Ислам Әбішевтің 12 ерлігі

2136
59
Бөлісу:

Тақырыпты оқыған кейбір көзі ашық болғанмен, көкірегі күдікшіл кердің көңілінде («кер», «ман» – сақ дәуірінен жеткен, «адам» деген мағына беретін сөздер, мысалы, суреткер, қаһарман) бірден «туу, мына кісі өмір бойы басшы болып істеген, демек, жемқор болмауы мүмкін емес жерлесін «қайтсем ақтаймын?» деген оймен ежелгі грек аңызындағы елге еткен 12 ерлігі үшін Зевс бастаған көп құдайдың өздерінің шешімімен солардың қатарына қосылып, Олимп тауынан орын тепкен Гераклге теңестіріпті ғой! Геракл қайда, Әбішев қайда? Сірә, кешегі төраға жазадан құтылып кету үшін ақшаны аямай беріп жатыр екен ғой» деген ой тууы сөзсіз. Оны өзімізге де талай адам айтып жүр. Біріншіден, кейіпкеріміз сүттен – ақ, судан – таза, періштеден – пәк (белый и пушистый) еді демейміз, бірақ, дәл осы істе жазықсыз күйіп бара жатқан сыйлас жанға қол ұшын беру адамдық міндетіміз деп есептейміз. Ақша туралы сөз қозғау ойымызға де келген жоқ, теңгені төпеп төгіп жатқан Әбішев те жоқ. Жалпы, кінәлі адам ғана істі өз пайдасына бұру үшін шашпаушы ма еді ақшаны?.. Екіншіден, 2003 жылдан бері шамамыздың жеткенінше тек шындықты жазуға тырысып келеміз. Төменнен де тек тыржалаңаш дәлел мен дәйекті табасыз (голые факты и аргументы). Сөзге тоқтаған ұлттың ұрпағымыз ғой, он минут уақытыңыздың кеткеніне өкінбейсіз, оған кепілдік береміз…

Бісміллә деп, Исекеңнің бірінші ерлігі – 30 жасында кеңес тарихында тұңғыш рет кеңшар директорлығына деген сайлауда жеңіп шыққаны ғана емес, сөзінде тұрып, артта қалған шаруашылықты озаттар қатарына қосқаны!

Екінші ерлігі деп 2000-2002 жылдары Ордабасы ауданын басқарған кезде халықтың жағдайын жеңілдету жолында «несиелік серіктестік» секілді жаңалықтар енгізгені, сол заманда «дәуірі жүріп тұрған» әр «камазистке» бір кембағал отбасыны жетекке алуды жүктегені секілді (1981-2003 ж.ж Малайзия премьер-министрі Мохатхир Мохаммад та байлыққа да, билікке де, ұлттық басымдыққа де ие – ел тұрғындарының 50% – қытайлар, 35% – малайлар, 15%% – үндістер еді – болып отырған «қытайдың әрқайсысы компания ашқанда бір малайды тең құрылтайшы етіп алуға міндетті» деген жарлық шығарып, халқының қолын тез арада теңдікке жеткізген болатын…) қиыннан қиыстырған еңбегі үшін «оған дейін де, одан кейін де ауданымызды Әбішевтей әкім басқарған жоқ» деген бейресми үздік атақты еншілегенін айтар едік. «Көптің аузы – дуалы», көпшіліктің бұл бағасымен келіспейтініңіз өз ауданыңыздың тарихында сондай жақсы атты кімге берер едіңіз, сондай атқа лайық әкім болып па еді, бір минут ойланып көріңіз.

Үшінші ерлік деп, 2008 жылы көктемде Келестегі біраз ауылды тасқын су алғанда қолдағы бар ақшамен, аз ақшамен, сырттан көмек-жәрдемсіз, құрылыс заттарын 150-200 км жерден таси отырып, күні-түні дерлік құрылыстың басында болып, жұмыс барысын қатаң қадағалап, кез-келген мәселені созбұйдаға салмай, табан астында шешіп отырғандықтан ешқандай дау-дамайсыз екі-үш айда бітіргенін айтсақ жарасар.

Төртінші ерлік деп, 2009 жылы Арыстағы арсеналда алғашқы рет ірі жарылыс болғанда, өрт сөндірушілерге, әскери мамандарға үлгі көрсетіп, жарылып жатқан ең үлкен қойманың үстіне басын бәйгеге тігіп өзі шыққанын, соның арқасында құтқару ісінің жедел де ұтымды ұйымдастырылғанын еске алсақ жөн болар.

Бесінші ерліктің атын «Өскеменді қазақыландыру», қазақыландыра отырып, ісінің әділдігінің арқасында әлі күнге қалың ормандай ұйысып отырған орысты мойындатуын атаған дұрыс сияқты. Екі жарым жылдай ғана уақытта «қаланың құрметті азаматы» атағын алуы. Ең маңыздысы – Астанаға ауысып бара жатқан әкімді шығарып салуға, бірінен бірі бүгінгі заманның «ұзын құлағы» арқылы хабарласып, әуежайға мыңдаған қарапайым (көбі орыс) халықтың келуі. Бұл құрметке жететін орден, медаль бар болса, атын атауыңызды өтінеміз…

Алтыншы ерлігі деп, 2012 жылы Су ресурстары комитетін басқаруға келген соң, су қоймаларын, арықтарды, арналарды (каналдарды) жөндеуге деп, бірнеше жылға жоспарланған қаржының 2012 жылы күзге дейін 300 млрд.теңгесін үнемдегінін айту міндет. Қызмет құлағын ұстаған әріптестері «бұл бағдарлама сен келгенге дейін қабылданған, сен оған жауап бермейсің» деп, бір ғана жобадан 2 млрд.теңге «ауыз бастырыққа» ұсынғанда алмауды «ерлік емес» десеңіз өзіңіз білесіз. Бір кездері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «мемлекеттің қаржысын түгендеу маған ғана керек пе?!» дегені бар болатын. Іс жүзінде басқа қай министр, қай әкімнің үнемдеген мысалын кім айтып бере алады?..

Жетінші ерлігі – ҚР Су комитеті өзінің бұрынғы төрағасы И.Әбішев «300 млрд.теңге үнемдегені үшін» 2013-2104 ж.ж. 9 ай жұмыссыз жүрген кезінде суландырмалы жердің жарамсыз болып қалған 60 (алпыс) мың гектарын қайта қалпына келтіру үшін 1,533 трлн.теңгенің бағдарламасын жасайды. Үкімет оны бекітеді! 2014 жылы сәуірде қызметіне Н.Назарбаевтың тікелей араласуымен қайта оралған И.Әбішев комитеті бар, республикалық, облыстық, аудандық су шарушылық мекемелері бар, қызметкерлерімен, өзі сияқты мемлекетшіл азаматтармен бірге алты ай бойы, күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, бел шешіп жатпай жұмыс істеп, 610 (алты жүз он) мың гектар жерді 580 млрд.теңгеге қалпына келтіруге болатынын есептеп шығарады! Өз еріктерімен! Ешқандай үкіметтің тапсырмасыз! Үнем – 963 млрд.теңге!

Жетінші ерлігі, тарихи ерлігі – есеп-қисабының дұрыс екенін Үкіметпен екі жыл айтысып жүріп (бюджетті үнемдеймін деп Үкіметпен айтысу – шынында да, қызық қой, ә?..), ақыры дәлелдеп шығады. Оған Президент: «Б.Сағынтаевқа, А.Мамытбековке. И.Абишевтің ұсыныстары бұрынғы бағдарламадан ұтымды. Қарап, үкіметте шешім қабылдау үшін. Н.Назарбаев. 19 қараша 2014 ж» деген бұрыштама қояды.

Бұны «тарихи ерлік» демеске лаж жоқ. Себебі, «300 млрд.теңге үнемінен» кейін 1трлн.теңге үшін «алдында не күтіп тұрғанын» Әбішев анық көрді. Көріп тұрып, күш тең емес екенін көріп тұрып, саналы түрде барды. Соның бәрін біліп тұрған, 2019 жылдың сәуірінде зейнетке шығуға дайындалып жүрген адам пара алуға оқталады деу ешқандай қисынға

сыймайды ғой! Бұндай көзсіз ерліктің шынайы бағасын біз бере алмаймыз, келер ұрпақ береді…

Сегізінші ерлігі – 1трлн.теңгенің бюджеттің шығыс бөлігінен шығып қалғанына «іші күйіп, жанып, өртеніп, күл болып кеткен», оны басамын деп «мұз шайнап, қар асаған», сонда да «күйігін баса алмаған» сүйікті үкіметіміздің қолынан бар келгені – 1533 млрд.теңге табылған бюджеттен 580 млрд.теңге таба алмай қалыпты, сөйтіп, «қаржыны өзің табасың» деу болыпты. Өз өкіметі өзекке тепкен адам не істейді – халықаралық қаржы көздеріне барады-дағы. Олар, әрине, беруге дайын, тек кепілдік керек. Ислам Әбішевтің қомандасы оны да табады…

Тоғызыншы ерлігі, басты ерлігі – 2013-2014 жылдары 9 ай жұмыссыз жүргенінде үйдегі әйел-бала-шағасының «Құдай-ау, бюджеттің ақшасын үнемдеймін деп неңіз бар, сонда алған алғысыңыз мынау, егер қызметіңізге қайтып бара қалсаңыз, тағы да «экономдаймын» деп жүрмейсіз бе?..» деген сұрағына «Әрине, экономдаймын!» деген бір-ақ ауыз жауабы. Ол ол ма, оның биылғы сотта «судья мырза, мен осындай мүмкіндік тағы алдымнан шығар болса, тағы да бұрынғы істеген ісімді істеймін, ал, сіз не істейсіз – ақтайсыз ба, соттайсыз ба, өзіңіз білесіз, өзіңіз істеуге тиістіні істей беріңіз!» деп қасқайып қарап тұрып жауап бергені. Сертінде тұрғандығы! Мәшһүр Жүсіп атамыз «қазақтықтың бірінші белгісі – сөзде тұрмақтық» деп бағалаған. Яғни, адамдықтың белгісі деген сөз. Алдыңғы тоғыз ерліктің бәрі осы болмыстың – сертке беріктіктің – арқасында мүмкін болып отыр.

Ислам Әбішевтің сөзіне біз сенеміз. Сенбеске лажымыз жоқ, себебі ол ол сөзі мен ісі бірден шығатын адам екенін әбден дәлелдеген азамат. Және оны жария етпей, ешкімге міндет етпей жүріп жасаған азамат. Біз былтыр «Сайрагүлдің аман қалғаны өзіне жақсы, құрбан болғаны қазаққа жақсы» деп мақала жазған едік. Алла сақтасын, Исекең қытай өкіметі сыртынан өлім жазасына кесіп қойған Сайрагүл емес, сонда да болса азаматымыз аман болсын! Ол онсыз да денсаулығын, өмірінің тоғыз айын құрбан етіп отырған адам. «Ең жаман нәрсенің де бір қайыры, жақсылығы бар» дейді қазақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлеріне «рахмет!» Олар осы істі «тікпегенде» ешкім Ислам Әбішевтің мұндай ерлігін білмей де қалар еді. Ел болған соң ерлерді тудырмай тұрмайды. Тек олардың аты-жөнін біз біле бермейміз. Себебі, ондай адамдардың бәріне ортақ қасиет, олар жоғарыда айтылғандай, көкірек ұрмайды, ерлігін елге жаймайды, істеуге тиісті міндетім деп қана біледі. Исекеңнің екі қызметкері – республикалық «Қазсушар» мекемесінің басшысы Өмірбек Жампозов бен Алматы облыстық «Сушар» мекемесінің директоры Серік Мұхамадиев, «1 трлн.теңге үнемдеу» ісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлерінің жапқан жаласына, көрсеткен қорлығына шыдамай, алпыстан асқан шағында адал атына жазықсыз кір келтіріп жүргеннен, түрме азабын тартқаннан ажалды артық бағалаған жандар. Алла-Таағала марқұмдардың артының қайырын берсін!

Ислам Әбішев «аман болып, тірі жүрсем ол екі азаматтың атының ақталуына қол жеткізбей қоймаймын, ол менің азаматтық міндетім» деп

отыр. Ал, сіз бен біздің, бәріміздің міндетіміз – көрген қиыншылығын қара нардай қыңқ етпей көтеріп отырған баурымыздың әділетсіздіктің құрбаны болып кетпеуіне қолымыздан келгенінше атсалысу болса керек…

P.S. «Ислам Әбішевтің 12 ерлігі» деп едіңіз, сіздікі 10 болып қалды ғой?..» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл о баста солай жоспарланған жазба. Он екіге жеткізгіміз келсе, ол онша қиын шаруа емес еді. Бірақ, Ислам Әбішев осы сотта ақталып шығар болса – ал, оның ертелі-кеш бәрібір ақталатыны сөзсіз! – ерлігінің санын он екіден асырып жібереріне біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Мәселе сонда! Америка қалай Америка болып әлемге үстемдік құрып отыр? Онда әрбір талантты адамға өзін көрсетуге мемлекет барлық жағдайды жасап қойған. (Басқа ешқандай құпиясы жоқ). Әсіресе, ғалым, өнертапқыш, инженерлер мен менеджерлерге, яғни, басқарушыларға. Басқарушылық талант – таланттың ішіндегі ең құндысы. Бізде болса Мұхтар Жәкішев 10 жылдан бері қапаста отыр, енді Ислам Әбішевке сондай қауіп төніп тұр. «Ұлы» дейтін Сталиннің өзі жаны мұрнының ұшына келгенде түрмедегі қару-жарақ министрі Ванников секілді толып жатқан дара тұлғаның бәрін шығаруға мәжбүр болған (Рокоссовский мен Королев те бар олардың арасында). Ендеше, Жәкішевтей, Әбішевтей азаматтарды соттау емес, олардың талантын мүмкіндігінше өндіріске пайдаланып қалу керек…

P.P.S. Айтпақшы, Гераклдің өзінің де ерлігі он екімен бітпеген, бірақ, ол жайлы тағы бірде әңгіме етерміз…

Өмірзақ Ақжігіт,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 59 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 16 Қараша, 2019 14:54 Жауап

    Ислам Әбішевтің қанша ел үшін еткен жемісті еңбектері мен ерлік қадамдарын ескерусіз қалдырып, жалған жала жапқандардың арызын қолдап, есіл ерді езгіге салып қаралап, түрмеде қинап, қисынсыз әрекет жасап отырған әділетсіз қоғамның Ислам Әбішевті бостандыққа шығаруын талап етеміз. Ердің еңбегін бағалай білсе Ислам Әбішев мұндай қасірет тартпас еді !

  2. Айбын Аргын 16 Қараша, 2019 18:24 Жауап

    Елдің игілігі үшін осындай ерлік қадамдарға барған адамға осындай қорлық көрсету қаншалықты адамшылыққа жатады? Зейнет жасына жетіп, енді еңбегінің зейнетін көрмек болғанда «пара алмақ болған» деп жөні жоқ айыпты мойнына іліп жіберген. Алайда, елдің көзі елу барлық соттағы заңсыздықтарды көріп-біліп отыр. Қоғамды ешкім алдай алмайды. Сондықтан ешбір нақты дәлелсіз отырған арда азаматтың бостандыққа шығарылуын талап етеміз.

  3. Қанат 16 Қараша, 2019 20:22 Жауап

    Кімнің тарысы шашылса соның тауығы болатын журналистерге дауа жоқ… сайрайсыңдар-ау!

  4. Айым 16 Қараша, 2019 20:30 Жауап

    Елі үшін еңбек еткен ерлердің бəрі дəл мұндай ерлік жасаған жоқ шынында.Тарихта атын алтын əріппен жазып қалдыратын аймаңдайлы азаматы болса қазақтың ол – Ислам Əбішев!

  5. Гүлмира 16 Қараша, 2019 20:37 Жауап

    Кім не десе о десін Ислам Əбішев халқына қалтқысыз қызмет еткен азамат.Бесінші ерлігі деп автор айтқандай, Өскеменді қазақыландыру. Орыстардың көзіне жас алғызу бұған дейін ешбір əкімге жасалмаған құрмет шығар.Осыдан кейін ақ кімнің кім екенін білуге болар.

  6. Дина 16 Қараша, 2019 20:41 Жауап

    Қарапайым халық үшін осыншама ақ адал еңбек етіп келіп, зейнет жасына жеткенде аяқ астынан пара алуға оқталды деген нағыз ертегі ғой. Алғысы келсе Əбішев бұған дейін мемлекет қаржысын үнемдегенше алып, асап қалар еді ғой. Бостандық берілсін!

  7. Лаура 16 Қараша, 2019 20:46 Жауап

    Дина соны мына соттың түсінбей отырғаны өкінішті. Біле тұрып білмегенсу ғой бұл…Əбішевке Еркіндік!

  8. Мариям 16 Қараша, 2019 22:10 Жауап

    Осындай еліне елеулі азаматты сот алдында ел алдында қаралау кімге керек болды? Алла жазасын берсін! Əбішев бостандыққа лайық тұлға.

  9. Маржан 16 Қараша, 2019 22:16 Жауап

    Əбішев Оңтүстік жақта бір елдімекенді су алғанда өз жеке атынан 50 үйдің салынуына мұрындық болған. Өткенде біреулер қайырымдылық жасамады деп шулап жатыр еді. Үндемей жүріп үйдей іс бітірген Əбішевке мың қайтара алғы айтып, тілеуін тілеп отыр жұрт.Бостандық!!!

  10. Мадина 16 Қараша, 2019 22:23 Жауап

    Соншалықты топас судьяларға сеніп тапсырып, Əбішев ісін отырғанымыз ай… Қол қусырып қалмайық .. ағайын… Қолдайық, халқына қамқор болған қара нардай азаматтарымызды….

  11. Қарақат 16 Қараша, 2019 22:28 Жауап

    Эхххх, біздің ел, біздің жер… Қор болған қайран қара нардай азаматтың өмірі … Не істейміз ағайын? Бас біріктіріп мына сұм соттан аман алып қаларлық ір амал табылмай ма қос азаматты…Əбішев пен Түкиевтей азаматтар біздің қоғамға керек….

  12. Рауана 16 Қараша, 2019 22:32 Жауап

    Əбшевтің тырнағына татымайтын сумыйларға оның өмірін сеніп тапсыруға мəжбүрледі-ау…Алла өзің қолдай көр, өзің қорғай Исламдай елдің ерін… Өзіңнен асқан қолдаушы да, қорғаушы да жоқ… Бір өзіңе аманат еттік Абзал азамматтарды…

  13. Ақжарқын 17 Қараша, 2019 21:23 Жауап

    Əбішев қандай істі қолға алса да тындырымды атқарып, артынан тек жақсы сөз қалдыра білді. Аман жүрсін жаны ізгі жақсы адам! Бостандық!

  14. Лəйлə 17 Қараша, 2019 21:39 Жауап

    Өскеменді өрлеткен əкім, орыстанған өлкені қазақы рухы мықты ел еткен əкім! Ол – Əбішев! Бостандыққа шығуын сұраймыз!

  15. Несібелі 17 Қараша, 2019 21:43 Жауап

    Əр ісі – аңыз, алпыс үштегі – абыз! Əбішевтің ілкімді ісі үлкенге де кішіге де өнеге. Мына құқ етпейтін судьялар салған сергелдең қашан тоқтайды? Бостандық пайғамбар жастағы аяулы азамат Əбішевке!

  16. АЙША 17 Қараша, 2019 21:53 Жауап

    Бұл түрімізбен қайтіп дамыған өркендеген ел боламыз? Неге біз тура өз-өзімізге дұшпандық жасаймыз? Олай болмаса мемлекеттің қыруар қаржысын үнемеген адамның күшін пайдаланбаймыз ба ел дамуына.Бостандық Ислам Əбішевке

  17. Мейіркүл 17 Қараша, 2019 22:23 Жауап

    Төртінші ерлігі арыстықтардың есінде мəңгі қалары анық. Биылғы жылғы апатта халық жанашыр аяулы азамат Ислам Əбішевті іздеді. Бостандық оған!

  18. Эльмира 17 Қараша, 2019 22:29 Жауап

    Ордабасылықтар үшін ауқымды істер атқарған Əбішевті аймақ жұртшылығы ешқашан ұмытпайды. Қазір де өңір халқы Ислам ағаның тілеуін тілеп отыр. Бостандық!

  19. Аяла 17 Қараша, 2019 22:33 Жауап

    Елі үшін ерен ерліктерге барған ер – Ислам Əбішевтың соты ел тарихында мəңгі қалмақ. Десе де бір Құдай жар болар деп əлі де үміттіміз бостандықтан.

  20. Гүлбахар 17 Қараша, 2019 22:46 Жауап

    Ерлігін елі айтып тауыса алмас бір ер болса о – Ислам Əбішев. Іскерлікпен қатар, Алла сыұты рух берген ардақты азамат! Еркіндікке шықсын!

  21. Дамила 17 Қараша, 2019 22:58 Жауап

    Елдің де ердің де ері – Əбішев. Жақып Асанов мырза Қазақстан сотының абыройын айрандай еткіңіз келмесе сотты тоқтатуыңызды сұраймыз.

  22. Қарақат 17 Қараша, 2019 23:07 Жауап

    Жəкішев сияқты он жылдап тас түрмеге қамаса онда сотты көріп біліп отырған халықтан ұялмай заңды белшеден басқаны. Бірақ əлем көз тігіп отырғанда олай жасай алмас

  23. Мая 17 Қараша, 2019 23:12 Жауап

    Исекеңнің басты ерлігі – соттың оспадарсыз əрекетіне шыдаммен қарап төзімділік танытып келе жатқанында. Бостандық!!!

  24. Мая'2 17 Қараша, 2019 23:14 Жауап

    Исекеңнің басты ерлігі – соттың оспадарсыз əрекетіне шыдаммен қарап төзімділік танытып келе жатқанында. Бостандық берілсін!!!

  25. Аяла 18 Қараша, 2019 18:10 Жауап

    Алла қолдасын, Ислам Əбішевті. Қарапайым халыққа жасаған сансыз сауапты істері еселеніп қайтады əлі-ақ. Еркіндікке шықсын!

  26. Асия 18 Қараша, 2019 18:13 Жауап

    Ерен ерлік Ислам Əбішевтікі. Тоғыз айдан бері денсаулығы сыр бергеніне қарамай, рухын түсірмеді. Жігерлі жаннның жігері жасымасын. Алла қолдасын!

  27. Хадиша 18 Қараша, 2019 18:17 Жауап

    Осындай еселі еңбек еткен адам Ислам Əбішевтың қайта орасан зор потенциалын мемлекет игілігіне пайданбай ма? Бостандық беріп, бір саланы берсе гүлдендірер еді

  28. Алмас әсемханұлы 18 Қараша, 2019 20:33 Жауап

    Ислам Әбішевтің адал, нәтижелі қызметін халық жақсы біледі. Нақты дәлел болмаса да түрмеге қамап тергеп қоюуы қаншалықты заңды. Азаматтығы жоғары, Ислам әбіштің әр соты, тартыспен шумен өтеді. Ендігі жерде үйқамаққа шығуына жағдай жасаса… дұрыс болар еді.

  29. Алмас әсемханұлы 18 Қараша, 2019 20:36 Жауап

    Ислам Әбіштің асқан менеддменттік сапасымен жоғары деңгейле өзіне берілген жұмысты асыра атқарып шықты.

  30. Алмас әсемханұлы 18 Қараша, 2019 20:39 Жауап

    Ислам Әбішке жабылған жала мемлекеттік бюджетті тонаушылардың жоспары.

  31. Qyr balasy 18 Қараша, 2019 20:42 Жауап

    Қызметте мұндай жоғары көрсеткішке жеткен кадрларды алақанда ұстау керек. Посзорын шығарып соттамай.

  32. Qyr balasy 18 Қараша, 2019 20:45 Жауап

    Тәуелсіздік алғалы халқымыз асқан дарынды, бір туар ұлдарды тудырды. Мықты, жас талантты қазақтар шығуда. Қазақ еліннің танылуына әр қалай қызмет етуде. Әр кім өз маласында. Сол сияқты бұндай дарынды өз ісінің шебері мемлекеттік қызметкерлерде бар. Ислам әбіш сондай білікті мамандардың бірі.

  33. Алмас әсемханұлы 18 Қараша, 2019 20:48 Жауап

    Ислам әбіш соты судялар мен жалқорларға оңай болмасы анық. Іштері жарылып бастарын қайда тығарын білмеуде. Байғұстар

  34. Алмас әсемханұлы 18 Қараша, 2019 20:53 Жауап

    Сот процестері жалпы өте ауыр нәрсе. Алпыстан асақн жачына шарамастан төзімділік пен шыдамдылық сабыр танытуда. Сәттілік

  35. Алмас әсемханұлы 18 Қараша, 2019 20:55 Жауап

    Бұл сатқын парақор судялар қандай үкім шығарсада халық бәрін біледі кімнің кім екенін.

  36. Qyr balasy 18 Қараша, 2019 21:00 Жауап

    Өмірлік тәжірбиесі мен кәсіби тәжірбиесі ұштасқан адамның бұлай болуы билікке үлкен сын.

  37. Qyr balasy 18 Қараша, 2019 22:28 Жауап

    Бүгінгі таңда дамыған мықты елдерді алға тартып отырған мықты мемлекеттік менеджерлер. Саяси эконосикасы мықты елдер экономикалық тартыста алдына жан салмай елінің шашбауын көтеруде. Ислам Әбіш осындай білікті менеджер. Әр Мемлекеттің дамуына осындай азаматтар ауадай қажет.

  38. Айбын Арғын 19 Қараша, 2019 17:58 Жауап

    Иә, елдің игілігі үшін осыншама ерлік істер жасаған арда азаматтың темір торда отыруы бүгінгі жүйенің нағыз былықтың өзі екенін айғақтайды. Ел экономикасын түзетуге бар күш-жігерін жұмсаған Ислам Әбішев бостандыққа шығуы тиіс. Еш дәлелсіз пара алды деп сотталуына жол берілмеуі керек!!!

  39. Qyr balasy 19 Қараша, 2019 21:40 Жауап

    Елі үшін осыншама игі істер атқарғаны үшін, халық қазынасын қызғыштац қорғағаны үшін жалажабылуы ауыр шаруа.

  40. Алмас әсемханұлы 19 Қараша, 2019 21:43 Жауап

    Керсінше бұл кісінің қвзметтегі тәжірбиесін ел игілігі үшін пйдаланбай ма? Жастарға жол көрсетіп мықты кадрлар дайындауға таптырмас азаматқой.

  41. Алмас әсемханұлы 19 Қараша, 2019 21:44 Жауап

    Халық үшін адал қызмет етіп істі болуы мына бізге үлкен сын. Қорғап араша түсу керекпіз.

  42. Алмас әсемханұлы 19 Қараша, 2019 22:11 Жауап

    Әкімге ең үлкен құрмет ол тұрғындардың, залықтың ол туралы жақсы айтуы. Басқарып кеткен жерінің көркендеуі, жаңа қарқынмен алға қадам басуы. Халықтың шынайы ризашылығы. Ислам Әбіш туралы өзі басқарып кеткен елді мекендер рахметін ацтып ризашылығын білдіруде. Бұдан артық мадақ бар ма?

  43. Qýr balasy 19 Қараша, 2019 22:14 Жауап

    Тағы бір ерлігі істі болсада жанжақты әртүрлі ұсыныс беріп халқын ойлауы. Зейнет жасында болсада ауыр сот процесін мойынсымай көтеруде.

  44. Qyr balasy 19 Қараша, 2019 22:18 Жауап

    Өмірбаяны қарап отырсақ халыққа қанша жақсылық жасаған екен. Сол халық тілеуші болсын. Жалақорлар мен бәлелердің жоспарының күлі шықсын.

  45. Qyr balasy 19 Қараша, 2019 22:20 Жауап

    Өз өкіметі өзекке тепкен адам болмасын, әдәлдік іздейік. Ислам Әбішпен біргеміз.

  46. Qyr balasy 19 Қараша, 2019 22:25 Жауап

    Ислам Әбішевтің қанша ел үшін еткен жемісті еңбектері мен ерлік қадамдарын ескерусіз қалдырып, жалған жала жапқандардың арызын қолдап, қаралап, түрмеде қинап, қисынсыз әрекет жасап отырған әділетсіз қоғамбыз. Елім деген Ислам Алмаханұлын, ерім дейтін Ел болайық ағайын.

  47. Гүлшат 20 Қараша, 2019 21:31 Жауап

    Қыр баласы, əлбетте.Ең қиын дүниенің де бір қайыры бар. Күні бүгінге дейін шиеленіскен сот ақырында оң шешім шығарып Əбішевті босатса екен.

  48. Жайна 20 Қараша, 2019 21:33 Жауап

    Бостандық Əбішев ағамызға. Қитұрқы соттың нешетүрлі айла шарғысвна төтеп беріп отырған не деген сабырлы адам.

  49. Нұрила 20 Қараша, 2019 21:36 Жауап

    Бəріне төзген Ислам Əбішев нағыз батыр. Алла жазасын берсін жала жапқан жандардың.

  50. Мариям 20 Қараша, 2019 21:39 Жауап

    Өткен жолы біреулер қайырымдылық жасағанын көрмедік деп көпірген еді. Исекеңнің қаншама баспанасыз жандарға үй салдырып бергенін де өз басым жақында естідім.Алла қолдасын Исекеңді.

  51. Данара 20 Қараша, 2019 21:43 Жауап

    Жасаған ондай жақсылықтары көптеп саналады. Сауапты істі жасырын жасап жүрген Исекеңді Алла өзі ақ қолдайды.Бір адамға болсын баспана сыйлай алсаң соның өзі зор ерлік. Тіпті ерліктің үлкені.

Пікір немесе жауап жазу

он үш − екі =