Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясы Бахрейнде марапатталды

Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ММА-дан Әлем чемпионатында "ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектің қазақстандық біріккен федерациясы" РҚБ өз тарихында алғаш рет IMMAF-WMMAA жарыстарын ұйымдастырушылардан "артықшылық" Кубогы мен "әлемдегі ММА-ның дамуына қосқан үлесі үшін" кубоктарын алды.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бұл біздің жұмысымыз бен жауынгерлік өнер қауымдастығының жұмысына берілген өте құнды және құрметті баға. Барлық қазақстандықтарды, спорт сүйер қауымды осындай жоғары награда алуларымен құттықтаймын. Бұл тек

біздің емес барша спорт сүйер қауымға берілген құрмет деп білемін!"- дейді ММА аралас жекпе-жектің қазақстандық біріккен федерациясы " РҚБ бас директоры Уәлихан Тен.

Еске сала кетсек, 2018 жылы желтоқсан айында елімізде жаңа структура Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы» ЗТБ құрылған болатын. Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басқарды, бас директоры – Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті К.Қ.Мәсімов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.