Мұнай компаниясының 51 пайыз акциясы Қытайға сатылатыны рас па?

8989
7
Бөлісу:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Еуропа нарығында жұмыс істейтін KMG International компаниясындағы акция пакетінің 51 пайызын Қытайдың ірі China Energy Company Limited (CEFC) компаниясына сатпақ. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында мәлімдеген, – деп жазды oinet.kz.

«ҚазМұнайГаз» Еуропа нарығында Rompetrol брендімен жұмыс істейтін KMG International компаниясының 100 пайыз акция пакетіне ие. Компания акция пакетінің 51 пайызын қытайлық компанияға сататыны туралы өткен жылы сәуірде жариялаған.

Сауат Мыңбаевтың жазуынша, келісім құны 680 миллион доллар деп бағаланған. Бұдан өзге, қытайлық компания бірлескен кәсіпорынның ары қарайғы дамуына 3 миллиард доллар салмақ. Бұл қаржы KMG International-дың Petromidia мұнай өңеу зауытының қуаттылығын арттыруға, жанармай құю желілерін дамытуға және басқа да жобаларға жұмсалмақ.

«Келісім шарттар бойынша, республика мұнайын Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытына экспорттай береді. 49 пайыз акция пакетін сақтап қалу Қазақстан жағының компанияның операциялық қызметін қадағалауға және серіктеспен бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – деп жазған Мыңбаев.

Жалпы соңғы уақытта шығыстағы айдаһар ел-Қытайдың  Қазақстанның мұнай саласындағы үлесі артып келеді. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жарым үлесі солардың қолында екендігі белгілі. Соңғы уақытта өңірде қытайларға тиесілі жанар май құю бекеттерінің  саны да артып келеді. Ал жергілікті шағын бекеттер жабылып жатыр.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Таке 27 Қараша, 2019 10:11 Жауап

    Бул барып турган бассыздык! Егемендигимизден айрылу осылай басталады, халыктын байлыгын сатуды кашан кыскартасындар? Саткындар!

  2. жаке 5 Желтоқсан, 2019 01:24 Жауап

    саатқындар қытайға барып сатылып қалсын, шыныменен аллатағала бар болса осы тілек қабыл болсын,аумин

  3. Қолқоюсыз 13 Желтоқсан, 2019 03:58 Жауап

    Кытай куртад аждаха ел бирак жутад согыссз жогарыдагыларга2кой1тенге барибир оларга акша боса болд.котин сатад алыпты некыласн оилап оиы акша болд елди халыкты сатад битти кытайга кул боп кетемз биригеик баримз бытырамай олар коп биз аз

Пікір немесе жауап жазу

5 − 5 =