Ғылыми атағы барлардың бәрі ғалым ба?

Диссертациясында өзгенің еңбегін көшірді деп басы дауға қалған Білім және ғылым вице-министрі ақыры қызметінен кетті. Министрдің кеңесшісі бұл жағдайды Фатима Жақыпованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты деп түсіндірді. Бұдан бұрын аталмыш министрлікте департамент басшысы қызметін атқарған Анар Қайырбекова Жақыпованы 2009 жылы жазған дисертациясын толығымен көшіріп алған деген еді. Тіпті, плагиатқа барған оның әрекетін екі бірдей шетелдік антиплагиат жүйесі растап бергендігін айтқан. Ал сенаторлар министрдің орынбасары мемлекеттік қызметтің этикалық кодексін бұзды деген болатын. Біреулер бүкіл ғұмырын ғылымға арнап, ғалым атанады. Енді біреулер ғылыми атақты еріккеннен немесе сән үшін қорғайды. Біздің құрметті парламентшілеріміз өз әріптестері мен алдарына жиі келетін министрлер мен әкімдердің қатарларын арнайы тексеріп көрсе оған оп-оңай көз жеткізе алады. qazaquni.kz