Әділ судьяны емес, ең болмаса қазақ тілін жетік білетін судьяны сұрап отырмыз – Абзал Құспан

10254
146
Бөлісу:

Сотта айыптау жағынан келген 20-ға жуық куәгердің барлығы Ислам Әбішевтің пайдасына жауап беріп, тергеушілердің қитұрқылықтарын әшкере еткен

Бүгін Су комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев пен «Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының» вице-президенті қызметін атқарған Серік Түкеевтің адвокаттары, журналистер мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері ҚР Жоғары сотының алдына жиналып, өз наразылықтарын білдірді, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігінің тілшісі.

Адвокаттардың айтуынша, қоғамның назарын аударған бұл істі жүргізіп жатқан судья Мекемтастың қазақ тілін жетік білмеуі мен судья Шаяхметованың ҚР қылмыстық-процестік кодексін өрескел бұзуына байланысты бір топ белсенділер Жоғарғы  сотқа шағым түсіруге арнайы келген.

– Бара-бара адвокаттар әділдікті сот залында емес, Ақорданың алдына шығып, митингіге шығып көшеде қорғауға мәжбүр болса, таң қалмаңыздар. Өйткені, жағдай осыған келе жатыр. Орыстың бір сөзі бар – «Докажи, что ты не верблюд» деген. Біз осы жерге өзіміздің түйе емес екенімізді дәлелдеуге келіп тұрмыз, басқа жол жоқ енді, – деді адвокат Абзал Құспан.

Оның сөзінше, Сотта айыптау жағынан келген 20-ға жуық куәгердің барлығы Ислам Әбішевтің пайдасына жауап беріп, тергеушілердің қитұрқылықтарын әшкере еткен. Сонымен қатар, ол өз сөзінде сот барысындағы процесстік құқық бұзушылықтар туралы айтып өтті.

– Сот өндірісінің тілі деген бар. Істі қарап жатқан судья қазақша білмейді. Біз оның (судья Қ. Мекемтас – ред) қазақ тілін білмейтінін дәлелдейік деп қарсылық берсек, қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын Шаяхметова деген тағы бір судья келеді де «Жоқ, ол қазақша жеткілікті біледі» деп қайтадан тағайындап кетеді. Тілден басқа процесстік заң нормаларын білмейді деп шағым берсек, оны судья Мекемтастың өзі қарап, «Сендердің өтініштерің қанағаттандырылмайды» деп өзі шешім шығарады, – деді Абзал Құспан.

Адвокаттың айтуынша, әу баста Ұлттық бюрода тергеу орыс тілінде жүргізіле бастаған. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің  30-бабының талаптарына сәйкес, тергеу алдымен Мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жүргізілуі керек екен.

– Біз Ислам Әбішевтің атынан тергеуді қазақ тілінде жүргізуді сұрап өтініш бергенімізде, тергеу тобының жетекшісі одан бас тартты. Одан кейін Бас прокуратураға шағым түсірдік. ҚР Бас прокуратурасындағы Бірінші қызметтің бастығы, ол Қазақстан бойынша бүкіл тергеу-анықтама қызметіне қадағалау жүргізетін адам, Серік Рысқалиұлы Шалабаев «Тергеудің орыс тілінде жүргізілуі заңды» деп, бізге «отказ» береді. Біз ондай сорақылықты тіпті күтпеген де едік. Тергеу сотына беру арқылы ғана біз істі қазақ тіліне ауыстыра алдық. Сөйтіп, істі әрең дегенде қазақшаға аудартып келсек, соттағы жағдай мынау,  – деді адвокат Абзал Құспан.

Атап өту керек, Ислам Әбішев ісіне қатысты өткен алғашқы сот отырысында судья Қ. Мекемтастың шығарған қазақ тіліндегі алғашқы қаулысынан адвокаттар 72 қате тауып, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына арнайы сараптама жасатқаны туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі бұған дейін хабарлаған болатын.

– Біз қып-қызыл ғып бояп көрсеттік судьяға өз қаулысын, ол беті бүлк етпестен «Компьютеріме вирус кіріп кетті» деп жауап берді… Біз соттың қандай үкім шығаратынын сөзсіз біліп отырмыз. Бірақ, процесстік негіздер бұзылатын болса, ол адам қамауда отыра беретін болса, сонда ол адамның Конституциялық құқығын біз қайда қоямыз? Біз әділ сот үкімін шығаратын судьяны сұрап отырған жоқпыз, біз ең болмаса біздің қазақша айтып жатқан өтініштерімізді түсінетін, аздап құқықтық сауаты бар судьяны сұрап отырмыз», – деді Абзал Құспан өз сөзінде.

Адвокаттар мен қоғам белсенділері өз шағымдарын жазып Жоғары сот ғимаратына кіргесін, Берік Уалиев есімді Жоғарғы сот өкілі белсенді топты ешкім қабылдамайтынын жеткізіп, Жоғарғы соттың төрағасынан бастап, барлық жауапты қызметкерлердің бір жаққа кетіп қалғанын айтып ақталды.

Жоғарғы сотқа әділдік іздеп келгендердің ішінде танымал әнші Ералхан Әбішев те бар. Соттың тек айыптау бағытында ғана жүргізіліп жатқанын тілге тиек еткен ол, мына сотты не тоқтату керек, не судьяларды ауыстыру керектігін айтты.

– Бұлардың ештеңеге қарамай адамды соттай салуы әбден мүмкін. Заңға түкіргендері бар. Соттың түрі мынау, прокурорың айқайлайды бізге. Біз Жоғарғы сотқа әділдік іздеп келіп отырмыз. Судья Мекемтас сот залында бейне жазба жүргізуге тыйым салды. Ал, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов өз сөзінде сот ісінде жариялылық болуы керектігін әрдайым айтады. Сонда, мына Мекемтас Асановқа емес, кімге бағынады?!. Сотқа сот жоқ боп тұр,  – деді Ералхан Әбішев.

Ескерту: Видео жазбалар журналист Сәуле Әбілдаханқызының фейсбук парақшасынан алынды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 146 пікір жазылған

  1. Алмас әсемханұлы 28 Қараша, 2019 11:15 Жауап

    Қазақ тілі қара халықтыңтілі ғана ма осы депутаттар, шенеуніктер одан қалды әділдікті орнатушы соттар мемлекеттік тілді білмейді. Бұл сорлылар емтиханды қалай өткен. Мемлекеттік тілді жеьік білуді мемлекеттік қызметкерлерге міндеттеу керек.

  2. Алмас әсемханұлы 28 Қараша, 2019 11:17 Жауап

    Тоқаев өз жолдауында қазақ тілінің мәртебесін көртеру, қолданыс аясын ұлғайту жөнінде айтқан еді. Мына соттардың тілге шорқақ болуы сын көтермейді.

  3. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 11:32 Жауап

    Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Осындай лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілді жетік білмеуі мемлекетке, халыққа деген құрметсіздік.

  4. Qyr balasy 28 Қараша, 2019 11:37 Жауап

    ҚР мемлекеттік тілі барша қазақ жерінде тұрып жатқан халықтарды біріктірудің басты факторы. Өзіміздің қазақтар өз тілін білмеуі тілдің елдің ұлттың дамуына зиян келтіруде. Олар қазақ тілінің қызметте қолдануына кедергі келтіруде.

  5. Алмас әсемханұлы 28 Қараша, 2019 11:53 Жауап

    Бұл істі қазақ тілінде жүргізіп отырған қоғаушыларға дән ризамын. Осындай аты шулы сот ісін қазақ тілінде жүруінде қорғаушылардың ниеті өте дұрыс. Оларға рахмет айтамыз. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, сот ісі қазақ тілінде жүруі жас мамандарға қазақ тілінде іс жүргізудегі тәжірбие. Қазіргі таңда шазақ тілінің сот ісі тәжербиесі жетіспейді. Жастар орыс іске үйір. Себебі барлық ақпаратторысша кең таралған. Қоғаушылардың үлесі зор.

  6. Алмас 28 Қараша, 2019 19:47 Жауап

    Абиш оте адал адам.Адамды томендеттеин басшылар сиякты емес,кайта керсинше котеретип демеу беретин еди

  7. Манат 28 Қараша, 2019 19:50 Жауап

    Хлеб и зрелище деген соз баргой Укмет осы нарседен ута мекен.Абиш Ислам ак екенин баримиз билемиз.

  8. Самат 28 Қараша, 2019 19:52 Жауап

    Шыншыл турашыл адам екенизди билемиз сот залында саттилик серигинзиз болып акталып шыгыныз

  9. Курман 28 Қараша, 2019 19:57 Жауап

    Абишев мырза осы уакытка дейiн оз кызметiн жогары сапада icтегенiн барi бiледi. Бipak окiнiштici сол бiзде адiлетсiз жала жабу адетке айналган.

  10. Баглан 28 Қараша, 2019 20:00 Жауап

    Кезінде еңбегін бағалаған билік, енді жалақорлардың жалған ақпарат бергенін сезе тұра адал ары таза, мемлекет қаржысын үнемдеген арда азамат Ислам Әбішевтің ісін заң бойынша бостандыққа шығаратын кезіде келді ғой !

  11. Нуржан 28 Қараша, 2019 20:02 Жауап

    Зейнет жасында қайда қашады деп ойлайды сот мырза? Қинамай тергеу,сот, кезінде үй қамауында жіберсе болатын еді гой.

  12. Талма 28 Қараша, 2019 20:04 Жауап

    Мына судья бір адамның тағдырын талқандап жатыр ғой. Недеген надандық қағазға жазылған үкімі ма?оқи алмай тұрғаны нес маскара.

  13. Калдыгул 28 Қараша, 2019 20:06 Жауап

    Мына сот мырза сауатсызгой тук казакша билмейдигой? Абишев мырза сизге тозим берсин мынау деген барып турган бассыздык кои?

  14. Алма 28 Қараша, 2019 20:13 Жауап

    Сот тәуелсиз болмай жазыксыз адамдар соттала береди. Осындай сауатсыз судьяларданы курту керек.Абишев мырзага бостандык!

  15. Корган 28 Қараша, 2019 20:15 Жауап

    Ислам Әбишевтин киналаи дегенге сенбеймін. Сауатты оз исинин адам болын. Бул нагыз бопсалау

  16. Арыстан 28 Қараша, 2019 20:22 Жауап

    Ислам Абиш елге жаксылыгы тиген жан.Бостандыкка шыкса али талай енбеги синеди.Тезирек босан шыксыншы!

  17. Тимур 28 Қараша, 2019 20:33 Жауап

    Судя многие не понимают. И даже юристы в недоумении,мягко говоря!Абишева здесь не веновно судьят

  18. Коля 28 Қараша, 2019 20:36 Жауап

    До сих пор не встречалась. Это что за казус юридический?! Покушение…Я так понимаю,либо брал,либо нет,остальное игры с постановкой. Значит нет прямых доказательств и используются свидетели.Мы на стороне Абишева!

  19. Рая 28 Қараша, 2019 20:48 Жауап

    Қылмыстық іс қозғалмаған, жалған куәгерлермен Ислам Әбішевті пара алмаса да «Алуға оқталды» деп жалған жала жауып отыр. Бұл туралы сайрап жатқан нақты фактілер жетерлік. Бірақ, солақай саясаттың салқынымен жазықсыз жапа шегіп отыр.

  20. Улан 28 Қараша, 2019 20:49 Жауап

    Халық соқыр емес, бәрін көзімен көріп, құлағымен естіп отыр. Ал халық айтса, қалт айтпайтынын өзіңіз де білетін шығарсыз…

  21. Сакен 28 Қараша, 2019 20:54 Жауап

    Пара алып усталса бір жөн. Ол тек пара алғысы келді деген жаланың құрбаны болуда.

  22. Гулнур 28 Қараша, 2019 20:58 Жауап

    Қылмытық іс жоқ бірақ сотталушы бар керемет ойлап тапқан. Бұларда ар-ұят,адамгершілік адамға деген құрмет жоқ.

  23. Махаббат 28 Қараша, 2019 21:01 Жауап

    Ислам аганын быраз жакыслгын корген едик топта акылды айтар сози бар турашыл адам еди, мундай кылмыска барады деп ойламаймын

  24. Дарын 28 Қараша, 2019 21:03 Жауап

    Қылмыстық іс тіркелмесе де, адам тағдырын тәлкекке салған Прокуратура мен сот органдарының заңды белден басуын бір тоқтатса екен деймиз.

  25. Рустем 28 Қараша, 2019 21:04 Жауап

    Жалған куәгерге ғана иек артқан айқын дәлелсіз соттауға құлшынған қадағалау органының құйтырқы әрекеттері әшкереленіп, әділдік жеңер деген үмітіміз бар.

  26. Куаныш 28 Қараша, 2019 21:11 Жауап

    Курмети агайын талай зансыздыкты корип едик ал мынандай сумдыкты коргенимиз жок.Неге жазыксыз адамды уитп айыптайды бостандык сураймыз.

  27. Жумабай 28 Қараша, 2019 21:12 Жауап

    Менын ойымша бундай сумдык зан бузушылыкка Бас прокурормен катар, Жогаргы сот та араласу кажет, ойткены мынандай шала сауатты соттар мен сот процесынын жургызу тартыбын бузушылыктар халыктын сот жуйесыне деген жагымсыз козкарасын калыптастырады

  28. Гулим 28 Қараша, 2019 21:15 Жауап

    Сонымен катар,елымыздын сот жуйесыне деген сенымы куннен кунге азаюда жане жагымсыз пыкырлермен еселенуде

Пікір немесе жауап жазу

2 + 17 =