Президент: 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн астам қазақ көшіп келді

Бүгін шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданған күн. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.

«18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді», - деді Президент.