Әділ судьяны емес, ең болмаса қазақ тілін жетік білетін судьяны сұрап отырмыз – Абзал Құспан

12716
146
Бөлісу:

Сотта айыптау жағынан келген 20-ға жуық куәгердің барлығы Ислам Әбішевтің пайдасына жауап беріп, тергеушілердің қитұрқылықтарын әшкере еткен

Бүгін Су комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев пен «Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының» вице-президенті қызметін атқарған Серік Түкеевтің адвокаттары, журналистер мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері ҚР Жоғары сотының алдына жиналып, өз наразылықтарын білдірді, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігінің тілшісі.

Адвокаттардың айтуынша, қоғамның назарын аударған бұл істі жүргізіп жатқан судья Мекемтастың қазақ тілін жетік білмеуі мен судья Шаяхметованың ҚР қылмыстық-процестік кодексін өрескел бұзуына байланысты бір топ белсенділер Жоғарғы  сотқа шағым түсіруге арнайы келген.

– Бара-бара адвокаттар әділдікті сот залында емес, Ақорданың алдына шығып, митингіге шығып көшеде қорғауға мәжбүр болса, таң қалмаңыздар. Өйткені, жағдай осыған келе жатыр. Орыстың бір сөзі бар – «Докажи, что ты не верблюд» деген. Біз осы жерге өзіміздің түйе емес екенімізді дәлелдеуге келіп тұрмыз, басқа жол жоқ енді, – деді адвокат Абзал Құспан.

Оның сөзінше, Сотта айыптау жағынан келген 20-ға жуық куәгердің барлығы Ислам Әбішевтің пайдасына жауап беріп, тергеушілердің қитұрқылықтарын әшкере еткен. Сонымен қатар, ол өз сөзінде сот барысындағы процесстік құқық бұзушылықтар туралы айтып өтті.

– Сот өндірісінің тілі деген бар. Істі қарап жатқан судья қазақша білмейді. Біз оның (судья Қ. Мекемтас – ред) қазақ тілін білмейтінін дәлелдейік деп қарсылық берсек, қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын Шаяхметова деген тағы бір судья келеді де «Жоқ, ол қазақша жеткілікті біледі» деп қайтадан тағайындап кетеді. Тілден басқа процесстік заң нормаларын білмейді деп шағым берсек, оны судья Мекемтастың өзі қарап, «Сендердің өтініштерің қанағаттандырылмайды» деп өзі шешім шығарады, – деді Абзал Құспан.

Адвокаттың айтуынша, әу баста Ұлттық бюрода тергеу орыс тілінде жүргізіле бастаған. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің  30-бабының талаптарына сәйкес, тергеу алдымен Мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жүргізілуі керек екен.

– Біз Ислам Әбішевтің атынан тергеуді қазақ тілінде жүргізуді сұрап өтініш бергенімізде, тергеу тобының жетекшісі одан бас тартты. Одан кейін Бас прокуратураға шағым түсірдік. ҚР Бас прокуратурасындағы Бірінші қызметтің бастығы, ол Қазақстан бойынша бүкіл тергеу-анықтама қызметіне қадағалау жүргізетін адам, Серік Рысқалиұлы Шалабаев «Тергеудің орыс тілінде жүргізілуі заңды» деп, бізге «отказ» береді. Біз ондай сорақылықты тіпті күтпеген де едік. Тергеу сотына беру арқылы ғана біз істі қазақ тіліне ауыстыра алдық. Сөйтіп, істі әрең дегенде қазақшаға аудартып келсек, соттағы жағдай мынау,  – деді адвокат Абзал Құспан.

Атап өту керек, Ислам Әбішев ісіне қатысты өткен алғашқы сот отырысында судья Қ. Мекемтастың шығарған қазақ тіліндегі алғашқы қаулысынан адвокаттар 72 қате тауып, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына арнайы сараптама жасатқаны туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі бұған дейін хабарлаған болатын.

– Біз қып-қызыл ғып бояп көрсеттік судьяға өз қаулысын, ол беті бүлк етпестен «Компьютеріме вирус кіріп кетті» деп жауап берді… Біз соттың қандай үкім шығаратынын сөзсіз біліп отырмыз. Бірақ, процесстік негіздер бұзылатын болса, ол адам қамауда отыра беретін болса, сонда ол адамның Конституциялық құқығын біз қайда қоямыз? Біз әділ сот үкімін шығаратын судьяны сұрап отырған жоқпыз, біз ең болмаса біздің қазақша айтып жатқан өтініштерімізді түсінетін, аздап құқықтық сауаты бар судьяны сұрап отырмыз», – деді Абзал Құспан өз сөзінде.

Адвокаттар мен қоғам белсенділері өз шағымдарын жазып Жоғары сот ғимаратына кіргесін, Берік Уалиев есімді Жоғарғы сот өкілі белсенді топты ешкім қабылдамайтынын жеткізіп, Жоғарғы соттың төрағасынан бастап, барлық жауапты қызметкерлердің бір жаққа кетіп қалғанын айтып ақталды.

Жоғарғы сотқа әділдік іздеп келгендердің ішінде танымал әнші Ералхан Әбішев те бар. Соттың тек айыптау бағытында ғана жүргізіліп жатқанын тілге тиек еткен ол, мына сотты не тоқтату керек, не судьяларды ауыстыру керектігін айтты.

– Бұлардың ештеңеге қарамай адамды соттай салуы әбден мүмкін. Заңға түкіргендері бар. Соттың түрі мынау, прокурорың айқайлайды бізге. Біз Жоғарғы сотқа әділдік іздеп келіп отырмыз. Судья Мекемтас сот залында бейне жазба жүргізуге тыйым салды. Ал, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов өз сөзінде сот ісінде жариялылық болуы керектігін әрдайым айтады. Сонда, мына Мекемтас Асановқа емес, кімге бағынады?!. Сотқа сот жоқ боп тұр,  – деді Ералхан Әбішев.

Ескерту: Видео жазбалар журналист Сәуле Әбілдаханқызының фейсбук парақшасынан алынды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 146 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 19 Қараша, 2019 15:17 Жауап

    Жоғары сотқа шағымдана келген қорғаушы адвокаттар мен төртінші билік өкілдерінің жанайқайына жоғары соттың төрағасы Жақып Асанов мырза құлақ асар ма екен ? Жақып Асанов мырза құлақ асып қорғаушы адвокаттар мен төртінші билік өкілдерінің жанайқайын тыңдап тиісті шара қолданып адам тағдырын әділ шешсе. Жазықсыз жапа шегіп жатқан Ислам Әбішевтің бостандыққа шығуына қолдау көрсетсе және сауатсыз соттардың өрескел әрекетін қатаң түрде қадағалап реттесе!

  2. Қаныш 19 Қараша, 2019 15:49 Жауап

    Сотта айыптау жағынан келген 20-ға жуық куәгердің барлығы Ислам Әбішевтің пайдасына жауап беріп, тергеушілердің қитұрқылықтарын әшкере еткен…

  3. Айбын Арғын 19 Қараша, 2019 17:33 Жауап

    Жоғары сотқа жеткен бұл мәселе Жақып Асановтың тарапынан бақылауға алынуы тиіс. Тұтас халық бақылап, заңның өрескел бұзылып жатқанын Жоғары Сот төрағасы қалайша құлақ аспайды? Куәгерлердің, қорғаушылардың, БАҚ өкілдерінің келтірген дәлелді дәйектері назарға алынуы тиіс. Сот неліктен мемлекеттік тілге қырын қарайды? Әлде қазақ тілін білетін судья табылмады ма? Бұл сұмдық қой?!.

  4. Гулжаухар 19 Қараша, 2019 20:57 Жауап

    Сотку келген 20адам барлыгы бирдей бос соз сойлеуи мумкин емес олар соттын прокурорлардын куйтыркы истерин айтуда сот дурыс шешим шыгарса деймиз

  5. Талгат 19 Қараша, 2019 21:00 Жауап

    Неге казакша сойлетин угатын бирде бир сот болмаганы ма бул улкен соракылык оз елимизде журип бул деген оз ата занымызды корлау емес па адилдик болып Абишке казакша жетик билетин сот келсин оз кинасиздин даледесин

  6. Канат 19 Қараша, 2019 21:02 Жауап

    Кинасиз адам ознин акталуына мумкиндик бермей адеи казакша билмейтин сот койлгангой

  7. Нысанбай 19 Қараша, 2019 21:04 Жауап

    Соттын жазаган укиминде 71 кате шыккан казакша жазуында недеген сауаттсыздык суйте тура бирнуди айыптауда айыпсыз адам акталсын немесе казакша билетин сот келсин

  8. Кайсар 19 Қараша, 2019 21:06 Жауап

    Мен оз оймды косар болсам Абиш тек жаксы адам ретинде коргем сотта адилдик устем алса деймин

  9. Рустем 19 Қараша, 2019 21:08 Жауап

    Сотты казакша жургизетин тусинет адам келсе оз елимизде журип ойымзды казакша жетикизе алмай журимзгой

  10. Алтынгул 19 Қараша, 2019 21:10 Жауап

    20 мага жуык адам Абишке куагер болып бар шындыкты айтып отыр солардын сози ескерилсе екен

  11. Алмас әсемханұлы 19 Қараша, 2019 21:13 Жауап

    Сот мыңқыйып екі сөздің басын қоса алмай, прокурор айқайлапт дөрекілік танытса, куәгкрлердің жауабы ескерілмесе онда бұл сот не болды? Әділдік іздеген жұрт бұл жерден әділдікті таппас.

  12. Гүлмира 19 Қараша, 2019 21:21 Жауап

    Қазақ тілін білетін, оның үстіне зейнет жасындағы адамның жағдайын ұғынатын судья берілсе екен Əбішевке.

  13. Алмас әсемханұлы 19 Қараша, 2019 21:27 Жауап

    Сот өзі келтірілген деректер мен дәйектерді, мәлімдемелерді түсініп отыр ма? Мына түрімен судя істі орысшаға аудартып, қазақшаға аударып төрағалық жүргізіп отыр. Іс жүргізу тілін жетік білмей төрағалық етіп үкімді шығармақшы.

  14. Дəмелі 19 Қараша, 2019 21:35 Жауап

    Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың ісі мен сөзінің арасында алшақтық болмауы тиіс. Сотта жариялылыққа мəн берілуге тиіс. Сонымен қатар, судьяларлың əділдігі туралы да Асанов жиі айтады. Осының барлығы орындалуы кекрек.

  15. Қарақат 19 Қараша, 2019 21:40 Жауап

    Ералхан Əбішев дұрыс айтады, Біздің сот ойнамасын. Ислам Əбішевтің артында қара орман халқы тұр. Ол кісіні Алламен қатар халқы қолдайды. Біз сенімдіміз…

  16. Гүлім 19 Қараша, 2019 21:44 Жауап

    Аллахым сабыр бере көр, Ислам ағамызға. Қолдай көр, қорғай көр атпал азаматты.

  17. Сая 19 Қараша, 2019 22:16 Жауап

    Осы Ислам Əбішев соты бүгінгі қоғамның шынайы бетпердесін ашып берді. Абыройынан жұрындай болмай тұрғанда істі тоқтату керек.

  18. Мира 19 Қараша, 2019 22:29 Жауап

    Ералхан ағаның жан ұшыра сөйлеген сөзін ұғынуға болады. Бауырмалдығын танытқан жанды Алла қолдасын.

  19. Мая 19 Қараша, 2019 22:36 Жауап

    Сот қазақ тілінде өткеніне қарамастан өзінің ана тіліне мұрнын шүйіріп қарап отырған судьялардың бұл заңсыздығына қашан тыйым салынады? Қазақ тілінен жіберген қателерінен көз сүрінеді. Қандай шешім шығармақ бұл түрлерімен.

  20. Эльмира 19 Қараша, 2019 22:51 Жауап

    Сотта айыптау жағынан келген 20 куəгердің барлығы Ислам Əбішевтің пайдасына жауап беріп, тергеушілердің қитұрқылығын ашқаны – Исекеңнің айқын басымдылықпен жеңіп тұрғанын айғақтайды. Неге мойындамайды енді осыны сот?

  21. АЙША 19 Қараша, 2019 22:53 Жауап

    Ислам Əбішевке бұл түрлерімен бостандық бергілері келмей тұрғаны анық. Алладан ғана қолдау күтеміз. Алла қолдап, сотқа ес кіріп немесе ел президенті ұйытқы болып Əбішевке бостандық нəсіп болса екен.

  22. Гүлім 19 Қараша, 2019 22:55 Жауап

    Сотымызың сиқы осы болған соң бізді кім қорғайды. Дəл очы Ислам Əбішев ісінде соттың өзіне сот керек боп тұрғандай ма қалай өзі?

  23. Айбын Арғын 20 Қараша, 2019 11:30 Жауап

    Иә, дәл солай сияқты. Судьяға қарсылық білдірген қорғаушылардың білдірген қарсылықтарына пысқырып та қарамаған соттың өзіне сот шынымен де қажет сияқты. Енді бұл іске Жоғары Сот төрағасы Жақып Асанов қарамаса іс насырға шабатын түрі бар…

  24. Дархан 20 Қараша, 2019 20:25 Жауап

    Жеке омиринин ар намысына зиян келди Абиш аганын акталсын деген умиткой бизде

  25. Айдана 20 Қараша, 2019 20:28 Жауап

    Абиш аганы сотка берген уят ол киси талай кишкентай балдардын батасын алды жаксылык жасап талай ел колдады Абиш аганы

  26. Разия 20 Қараша, 2019 20:34 Жауап

    Бүгінгі сот отырысы біраз дүниенің тағы да бетін ашқан сыңайлы.Алла қолдасын Əбішев ағамызды. Шындық жеңіп, бостандыққа шықсын!

  27. Баян 20 Қараша, 2019 20:37 Жауап

    Ар адамнын айтылатын жеке пикири бар сонда оз пикрин казакша жеткизбесе бул калай?оны тусинетин казакша билетин сот болмаса адилдик кайда сонда?Абиш акталса деймиз.

  28. Рита 20 Қараша, 2019 20:37 Жауап

    Бүгінгі сот отырысында қаншама куəгер Ислам Əбішевтің пайдасына шешілетін жауаптар айтыпты. Мұны да тікелей эфир арқылы болмаса да кейіннен білдік. Енді тек сəтін салсын!

  29. Ерке 20 Қараша, 2019 20:39 Жауап

    Ендігі жерде прокурор əділдікті ту етіп, істі қысқартып, тезірек Əбішевке оң шешім шығарып берсе екен.

  30. Курмет 20 Қараша, 2019 20:42 Жауап

    Абиш кылымыс истмегесин соттан кашпай барып далелдеп сотпен айтысуда.Оган дурыс казакша зангерлер берилип кылмыстык иси онынан аякталса.

  31. Манат 20 Қараша, 2019 20:45 Жауап

    Бул ис оте узак уакытка созылып кетти Абекнин жургенин карайтты бул истин сонына нукте коятын уакыт келди.Жазыксыз адам акталсын.

  32. Сейілгүл 20 Қараша, 2019 21:01 Жауап

    Біздің сот соншалықты арсыз емес шығар деген үміттемін. Түйірдей кінəсі жоқ адамға пəленбай жылды асып жібере қоймас . Бостандық Əбішевке!

  33. Мадина 20 Қараша, 2019 22:13 Жауап

    Бұл сот қашанғы Əбішев ісіне қырын қарап, дəлелдерге түкіріп қарап жүре бермек? Əділдік жеңсін! Талап етеміз. Əбішевтің қолдаушысы бар. Ол – Алла! Ол – халық.

  34. Камила 20 Қараша, 2019 22:20 Жауап

    Иə Куəгерлердің пікірі сарапқа əділ салынсын! Айқын жеңіп тұрғанын ел көріп тұр. Бостандық берілсін!

  35. Алмас әсемханұлы 20 Қараша, 2019 23:44 Жауап

    Сот процесінде фактімен дәлелленген, әшкереленген дәйектеріңді әділдіктің кепілі болған сот ескермесе шарасыздан сағың сынар. Неткен дәрменсіздік жағдай.

  36. Алмас әсемханұлы 20 Қараша, 2019 23:47 Жауап

    Мемлекеттік тілдің мәртебісін көтеру, қолданыс аясын ұлғайту үшін мемлекеттік тілді білуге деген талапты күшейту керек. Ол бірінші мемлекеттік қызметкерлерге қойылуы тиіс.

  37. Qyr balasy 20 Қараша, 2019 23:52 Жауап

    Мемлекеттік тілді жетік білетін, сот ісін жүргізе алатын соттардың болмағаны ма?

  38. Qyr balasy 20 Қараша, 2019 23:55 Жауап

    Ең құрмаса прокурор сот процесінде айтылған, келтірген фактілерді ескеріп дұрым үкім шығаруына септігін тигізер. Заңның орындалуына кепіл болған прокурорлар шатаспаса.

  39. Qyr balasy 20 Қараша, 2019 23:57 Жауап

    Ең құрмаса прокурор сот процесінде айтылған, келтірген фактілерді ескеріп дұрыc үкім шығаруына септігін тигізер. Заңның орындалуына кепіл болған прокурорлар шатаспаса.

  40. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 00:02 Жауап

    Соттың тек айыптау бағытында ғана жүргізіліп жатқаны көңілге қаяу келтіреді. Сот ісі соңына жетпей дереу сотты ауыстыру керек. Адам тағдыры шешілуде емес пе. Кінәсіз адамның өмір бойы динаған абыроына нұқсан келмек.

  41. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 00:03 Жауап

    Соттың тек айыптау бағытында ғана жүргізіліп жатқаны көңілге қаяу келтіреді. Сот ісі соңына жетпей дереу сотты ауыстыру керек. Адам тағдыры шешілуде емес пе. Кінәсіз адамның өмір бойы жиған абыройына нұқсан келмек.

  42. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 00:07 Жауап

    Тергеушілердің қылған құйтырқы істері үшін жауапқа тарту керек. Сот ісін соттың алдына әзірлейтін солар. Олардың жұмысы объективті болу керек.

  43. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 00:10 Жауап

    Ислам Әбіштің соты қоғамдағы ең өткір мәселер еріксіз көтерілуде. Әрине ұлт Жанашырлары қазақ деген азаматтар осы істің төңіргенде, басында жүрген азаматтарға дән ризамыз.

  44. Алмас Әсемханұлы 21 Қараша, 2019 00:19 Жауап

    Соттардың мемлекеттік тілді білмеуі, оған шорқақ болуы аудандық облысьық қалалық соттарда көптеп кездеседі. Өз басым сот процестерінде қазақша істерді жүргізгенде соттардың тарапынан істі жүргізуге қиналып жататынын сан байқаймын. Процесуалдық заңды бұзып орысша сайрай жөнелетін. Соттың дәрежесі сол кезде мен үшін бес тиын болатын. Аянышты бишара халде болатын. Сотқа «құрметті сот» деп айтудан қаласың.

  45. Айбын Аргын 21 Қараша, 2019 17:25 Жауап

    Иә, үш салалы биліктің бір тармағы – соттың өзі қазақ тіліне қырын қарап отырғаны байқалады. Басқа түгіл Елордадағы тұтас халық көз салып отырған Ислам Әбішев ісінің өзінде тілге осындай «құрмет» көрсетіліп жатса, еліміздің басқа өңірлерінде соттардың қандай жағдайда болып жатқанын бір Алла білсін!!! Жоғары Сот бұл мәселеге бейжай қарамай оң шешімін қабылдар деп ойлаймыз!!!

  46. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 20:57 Жауап

    Құқықтық мемлекет белгісінің бірі сот билігінің заң шығарушы жəне атқарушы билік тармақтарына тəуелсіз қызмет атқаруы болып табылады. Ал бідің соттар сол мемлекет,қоғаи үшін адал қызмет етіп жатыр ма деген заңды сұрақ туады.

  47. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 21:01 Жауап

    Құқықтық мемлекет белгісінің бірі сот билігінің заң шығарушы жəне атқарушы билік тармақтарына тəуелсіз қызмет атқаруы болып табылады. Ал ондағы қызметкерлер мемлекетке,қоғамға адал қызмет етіп жатыр ма деген заңды сұрақ туады.

  48. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 21:04 Жауап

    ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ белгісінің бірі сот билігінің заң шығарушы жəне атқарушы билік тармақтарына тəуелсіз қызмет атқаруы болып табылады. Ал ондағы қызметкерлер мемлекетке,қоғамға адал қызмет етіп жатыр ма деген заңды сұрақ туады.

  49. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 21:07 Жауап

    СОТ билігі мемлекеттің негізін құрайтын, əлеуметтік экономикалық, саяси жəне демократиялық даму жолындағы басты тетіктердің бірі болып саналады. Бүгінгі таңдағы сот жүйесі әр кімнің айтағына жалтақтап біреудің сойылын соғады.

  50. Qyr balasy 21 Қараша, 2019 21:14 Жауап

    СОТ билігінің мемлекетіміздің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор болуы тиіс. Қызмет етіп жатқан мемлекетінің тілін білмеу сұмдық

  51. Алмас әсемханұлы 21 Қараша, 2019 21:21 Жауап

    Республикамызда сотбеделіасқақ, мерейіүстем, мемлекеттік жоғарғы орган болып таныл у керек дейді ата заңымыз. Қазіргі соттың мемлекеттік тілді игермеуі, сауатты іс жүргізе алмауы қаншалықты олар дың мерейін үстемдеиеді?

  52. Алмас әсемханұлы 21 Қараша, 2019 21:34 Жауап

    Сот жүйесіне реормасын жасағанда мемлекеттік тілді білуге деген талап екінші планда қалғанғой.

  53. Алмас әсемханұлы 21 Қараша, 2019 21:36 Жауап

    Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс.

  54. Алмас әсемханұлы 21 Қараша, 2019 21:37 Жауап

    Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бəріне жария етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс.

  55. Нұрила 21 Қараша, 2019 22:24 Жауап

    Сонда бұлардың көздегені не? 20 адам түз түгел Ислам Əбішевтің пайдасы үшін пікір білдірсе. Босатсын!

  56. Ару 21 Қараша, 2019 22:27 Жауап

    Бүгін енді тіркелмеген істі қарап жатқандары мəлім болды. «Өлдің Мамай қор болдың» деген осы.. Босатыңдар енді…

  57. АЙША 21 Қараша, 2019 22:29 Жауап

    Айтарға сөз жоқ іс болды бұл тарихта қалатын. Тіркемесе тіркемей кетсін істі… Тек бостандыққа шығарсын қос азаматты…

  58. Еркемай 21 Қараша, 2019 22:31 Жауап

    Ой шіркіндер-ай күн сайын былықтары ашылып жатқанына қарамастан, беттері бүлк етпейді ау. Енді не деп ақталар екен …Бүгін тіркедік дей ме екен Əбішев ісін

  59. Әсел Ақболатқызы 23 Қараша, 2019 19:16 Жауап

    Не де болса, адамды мезі қылған мына соттың арты тек Әділетті түрде аяқталып, «Биліктің» емес, «Халықтың» пайдасына шешілген Дұрыс шешім болсын!

  60. Әйгерім Өтебайқызы 23 Қараша, 2019 19:21 Жауап

    «Тілге неге тіреліп тұр, бастысы шешім емес пе?» деген сұрақ мазалағаны рас түсінбегендерді. Түсіндіру үшін көп дәлелдің қажеті жоқ. Ойлаңыздар, тілді жетік меңгермеген адам бір сөзді түсінсе, екінші сөзді түсінбеуі мүмкін. Соның салдарынан адамның тағдырын шешетін сот түсінбестіктен, анығырақ, әділетсіздіктің кесірінен бостан-босқа зардап шегуі мүмкін. Мәселе осында. Осыны түсіне білетін сот болса ғой…

  61. Гулсим 25 Қараша, 2019 21:00 Жауап

    Буттын тагдырын ойлайтын емес уллтын тагдырын ойлайтын адамгой нагыз Абекен

  62. Куат 25 Қараша, 2019 21:07 Жауап

    Абиштей Азамат барда казагымнын мартебеси болады нагыз жан ашыр тек алга берилме ✊

  63. Майра 25 Қараша, 2019 21:10 Жауап

    Абишти озимиз ак актап алгымыз келеди,просто колымыздан ештеме келмейди созимиз ешкимге жетпейди окиништи

  64. Мыразбек 25 Қараша, 2019 21:12 Жауап

    Абиш мырзаны халыкка карапайым казакка жан ашыр екенин билем сол себепти колдайм

  65. Макпал 25 Қараша, 2019 21:14 Жауап

    Жогардагылар неге кор сокыр болып отырсыздар !беснеден белгилигой кинасиз адам екени!

  66. Тимур 25 Қараша, 2019 21:21 Жауап

    Шындык жассаын!Тура зинтке шыгуына 2ай калганда мундай иске бармайтыны аныккой.

  67. Жанат 25 Қараша, 2019 21:24 Жауап

    Акша ушин арды сатпа деп жастарга сабак болсын деп унеми Абиш мырза айтып отрушы еди ол кисинин мундай иске баруы мумкин емес!

  68. Бауржан 26 Қараша, 2019 20:23 Жауап

    Абиш оте акылды кози ашык жигит еди. жумыста кашанда тапкырлыгын корсететин

  69. Айгерим 26 Қараша, 2019 20:27 Жауап

    Барин четка етип ,тарс тарс еткизип айтты.Ал соган сот неге ман ьермей отыр екен.

  70. Манарбек 26 Қараша, 2019 20:30 Жауап

    Оте карайпайым шындыкты айтатын адилдиги бар жаксы басшы еди мен сизди ощ басым колдаймын

  71. Нурбол 26 Қараша, 2019 20:35 Жауап

    Мундай нарселерге жол бермейк колдан келгенше. Сол куни баримизге ауыр тили соттын казакша билмейтини тусинбейтини.Содан кейн сот кацданиадил отсин.

  72. Айжан 26 Қараша, 2019 20:41 Жауап

    Тизерлеп омир сургенше.тик турып ол дейди Бауыржан атамыз сондай намысы бар жигит еди Абиш мыктылыгынды осындайда корсет!

  73. Жасулан 26 Қараша, 2019 20:47 Жауап

    Абиш аганы озиме жакын тартам себеби коп жаксылыгын корген едим.Соттын адил отетинине сенемин.

  74. Марат 26 Қараша, 2019 20:54 Жауап

    Сиздин акконилдигинизбен адмадык касиетинизьен жолыныз болып,женип шыгат деп ойлаймын!

  75. Алуа 26 Қараша, 2019 21:01 Жауап

    Шыныдада » кейде «адилдик бар.Коп жагдайда Мартебели соттын биликтилгине байланысты . Осы Абиш аганын сотында биликти сот корип отканым жок ол тугили казакша билмейди.Не болсада адил отсинши деймин.Абиш ага шаршаманыз.

  76. Айзат 26 Қараша, 2019 21:13 Жауап

    Казакта озин сиякты ор кеудели, бул жалганда жарык жузимен жерди алшан баскан адилдиги озине жолдас болаган адам Абекен.Акаталып шыгады деген умиттемин.

  77. Султан 26 Қараша, 2019 21:17 Жауап

    Абиш биз сенин айткан ангименин ак карасын билемин.Адилдик орнап оз абыройнмен енбек демалсына шык,енбегин багаланса екен деймин.

  78. Рысбек 26 Қараша, 2019 21:19 Жауап

    Окталган оттан аман шыгуынызга тилектеспин Абиш ага сонында бир кайыры болар!

  79. Мираш 26 Қараша, 2019 23:20 Жауап

    Ералхан агада соттан адилдик сурап Абиш аганын кинасиз екенин айтуда Ерлан агага улкен рахмет осындай азаттык танытканы ушин.

  80. Света 27 Қараша, 2019 00:19 Жауап

    Абиш бауырым акикат ел намысы сенимен бирге тек алга! Канатын талмасын адилдик орнасын!

Пікір немесе жауап жазу

8 − 5 =