жұмыс істеуге СМП-610 мекемесімен шарт жасасу үшін менен 1 млн. доллар пара алды» деп және «2018 жылы И.Әбішев «Қазбайлық – Астана» мекемесінен 250 млн. теңге пара алайын деп жатыр» деп көрсетеді. Бірінші, Пресновка жайлы іс И.Әбішевтің ешқан­дай 1 млн. доллар алма­ғаны, А.Шәймерденовтің өзінің айтқандары өтірік екені белгілі болғаннан кейін «қылмыс құрамы анықталмағандығы» себепті қысқартылып тасталған. Ал, екінші эпизод бойынша ЕРДР жоқ! Яғни, қылмыстық іс қозғалмаған! Іс қозғалмаған соң, кейінгі тергеу ісінің бәрі заңсыз! Қылмыстық істің өзі жоқ болғаннан кейін, бұл іс осы кәзір қысқартылуы тиіс! Рас, кейде бірнеше эпизодты біріктіріп қарайтын жағдай кездеседі, бірақ, бәрібір, ол эпизодтың бәрі жеке тіркелуі тиіс. Жазықсыз жандардың қозғалмаған қылмыс іс бойынша бұдан былай да түрмеде отыра беруі деген, ақылға сыймайтын іс қой, құрметті сот!..»

Бұдан кейін сотқа қатысушылар өз пікірлерін айтты. Айыпталушы И.Әбішев: «Жарайды, біздің 31 шілдеге дейін, СМП-610 бойынша ісіміз қысқартылғанға дейін отырғанымыз дұрыс екен. Одан бергі отырғанымыз заңсыз екен ғой! Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі о баста «И.Әбішев ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды» деп жариялаған болатын. Кейін, менің жүзімді анық көрсетпей, пара алып жатқан жері мынау деп, ақша ұстаған басқа жердегі суретімді роликте тағы жариялады. Оның бәрі өтірік екені анықталып жатыр. Енді, құрметті сот, қылмыстық іс жоқ екен, ойланатын не бар? Алла-Тағаланың өзі келіп, қолымыздан ұстап босатып жібермесе, бұдан артық не керек енді?..»

Қоғамдық қорғаушы Е.Әбішев: «Құрметті сот, мынадай жағдайдан соң, жұрттың уақытын алып, өкіметтің ақшасын жеп, бәріміз жиылып осы жерде отыра бермеу үшін, сотталушыларды дереу босатуыңызды талап етемін. Ал, біз ертеңнен бастап, прокурор мырзаның құлағына алтын сырға, бұған кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін ертеңнен бастап іске кірісетін боламыз…»

Прокурор С.Сүлейменов: (Шынын айтсақ, тәртіп бұзып, алыстау отырған біз екі-үш рет «қаттырақ!» деп дауыстағанымыздан ешнәрсе шықпады, микрофонға сөйле­меген Прокурордың сөзінен бар ұққанымыз «өтінішті қанағат­тан­дыруға негіз жоқ» деген бір-ақ сөз болды. Себебі, прокурор муляж жайлы айтып кетті, оған судьяның өзі «муляж жайлы айтылып жатқан жоқ қой…» деп түзету жасауға мәжбүр болды).

Қорғаушы С.Жүнісбаев: «Бұл істе мүлдем екі бөлек екі оқиға қаралып отыр, прокурордың бір оқиға деуіне еш келмейді» деп, оның себептерін талдап көрсетіп берді. «Қаулының өзінде тек қана 2014 жылғы 1 млн. доллар ғана айтылған ғой, 2018 жыл, «Қазбайлық» жайлы бір сөз жоқ. Сотталушылардың бағына, прокурордың өкінішіне қарай, ол эпизод назардан мүлдем тыс қалған».

Қоғамдық қорғаушы Е.Әбішев: «Мен түсініп отырған нәрсені прокурор мырза әдейі түсінбей отыр ма, жоқ әлде түсінуге шамасы жетпейтін, кешіріңіз, сауатсыз ба..? (Судья столды тықылдатып қойды.)

Судья Қ.Мекемтас: «Қорғаушы­ның ауызша айтылған өтініші жайлы шешімін сот өзінің сот актісін шығарар кезде айтатын болады».

Айыпталушы И.Әбішев: «Құр­метті сот, қылмыстық іс жоқ қой?..»

Қоғамдық қорғаушы Е.Әбішев: «Құрметті сот, прокурор заңды бұзып отыр, ең болмаса сіз заңды бұзбасаңызшы!» Істі бақылап отырған прокурор тергеушінің қатесін көріп, түзетуі керек еді…

Судья Қ.Мекемтас: «Ералхан Әбішев, орныңызға отырыңыз!..»

Қорғаушы Мәкіш Есқараев: «Конституция бойынша, адамның бас бостандығы заңға сәйкес қана шектеледі. Қылмыстық іс жоқ! Мына адамдарды ең болмаса қамаудан шығарып беріңізші! Оларды қамауда ұстап отыруға ешқандай негіз жоқ, құрметті сот!..»

Судья Қ.Мекемтас: «Біз істің барлық материалын түгел зерттеп болып, сосын барып баға беруге тиіспіз!»

Айыпталушы И.Әбішев: «Нені зерттеуіміз керек, құрметті сот? Сіз алғаш іспен танысқанда, осы қатені көріп, бізді босатып жібе­руіңіз керек еді. Енді ең болмаса, қылмыстық іс бар-жоқ екенін, ЕРДР-де тіркелгенін-тіркелмегенін анықтайық та кәзір. Тіркелген болып шықса, ары қарай іс материалдың бәрін зерттеуді қарастыра берейік! Біз де адамбыз ғой, робот емес. Жарайды, жаңылған шығарсыздар, бұған дейінгіні мақұл дейік, «жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ болмайды», бірақ, бізді енді қамауда ұстап отырудың қандай қажеттігі бар?

Адамдарды қырдық па? Террористпіз бе? Сіздің бізді босатуға құқыңыз болып тұр ғой! ..»

Қоғамдық қорғаушы Е.Әбішев: «Зерттеп жатыр едік. Мына факт анықталды. Енді сіз ең болмаса кеңесу бөлмесіне барып, осыны шешіңіздерші».

Судья Қ.Мекемтас: «Ералхан Әбішев, орныңызға отырыңыз­шы…»

Қоғамдық қорғаушы Е.Әбішев: «Мен заңсыз тірлік істемейік деп жатырмын…»

Осы кезде қорғаушы С.Жүніс­баевтан «Жұмыс күнінің аяқталуына он бес минут қалыпты. Сіз де шаршадыңыз, біз де шаршадық, 15 минут ерте бітірсек жұмысты деген өтініш түсті. Ол қабылданды…

Бүгінгі, 22-қараша күнгі таңертеңгі отырыста судья істі қысқарту немесе оның ЕРДР-ге кірген-кірмегенін анықтауды кейін қарайтыны жайлы орнында отырып қаулы қабылдады…

Өмірзақ АҚЖІГІТ,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 107 пікір жазылған

  1. Алмас Асемханулы 22 Қараша, 2019 17:21 Жауап

    Сталин заманындағы адам түршігетін жазалау, жаба жабу, тергеу амалдары біздің күнде біздің елде әлі бар. Мұның бәрі қалған, құр формасы өзгерген.

  2. Айбын Аргын 22 Қараша, 2019 17:24 Жауап

    Иә, ешқандай дәлел болмаса да тоғыз айға жуық темір торда жазықсыз отырған Ислам Әбішевке бұл қасақана жасалған әрекеттер сияқты. Олай болмаса, осы күнге дейін сот пен прокурордың, басқа да заң органдарының қолында сотталушы пара алды деген еш дәлел жоқ. Барлық фактілер оның еш айыбы жоқтығын айғақтап тұр. Ешқандай тіркеусіз іспен қалай соттамақ? Кімді ақымақ қылғылары келеді???

  3. Qyr balasy 22 Қараша, 2019 17:25 Жауап

    Соттың аяғын бір етікке тыққан екен. Бірақ оң шешім шығаруға батылдығы жетсе.

  4. Лиза 22 Қараша, 2019 22:23 Жауап

    Шешім шығаруға батылдары жетпей отыр ғой шіркіндер… Бостандық жазықсыз жан Əбішевке…

  5. Еркеназ 22 Қараша, 2019 22:25 Жауап

    «Былай жүрсең арба сынады, былай жүрсең өгіз өледінің» керін киіп отыр ғой бұлар… Əбішевке бостандық беруге жүректері дауаламай…

  6. Қарақат 22 Қараша, 2019 22:27 Жауап

    Қылмыстық іс тіркелмесе, тоғыз айдан бері не істеп отыр оңбағандар зейнет жастағы адамды əбігерге салып… Еркіндікке босатсын жетер…

  7. АЙША 22 Қараша, 2019 22:29 Жауап

    Мұндай сорақы соты бар елде өмір сүріп жатқанымыз қандай өкінішті…Бостандық берсін… Ислам ағамызға.

  8. Әсел Ақболатқызы 23 Қараша, 2019 02:56 Жауап

    С точки зрения обвинения под названием «Пытался» полный абсурд! Без споров, никаких доказательств и фактов что сделал Ислам Абишев, и соответствующее, нету никакого смысла держать невиновного!

  9. Еркеназ 23 Қараша, 2019 20:00 Жауап

    Эххх, біздің сот, біздің судьялар неге өз аттарына кір келерін ұқпайды осы? Ендігі жерде бұларға шегінерге жол қалмады ғой, тезірек істі тоқтатып, қапастағы жазықсыз жапа шегіп отырған Əбішев пен Түкиевтей атпал азаматтарды тезірек босатулары керек.

  10. Сария 23 Қараша, 2019 20:05 Жауап

    Қандай шешім шығарарын білмей дал болған бұлардың тірліктері де түрлері де қандай аянышты еді…. Бостандық беріңдер, жетер зейнет жастағы Əбішевті осылай қорлағандарың …

  11. Ақзере 23 Қараша, 2019 20:09 Жауап

    Құрметтті осы істі қолына алған сот өтініп сұраймыз, жалпы қазақ елінің назары ауып тұрған бұл Ислам Əбішев пен Серік Түкиев ісін оңынан шешсеңіздер екен. Əрі қарай соза беру ешкімге опа əпермес. Алдымызда ызғарлы желтоқсан… Ашынған Халық алаңға шығып кетуі де ғажап емес…

  12. Мира 23 Қараша, 2019 20:17 Жауап

    «Қоғамдық қорғаушы Е.Әбішев: «Құрметті сот, мынадай жағдайдан соң, жұрттың уақытын алып, өкіметтің ақшасын жеп, бәріміз жиылып осы жерде отыра бермеу үшін, сотталушыларды дереу босатуыңызды талап етемін. Ал, біз ертеңнен бастап, прокурор мырзаның құлағына алтын сырға, бұған кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін ертеңнен бастап іске кірісетін боламыз…» – деген Ералхан Əбішевтің жанайқайына тиісті орындар құлақ түреді деген ойдамыз.

  13. Айгүл 23 Қараша, 2019 20:27 Жауап

    Аллаға аманат еттік Ислам Əбішевті.Аққа Құдай жақ деп елдің бəрі айтып жатыр ғой. Түбі осыған келе жатыр.Ақ адамның бостандықта жүруі тиіс…

  14. Мариям 23 Қараша, 2019 20:31 Жауап

    Əбішевтің түрмеде отыруының өзі заңсыз емес пе? Пара алуға адам қалай оқталады? Ондай-ондай ойы бардың бəрін соттай берсек онда елімізде адам қалмас… Бостандық!!!

  15. Айзат 23 Қараша, 2019 20:42 Жауап

    Ислам Əбішевтің қорғаушысы Алла! Одан кейін халық. Халықпен санасады деп ойлаймыз! Бостандық!

  16. Ару 23 Қараша, 2019 21:01 Жауап

    Ислам Əбішевтің ақ екенін қарапайым халықтан бастап, зиялы қауым өкілдері де баса айтты. Рас екеніне енді сот та көз жеткізетін кез келді.

  17. Мая 23 Қараша, 2019 21:49 Жауап

    Осы соттан кейін не шықса да Қазақстаннан шығады деген əлем елдері əңгіме таратса таң қалмаймын. Əбішев ісі жоқ болса да соты жүріп жатқаны бəрінің таңданысын туғызып жатқаны рас. Алла жар болсын! Бостандық нəсіп болсын ағаларымызға!

  18. Аяла 23 Қараша, 2019 21:54 Жауап

    ИСЛАМ ƏБІШЕВ ағамызға бостандық берілуін талап етеміз! Керісінше бұл кісі еліміздегі барлық құрметке лайық тұлға. Билік ескермесе де еңбегі сіңген елі бағалайды. Тым болмаса тыныш өмір сүруге мүмкіндік берілсін!

  19. Қарақат 24 Қараша, 2019 18:13 Жауап

    Сонда деймін де фейсбукта репортаж таратуға тосқауыл қойсақ, ешкім ештеңе білмей қалады деп ойлай ма бұд шіркіндер? Іс жоқ болса не үшін қос бір дейдей арыстай азаматты тас түрмеге қамап əуре-сарсаңға салып отыр. Заң бао ма өзі бұл елде? Тоқтатылсын іс.Бостандық Əбішевке!

  20. Мира 24 Қараша, 2019 18:16 Жауап

    Құқық қорғаушылардың пікірімен санассын судьялар мен сот өкілдері. Олай болмаса іс насырға шабатын түрі бар.

  21. Еркемай 24 Қараша, 2019 18:20 Жауап

    Енді нені күтіп отыр бұл шіркіндер? Бір емес екі емес жиырмадан аса айыпталушы тараптың куəгерлері Əбішевтің пайдасына жауап берді.Осыдан кейін-ақ, босатылуы тиіс еді ғой Əбішев.

  22. АЙША 24 Қараша, 2019 18:22 Жауап

    Иə Еркемай жөн айтасыз. Тіпті іс жоқ жерде жүріп жатқан қандай іс.Тоқтатылуын талап етеміз Əбішев ісінің!

  23. Азалья 24 Қараша, 2019 18:26 Жауап

    Адамның қанын қайнатты-ау бұл судьялар. Қазақ тілін құқ етпей тұрып іс жүргізеді.Онымен қоймай, заңдық тəртіпті сақтамайды. Енді тоқтатсын Əбішев ісін жетер.

  24. Марал 24 Қараша, 2019 18:28 Жауап

    Оның бəрін қойып істі тіркемей-ақ күні бүгінге дейін түрлі концертті қойып келгенін айтамын да күйдіргілер. Енді шегінерге жол жоқ… Тоқтатылсын Əбішев ісі…

  25. Altynbek 24 Қараша, 2019 18:48 Жауап

    Омир откинши жолында жаксы адамдар жолыкса жаксы сол жаксы адамнын бири Абекен еди

  26. Манзура 24 Қараша, 2019 18:50 Жауап

    Чем дольше длится дело тем дольше очерняется конкретный человек по этому быстро законичли бы дело и оправдали бы Абиш ага

  27. Жангелди 24 Қараша, 2019 18:51 Жауап

    Мен сенемин Абишке коринип тургой сум адам емес екени казактын нагыз карапайым азаматы

  28. Назипа 24 Қараша, 2019 18:51 Жауап

    Нагыз ердин мойнында кыл аркан ширимес бул сыннанда аман есен отип шыгыныз

  29. Айгүл 24 Қараша, 2019 18:55 Жауап

    Пікір жазып отырған Жангелді, Манзура айналайындар-ау Ислам аты, Əбішев фамилясы осыны бірінші біліп алып барып жазыңыздаршы өтініш. Қолдағандарыңыз жөн-ақ. Бірақ біз судьяларға өкпеліміз қазақ тілін білмейді деп, сіздер де таза қазақша жазыңыздаршы өтінеміз.

  30. Гүлнұр 24 Қараша, 2019 18:59 Жауап

    Əумин Ғабит айтқаныңыз келсін. Ислам дінінде Алланың қалауынсыз ештеңе жүзеге аспайтыны белгілі ғой. Мың адам емес млн. адам жабылса да Ислам Əбішевті соттатамыз деп, егер Алла қаламаса əлбетте ешкімнің ешқандай арам ниеті жүзеге аспайды. Яғни, Алла қолдаса Ислам арамызға дін аман оралар күн де алыс емес деп білемін.

  31. Алмас Асемханулы 24 Қараша, 2019 19:47 Жауап

    тергеу барысында, Іс жүргізуде көптеген процессуалдық заң бұзушылықтар орын алған. Бірақ бұл оларға сот ісіне дұрыс құқықтықтық нормаларды бұзбауға кедергі емес. Бұлардың щаңға түкіргені бар.

  32. Qyr balasy 24 Қараша, 2019 19:50 Жауап

    Нквд-ның жүйесі қәзірде көрініс табуда. Жендеттерге адамды түрмеге тықса болды. Ал кінәлі ма кінәсіз ба ол қызықтырмайды.

  33. Айбын Аргын 25 Қараша, 2019 15:02 Жауап

    Істің ақ-қарасын анық айтып отырса да, қорғаушылардың сөзіне құлақ аспаған судьяларды жөнге салатын жан табыла ма? Бас прокуратура мен Жоғары Сот органдары бұл мәселеге неге қарамайды? Әлде сыбайластық сол жағынан басталып отыр ма?!. Адам тағдырын ойыншық еткен соттарға да сот керек сияқты!!!

  34. Жанай 25 Қараша, 2019 17:40 Жауап

    Халық үшін ерең, адал еңбегі үшін сотқа тартылуы біз үшін үлкен сын. Араша сұрауымыз керек. Қолдау көрсетейік ағайын.

  35. Амантай 25 Қараша, 2019 17:46 Жауап

    Не деген сұмдық!..
    Заңды белден басу мен адам құқығын аяқасты етудің, жазықсыз жанды қаншама айлар қамап қорлаудың еш елде жоқ көрінісі болды ғой!..

  36. Есен 25 Қараша, 2019 17:47 Жауап

    Ислам Әбіштің соты қоғамдағы мәселелердің бетін ашуда. Енді тек сотта жеңіп шығу.

  37. Талап 25 Қараша, 2019 17:48 Жауап

    Сот отырысындағы судьялар тарапынан жасалған өрескел заң бұзушылықтар Бас Прокуратурада қаралып, оң шешімін шығарар деген сенімдеміз!!! Мұндай өрескел заңды белден басушылыққа бейжай қарамауы тиіс. Фактілердің барлығы осыған саяды. Сондықтан әділеттіліктің жүзеге асып, қорғаушылардың қойған талаптарын орындауын талап етеміз!!!

  38. Алекс 25 Қараша, 2019 17:50 Жауап

    Дааа пока наверху управляют коррупционеры,НИЧЕГО не изменить! Убрать ВСЕХ ИХ вместе с НАНом и поменять с насиженных мест,только нормальными из народа молодыми и честными людьми,которые будут думать о своем государстве и НАРОДЕ в первую очередь,чтобы улучшить жилищные условия и медицину,учёбу в школах и т д сделать бесплатной и доступной для НАРОДА Казахстана! Пусть ХОТЬ наши дети и внуки поживут и не уезжают в другие страны на ПМЖ …….А то мы все верили почти 30лет и толку НЕТ конечно же…..ПУСТЬ освободят ВСЕХ честных людей из тюрем!

  39. Алекс 25 Қараша, 2019 17:52 Жауап

    Коррупционная система с’ьела патриота от народа. Исламу справедливость нужно!

  40. Андрей 25 Қараша, 2019 17:53 Жауап

    Коррупционная система с’ьела патриота от народа. Ислам Абиш должен выйти на свободу!

  41. Сара 25 Қараша, 2019 17:54 Жауап

    Ислам агамызды танимыз бирге отырдым турмеде оте жаксы Адам ол кисеге жала жуп отыр ислам ага инфарк устап турмеде ол кисиге ешкандаи комек корсеткенжок оган мен кепилмин оз козиммен кордим

  42. Надия 25 Қараша, 2019 17:54 Жауап

    Система сожрала его. Такой умный, дальновидный, отвественный и хозяйственный человек. Таких как он не любят.

  43. Галя 25 Қараша, 2019 17:56 Жауап

    Обнародовал, видимо,то,что нельзя было освещать. Не дал сэкономленный триллион рассовать по карманам чиновников.

  44. Андрей 25 Қараша, 2019 17:57 Жауап

    Нужен общественный резонанс по этому делу! Народ должен поддержать Ислама Абиша!

  45. Жангелди 25 Қараша, 2019 17:58 Жауап

    Ага Алла куа сизди Адам алемде жалгыз денсаулыгынызды кутиниз аллахтын ози комек теседи

  46. Муслим 25 Қараша, 2019 17:59 Жауап

    Да, это печально. Он – толковый человек, как-то брала у него интервью для одного журнала. До сих пор помню, как горели у него глаза, когда он рассказывал про свою отрасль.

  47. Али 25 Қараша, 2019 18:02 Жауап

    Люди, почему справедливость всегда такая жестокая? Надо поддержать нашего товарища Ислама

  48. Серғазы 25 Қараша, 2019 18:05 Жауап

    Халықтың алдында арым таза құдай біледі деп аты жөнін жұмысын айтатын чиновник бар ма екен

  49. Ғалымбек 25 Қараша, 2019 18:06 Жауап

    Алла – әділ төреші! Біреудің ақысын біреуге жегізбейді, түйені түгімен жұтып жатқан жемқорлар жазасын өзі көрмегенмен, келешекте ұрпағының алдынан шығатынын неге ойламайды екен?..

  50. Айгул 25 Қараша, 2019 18:36 Жауап

    Əділдік айтсаң билікке жақпайсың . Ислам аға əділ кісі еді .бостандыққа шыққаны дұрыс

  51. Габеке 25 Қараша, 2019 18:36 Жауап

    Су ресурстары саласындағы гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңартып және жетілдіріп, республикалық және коммуналдық меншіктегі магистралдық және тарату каналдарын, жүйелі және лиманды суару жерлерін гидромелиоративтік жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізіп жүйеге қойған Ислам Әбіш. Су ресурстары саласын дамытқанына ешкім дау келтре алмас.

  52. Орынбек 25 Қараша, 2019 18:37 Жауап

    Ислам Әбіш мемлекеттік қызметке барлық күш қайратын, тәжірибесін арнаған адам. Адал қызметі, қызметтегі жетістігін кім ескереді

  53. Гани 25 Қараша, 2019 18:37 Жауап

    Еліміздегі қазіргі жүйенің жымысқы әрекеттерінің барлығын көзі қарақты әрбір азамат көріп те, біліп те отыр. Соқыр жүйе қаншама білікті кадрларды осылай көзден таса етіп жатқаны шындық!!! Ашынған халық айтып та, жазып та жатыр!!! Бірақ, жүгенсіз кеткен биліктің жүні жығылар түрі көрінбейді. Халықтан ештеңе де жасырып қала алмайсыздар!!! Ертеңгі ел игілігі үшін халықтың қазынасын тонаудан аман алып қалған, Ислам Әбішевті де осылай жазықсыздан-жазықсыз соттау үшін де жанталасып жатқанын елдің көзі көріп отыр. Соқыр жүйе, Кеңестік кезеңнің ақтаңдақ беттеріне айналған жүйенің ізін қайта жалғастырмақ ниетте ме? Ертеңіміз не болмақ?!

  54. Муслим 25 Қараша, 2019 18:38 Жауап

    Абишев у нас до всего этого акимом был, столько дел хороших при нем сделано! Остальные только хапают! Он действительно работает!

  55. Мурат 25 Қараша, 2019 18:39 Жауап

    Жаль норм человека и хорошего администратора И.Абишева! Смахивает на целенаправленную кампанию по его дискредитации. А про суд и говорить не хочется, не наблюдаю объективности пока, посмотрим итог, но что то сомнительно, что действительно непредвзято разберутся. Автору статьи респект за гражданскую смелость!

  56. Шалкия 25 Қараша, 2019 18:39 Жауап

    Ия біреу тоңып секірсе біреу тойып секіреді мына тоиып секіргендерге тосқауыл боларма екен .Мысықа оиын тышқанға өлім қазақтың мықты азаматарына бостандық болса ғои ана мысықтар қашанғы қалықпен оинамақ

  57. Жания 25 Қараша, 2019 18:41 Жауап

    Осындай елге еңбегі сіңген азаматтарды сыртқа теуіп, қаралап жатады. Ұрылар тайраңдап бостандықта шалқып жүр.

  58. Канат 25 Қараша, 2019 18:41 Жауап

    Не желание давать дело Ислама Әбіша на все общее обозрение говорит о необосновонности показания против него.

  59. Жанна 25 Қараша, 2019 18:42 Жауап

    Исламды 300 мыңға жуық Қазақстандық азаматтар қолдап отыр. Сіздерде қолдаңыздар Құрметті Казақстандықтар!!!

  60. Ерден 25 Қараша, 2019 18:42 Жауап

    Алла га ози де дуга етсе шыгады. Коптин дугасы кабыл болсын. Алла нын заны бар.

    • Канагат 25 Қараша, 2019 18:43 Жауап

      Мен танымайтын едім соныма ұялып отырмын.Шенеунікті қорғаған зиялы қауымды көрмедім.Исекеңнің əр сотынан қалмай қолдап жүрген Дулат ағаның ісіне қарап бұл кісі нағыз қазақтың жанашыры екеніне көзім жетіп отыр.Бостандық Ислам Əбішевке.✊✊✊✊✊✊❤

  61. Жанар 25 Қараша, 2019 18:43 Жауап

    Аққа құдай жақ деген,
    Ақталар деп ел сенер.
    Азап пенен тозақтан
    АҒА ИСЛАМ бір келер.

  62. Шергазы 25 Қараша, 2019 18:44 Жауап

    Әбіш Ислам ұрпаққа әділеттің үлгі болып тарихта қалатын адам! Сот әділетсіздіктің үлгисі болып қалады егер бұрмаласа.

  63. Хамза 25 Қараша, 2019 18:45 Жауап

    Мынандай ұлт зиялылары қолдау білдірген қамаққа отырған шенеунік болмаған шығар?! Ислам нағыз еркек ұлтжанды азамат екені, оны түрмеге тықса да жасыта алмағаны қуантты!

  64. Лиза 25 Қараша, 2019 22:18 Жауап

    Атазаңымызда мемлекеттің байлығы адам деп жазылғаны қайда қалды. Құдды бір халқы жер басып жүруге сыймай, құжынып жатқан елге ұқсап саналы қазақтың бірін еш кінəсіз тас түрмеге тоғытқанымыз қалай? Бостандық Əбішевке!

  65. Еркеназ 25 Қараша, 2019 22:21 Жауап

    Адамның қадірін білетін мемлекет болсақ, онда басқа-басқа елі үшін еселі еңбек еткен есіл ер – Əбішевті тас түрмеге еш кінəсіз қамап қоймас едік …

  66. Лира 25 Қараша, 2019 22:26 Жауап

    Біздің елде ғана болатын соттың мұндай сорақылығы сорлылық емей немене. Қашанға дейін Əбішевті тұсаулап отырғызып қоймақ? Еркіндікке шықсын ағаларымыз…

  67. Орал 25 Қараша, 2019 23:14 Жауап

    Мынандай ұлт зиялылары қолдау білдірген қамаққа отырған шенеунік болмаған шығар?! Ислам нағыз еркек ұлтжанды азамат екені, оны түрмеге тықса да жасыта алмағаны қуантты!

  68. Ораз 25 Қараша, 2019 23:20 Жауап

    Мүмкін ерлік деген сөз баз біреулерге асыра айтылып тұрғандай көрінетін шығар. Бірақ Ислам Əбішевтің елі үшін жасаған əрбір ісі, мемлекеттік қызметтегі мінсіз атқарған ауқымды істері, мұнан бөлек жеке өзі тарапынан көп айтыла бермейтін қайырымды істерінің əрбірі ерлікке тұрарлық дүние. Мұны көру үшін əлбетте көз керек!

  69. Ақарыс 25 Қараша, 2019 23:21 Жауап

    Ерлік елдікпен сыналады, Ислам Әбіштің халық үшін жасаған еңбегі елеңсіз қалмасын.

  70. Ахан 25 Қараша, 2019 23:22 Жауап

    Асанов мырза ол жауап бере алатын болса, төраға болып отырмас та еді- ау деген күдік басым. Ондай басын бəйгеге тігіп, əділетті шешім бере алатын тұлға бар болса ел бұлай түңілмес еді ғой.

  71. Болат 25 Қараша, 2019 23:23 Жауап

    Ислам Әбішев белгілі қоғам қайраткері, өмірінің осы бір азапты кезеңіне дейін елге адал еңбегімен көзге түскен азамат.

  72. Алик 26 Қараша, 2019 09:01 Жауап

    Ислам Әбішев бостандыққа шықса әлі еңбегі елге сіңетін адам. Ислам Әбішев өте еңбекқор адам және іскер адам. Ислам Әбішев ҚАЗАҚ тілініңде шын жүректен жаныашыры. Қазақ тілді және еңбекқор адам елдің ішінде бостандықта жүріп елге қызмет жасауы керек.

  73. Була 26 Қараша, 2019 09:03 Жауап

    Жузи жылыдан тунилме демекши агамыздын ерен енбеги акталып аман есен шыксын.Мундай агаларымыз халкына керек бостандык берилсин кара халыкка казакстанда адилдик барин корсетсин

  74. Алмас әсемханұлы 26 Қараша, 2019 17:30 Жауап

    Осындай ардақты азаматтарды қоғамныңькөзңнше соттап жала жауып қорламу олардығ қолынан келуде. Бұл жүйемен ешкім освндай жағдайдан сақтандырылмаған. Кез келген адамға іс қозғап, тергеп жаба береді.

  75. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 17:34 Жауап

    Ақсақал деймейді, еңбегі сіңген демейді кінәсіз демейді адам болса болды тергейді, жабады.

  76. Айбын Арғын 26 Қараша, 2019 17:34 Жауап

    Өйткені төбесінен әрқашан нұсқаулар мен бұйрықтар келеді. Орындамайын десе жылы орнынан кеткісі келмейді. Сондықтан Заңнан бұрын зау биіктегі көкелердің көкейіндегісін жүзеге асырады!!!

  77. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 17:37 Жауап

    Білікті мамандар түрмеде емес төрде отыру керек. Жастарға білімін, түйгенін үйрету керек.

  78. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 17:40 Жауап

    Пара алмаса, пара алды деп те айыптамаса, ісі тіркелмесе неменесіне Ислам, Әбішті әбігерге салып жатыр?!

  79. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 17:42 Жауап

    Әр кім өз жұмысымен Ислам Әбіштей шеберайналысса мұндай жағдай болмаушы еді.

  80. Мәмбет Құрманбаев 26 Қараша, 2019 17:43 Жауап

    Тіркеусіз іспен тәуелді соттардың өрескел әрекеті қазақтың мына бір әңгімесі еске келеді, Ұлтың қазақ, елің Созақ бар сағанда бір онда жыл деген екен. Сол айтпақшы сауатсыз тәуелді соттардың өрескел әрекетін Асанов мырза өзі қадағалап тіркеусіз жалған жала бойынша жатқан Ислам Әбішевті түрмеден босатуын талап етеміз!

  81. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 17:44 Жауап

    Әр кім өз жұмысымен Ислам Әбіштей шебер айналысса мұндай жағдай болмаушы еді.

  82. Алмас әсемханұлы 26 Қараша, 2019 17:46 Жауап

    Халық Ислам Әбіштің жасаған жақсылығын, еңбегін ұмытпайды. Ол кісіге мықты денсаулық, осы сергелдеңнен абыроймен шығуды тілейміз.

  83. Алмас әсемханұлы 26 Қараша, 2019 18:42 Жауап

    Сот отырысында Ислам Әбіштің кінәсіз екені туралы, таеылған айыптың негізсіз екеніне нақты дәлелдер келтірілсе де сот назарына алар емес.

  84. Алмас әсемханұлы 26 Қараша, 2019 18:43 Жауап

    Ерте ме кеш пе Ислам Әбіштің еліне адал қызмет еткені, тағылған айыптвң жала екені белгілі болады.

  85. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 18:45 Жауап

    Объективті тұрғыда сот ісінің қаралмауы сот жүйесінің әлсізігін көрсетеді.

  86. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 18:48 Жауап

    Прокурор мырза заң сот отырысындағы процессуалдық заң бұзушылықтар, келтірген дәлелдерді ескерілмеу заң бұзушылықты неге назарға алмайды. Әлде олда аналармен бірге ма?!

  87. Алмас әсемханұлы 26 Қараша, 2019 18:50 Жауап

    Ислам Әбіш бостандықта жүрсе бірьалай жобаларды орындап шығушы еді. Жемқорлар су ресурсьарын тонап жатқан шығар.

  88. Qyr balasy 26 Қараша, 2019 18:52 Жауап

    Халықтың Ислам Әбішке дешен көз қарасы оң. Бұндай мамандар түрмеде емес халыққа қызмет етуі тиіс.

Пікір немесе жауап жазу

19 + 5 =