Ережесіз жекпе-жектен жастарымыз әлем біріншілігінде топ жарды

ММА ден Қазақстан жастар құрамасы Әлем чемпионатында жалпы командалық есепте 2-ші орынды иеленді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

10-16 қараша аралығында Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамада Біріккен IMMAF және WMMAA федерациясының қолдауымен ММА аралас жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасының құрамында 46 спортшы қатысуда.

Әлемнің 50 ден аса елінен 500 ден аса спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан жастар құрамасы 3 -алтын, 2-күміс, 4-қола иеленіп жалпы командалық есепте 2-ші орынға ие болды.

Алтын - Фариз Абдалов (52 кг) Алтын - Ғани Әділсерік (56 кг) Алтын- Талшын Жұматаева (70,3) Күміс-Ерұлан Қабдолов (52 кг) Күміс- Айжан Әбдіқадыр (70,3) Қола-Тыныштык Жәнібек (61 кг)

Қола-Досжан Кенжебаев (70 келі) Қола- Айгерім Төреханова (52,2) Қола - Инас Әшірбек (56,7) -

Біздің спортшылар тек Ресей құрамасына жол беріп, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Үшінші орында – Англия.

Еске сала кетсек, 2018 жылы желтоқсан айында елімізде жаңа структура Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы» ЗТБ құрылған болатын. Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басқарды, бас директоры – Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті К.Қ.Мәсімов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.