Президент назарына жеткізуді сұраймыз

264
0
Бөлісу:

Құрметті
Қазыбек Жарылқасынұлы!

Барша аудан жұртшылығы сияқты Сіздің Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі болып сай­ланғаныңызды қуаныш­пен қарсы алдым. Ел сенімін ақ­таудағы қоғамдық жұмы­сыңызға табыс тілеймін! Әрқашан абырой биігінен көріне беріңіз. Әлеу­меттік желі арқылы көптің көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп жүргеніңізді көріп, ризашылық сезімге бөленіп отырамыз.
Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланыс­ты атқарып жатқан жұмыстары көңілге қуаныш ұялатады. Көпбалалы отбасылардың банктерге қарызын қысқарту шаралары көптің көңілінен шығып, ризашылықтарын білдіруде.
Маған Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы ретінде көпбалалы аналар кол­лекторлық мекемелерге өтіп кеткен қарыздарды қысқарту туралы ұсыныстарын мемлекет басшысына жеткізуді өтінеді. Коллекторлық мекемелерге қарызды қысқартуға мүмкіндігі болмағандықтан, Сізден осы мәселені Ұлттық сенім кеңесінде талқылап, ел Президентінің назарына жеткізуіңізді өтінеміз.

Қ.Ілиясов,
Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Түркістан облысы
2019 жыл, қазан.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

бес + бір =