Біздің науқастарға тиесілі дәрілер Ресейде сатылып жатыр

1011
0
Бөлісу:

Біздің еліміздегі қатерлі ісікке шалдыққандарға тегін берілетін дәрі-дәрмек Ресей дәріханаларында сатылған. Бұл препараттардың әр қорабының өзі миллион теңгеден асады. Бюджеттің миллиардтарына алынған дәрі-дәрмектің көрші елге қалай жеткені әзірге белгісіз.

ҚР Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің комитет төрайымы Людмила Бюра­бекова­ның айтуынша, «Ресейде қазақстандық мөрмен дәрі-дәр­мектер сатылып жатыр» деп нау­қастар хабарлапты. «СК-Фармация» сатып алатын бұл препараттарға мөр тек тегін таратылатын жағдайда ғана басылады. Егер дәрі-дәрмектердің заңсыз тасымалданғаны анық­талса, іс бірден Бас прокуратураға жолданады. Дәрі-дәрмектер терінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға арналған. Ведомство кінәлілерді табу оңайға соқпайтынын жасырмайды. Өйткені, медикаменттер тек 11 стацио­нарға жеткізілген. Мұндай жағдай елімізде алғаш емес. Жылдың басында қазақстан­дық­тарға арналған инсулин Өзбек­стан дәріханаларында са­тылған. Ол кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңсыз жеткізгендердің табылып, 28 қылмыстық іс қозғалғанын айтқан-ды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу