Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Бөлісу:

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Тараздағы мектептердің бірінге 12 жасар қыздың зорланғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын. Оқиғадан кейін Жамбыл облысы Білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова өз еркімен жұмыстан кетіп, бірқатар жауапты полиция қызметкерлеріне қатаң сөгіс беріліп, учаскелік инспектор ішкі істер органдарынан шығарылды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 × 5 =