Тоқаев президенттікке келгелі қандай бастамалар көтерді?

Бөлісу:

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті басқаруды қолға алғанына тура 8 ай болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аралықта Президент әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың несиелерін кешіру, шағын бизнес өкілдерін салықтан босату және бюжеттік саладағы қызметкерлердің айлығын көтеру сияқты ауқымды шараларды қолға алып, оның шешілуіне тікелей мұрындық болды.

Бұған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, елдегі өзекті мәселелерді жүйелі шешуге тапсырма берді. Алдағы уақытта оның бастамасымен шетелдіктердің миграциялық полицияға тіркелуі де жойылмақ.

Сонымен қатар, соңы үлкен дауға айналған LRT жобасын жүзеге асырудағы олқылықтар анықталып, қаржының жымқырылуына қатысты қылмыстық іс те қозғалды.

Мемлекет басшысының Көк-жайлау шипажайының құрылысын тоқтатып, Іле-Алатау Ұлттық паркіндегі заңсыз таратылған жерлердің кері қайтаруға қатысты нақты тапсырмалар бергенін де ерекше атап өтуге болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − жеті =