Фариза Оңғарсынованың қазақ және орыс тіліндегі кітабы таныстырылды

Ұлттық академиялық кітапхансында халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың «Шілде» (Полдневный жар) атты қазақ және орыс тілдеріндегі кітабының тұсаукесері болып өтті.

Аталмыш кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, казақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.

Кітапты орыс тіліне аударған - ақын, әдебиеттанушы, аудармашы Татьяна Фроловская.

Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақынның шығармашылығында ғасырлар бойғы ұлттық мәдени дәстүр мен заманауи поэтикалық бейнелер ұштастырылған. Оның өлеңдері мәнерлі, эмоционалды және көркем болып келеді. Оқырман бір-біріне қарсы немесе келісетін көптеген дауыстарды естиді. Себебі,  поэтикалық бәсекелестіктер, импровизациялар, түрлі салалардағы жекпе-жектер оның сиқырлы сиқырлы сөздерін ашудың кілті болып табылады.

Әсем Сағиқызы,

Қазақ үні