Өмірдің өзі қуаныш пен өкініш

 15 қараша күні сағат 19.00-де "Астана" концерттік залында ақын-сазгер Ерқожа Тілепбердиевтің "Бақытым - байтақ далам" атты музыкалық поэтикалық кеші өтеді. Осынау кеш алдында өнер иесінің өмір туралы толғанысын оқырман назарына қсынғанды құп көрдік. Биылғы жылғы қуаныш пен өкініштер туралы не айтуға болады? Иә, ойланып көрейік... Өткен күндерге көз сала қарасақ, әсте, қуанатын да, өкінетін де сәттер жетерлік екен. Жалпы өмірдің қуаныш пен өкініштен тұратынын әр адам білуге тиіс қой. Ендеше, жақсылығыңды молынанберіп,өкінішің мен қайғыңды аз қыла көр пендеңе, Жаратқан! - деп жүріп, биылғы жылды да тарих қойнауына жібермекпіз. Таусылмайтын қуанышымды айтсам, ол еліміздің, жеріміздің тәуелсіздігі. Күн сайын ақ төсекке кіріп бара жатып  “Жаттым - Алла, Тұрдым – тоба!” деп жүрген қазаққа бұдан артық бақыт та, қуаныш та жоқ деп білемін. Отыз жыл бойы күн сайын жаңағы халық сөзіне қосып, Тәңіріме жалбарына, тәуелсіздігімізді баянды ете көр, тұғырлы қыла көр, елімізді бай-қуатты ет деп сұраймын. Десе де қуанышпен қатар қорқыныш та бар бойымда. Әлемде болып жатқан сұмдықтар, үлкен мемлекеттердің кіші мемлекеттерге, күшті адамдардың әлсіз адамдарға зорлығы жанымды түршіктіреді.  Оның несін жасырайын. Біреу  келіп, қуаныштарың осымен бітті, ешқандай тәуелсіздік, еркіндік деген жоқ, сендер бодан болуға жаралғансыңдар!– деп, тәуелсіздігімізді тартып алып қоятындай,тыныштығымызды бұзып жіберетіндей  болады да тұрады. Қорқыныш сәл сейілсеелімізде болып жатқан жақсы жаңалықтарға да, атқарылып жатқан іс шараларға да елеңдеп, қуана бастаймын.Қазақстанның басқа елдер арасында беделінің жоғарылап, спортшыларымыздың, өнер қайраткерлерінің  әлем спортында, өнерінде алған биіктері,көрсеткен жоғарғы көрсеткіштері де  мен үшін мақтаныш. Өнерде Димаштың, спортта Гена, Қанат сияқты майталмандардың, басқа да саладағы жастардың жетістіктері, алған биіктері мені қатты толқытады.  Еліміздің жетістігіне қуана алмасам кім болғаным, өзің айтшы. Тағы бір қуаныш ол,су жаңа Президентіміздің халыққа жолдауындағы “Мемлекеттік тілге деген”бетбұрысы, көп балалы аналарға деген, кедей жандарға деген жаңа жобалары, тұрғын үй мәселесін шешудің жолдарын қарастыруы, ауыл тұрғындарына, шаруаларына деген қаржылық жеңілдігі, зейнетақы қорының қараусыз, бақылаусыз жұмсалуын тоқтатуы, оның ел игілігіне қызмет етуін жүйелеуді қолға алуы, мемлекеттік жүйенің  халықтан алшақтамауын, жемқорлықты жою мәселесін күн тәртібінен түсірмеу, онымен күресті күшейтуді тапсыруы. Мәңгілік ел болудың басты қағидаларының бірі сырт мемлекеттермен экономика, саясат, өнер, спорт арқылы тығыз байланыста болу емес пе, ендеше тас жолды, әуе жолды, теңіз жолын дамыту керектің керегі. Халықаралық дағдарыс тұсында Халықтың жағдайын төмендетіп алмау үшін атқарылып жатқан істер де берекемізді арттырмаса кемітпейді. Осындайда Ұлттық қорды  сақтап қалу экономикамыздың алға жылжып, кәсіпкер халықтың жұмысын тұрақтылықпен жүргізуін арттырады деп ойлаймын. Биылғы жылы қайта көтерілген көш-қон заңына толықтырулар енгізуді қолға алып, «оралманның» орнын «қандастармен» алмастырсақ деген  Президенттің шешімі де,елге орала алай жүрген қандастарымызға үлкен жеңілдіктер боладыдеп жүрген азаматтардың қуанышына қосылып, солар үшін риза болып жүрмін. Жемқорлықпен күрестің күшеюі де мен үшін үлкен қуаныш. Күн сайын бір жаңа ғимарат, бір жаңа зауыт іске қосылып жатқса қандай тамаша болар еді. Тезірек туристік бағыттағы жұмысқа да жол ашу керек. Бізде көрікті жер, терең тарих пен көне археологиялық дүниелер жетерлік. Сервизіміз дұрысталса, шет елдік туристер бізге ағылуға дайын. Шет елдің ең ірі саясаткерлерінің Қазақстан экономикасы, болашағы жайлы айтқан сөздері мен үшін алтыннан да қымбат көрінеді. Лайым шын болса екен. Осылай қуанышты күндерді, сәттерді тізбектей берсең аяғына шыға алмайтының шын. Өз басыма келсем, халқымыздың тілі мен әдебиетіне, өнеріне қатысты жобаларға қатысып, қолғабыс тигізіп жүргеніме шүкірлік етемін. Жазған шығармаларым радио мен теле хабарлардан, үлкен сахналардан, сайттардан беріліп жатыр. Аудио, бейне таспаларға түсірілгені де баршылық. Шет елдерге де тарап жатыр. Мектеп оқушыларына арнап отыздан ән жаздым, олар да оқулықтарға енбек. Осы жылы қарашаның 15-ндекешкі сағат 19-00 –де Нұр-Сұлтан қаласында, «Астана» концерттік залында Рухани жаңғыру аясында ҚР Ұлттық Ұланының қолдауымен, әкімшіліктің, қоғадық бірлестіктердің, мектеп ұжымдарының қолдауымен «Бақытым – Байтақ далам!» атты авторлық кешім өтпек. Кеште оркестрмен, хормен, топтпрмен, жеке солистермен жанды дауыста орындалатынпотриоттық, дәстүрлі, эстрадалық әндер орындалып, өлеңдер оқылмақ. Сахнаға майталман өнерпаздармен бірге жас жұлдыздар шығады.Жастарды елін сүюге баулып, өнерімді халыққа арнап, тіршілік кешіп жүргеніме қуанамын!Ал, өкінішке келсек, ең бірінші айтарым, ол, жемқорлық, сырттан келген қандастарымызша айтсақ мекемелерде отырған жеменқорлардың көптігі. Жеті басты айдаһардай жұтынып, ел экономикасына келтіріп жатқан залалы. Осы бір сұмдықтан қашан құтылар екенбіз. Елімізде, негізінен,лауазымды   адамдар: министрліктегілер, әкімдер, генералдар, яғни, халқын ойлайтындар, ел байлығын қорғайтындар, алға жетектеп, адалдыққа, отанын сүюге тәрбиелеп, үлгі болатындар қолға түсті. Өте сорақы. Бұл бейшараларды билік басына қалай шығардық, кім жеткізді оларды?! Ал, оларды жеткізген, қызметке қойған адам,яғни, басшылар қызметкердің қоғамға келтірген  зианкестігіне немесе рухының төмендігіне, аш көздігіне, өз басын, өз қалтасын ғана ойлайтын аюандығына неге жауап бермейді. Олардың арам ісіне жол берсе, яғни, өзі де сондай арам емес пе, ал олай болмаса жұмысымды атқара алмадым депөз еркімен жұмыстан неге кетіп қалмайды?  Толып жатқан былыққа жауап бермей қалайша құтылып кете береді? Президентіміздің ел байлығын арттыруға арналған барлық саладағы жобаларға бөлінген қаржылары, оның ішінде тілімізді тезірек үйретуге, дамытуға арналған қаржылары халық игілігіне дұрыс та, толық жұмсалып жатпағаны белгілі. Көп жағдайда ысырапшылдыққа жол беріліп, тендер деген бәленің жемқорлықтың  бастауы болып тұрғанын халық көріп отыр. Жемқорлық биыл да бәсеңдеп тұрған жоқ. Оны сотталып жатқандар мен ақталып жатқандардың көптігінен байқау қиын емес. Құқықтық салада – прокуратура, сот басқа да жүйелердің өзінде келеңсіз істер бой көрсетіп, халықтың ашуын туғызып жатқаны тағы бар.Мемлекеттік Жүйелер емделмесе, бұдан ары қалай болады. Міне менің өкінішім осындай сәттердееліміздің қаржы, экономика саласында алған тәжірибемді ел байлығын қорғау үшін жұмсай алмағандығым. Ендігі бір өкінішті жағдай, министрлерден бастап кішкентай мініскерлерге дейін ел ортасынан табыла қоймайтындығы. Ана тілін білмеген басшылардың әлі де болса оған ұяла қоймайтындығы. Орысшаммен де нан тауып жеп жүрмін ғой, тіпті бастықтың портфеліне ие болып жүрмін деген тоғышар саналылығы. Мемлекеттің көпшілік лауазымды тұлғалары  мәдениетіміздің дамуына, тіліміздің өркендеуінеқаржысына  пайдасы шамалы конференция, дөңгелек столдарғақазақша ат қойып-айдар тағып, шешендердіорысша сайрайтындардан сайлап,қаржыны  оңды-солды шашып жүргендер. Дәл солар арнайы шақырған ұлттық концерттерге, дәстүрімзді көрсететін орындарға аяғын баспайды. Барса олар да рухты потриоттық өлеңдер тыңдап, дәстүрілі әндерден жүрегіндегі мейірім қайта оянып, өзгерер ме еді, ана тілін де біршама ұнатып қалар еді-ау. Басқа өкінішім жоқ қой деймін, бар болса өзімнен.Кей жерде аяғымды тартқан жерім болса отанымның абыройын, өз абыройымды ойлағанымнан, өзімді ұрысқа емес дұрыс істерге лайық көргенімнен шығар. Ең бастысы елде тыныштық болсын, еліміз еркіндігі баянды болып, рухы артып, Абай атамыз айтқан жаман қасиеттерден арыла түссе екен, бай-қуатты болса екен. Көнеден келе жатқан Мәңгілік Еліміз жететін  қуанышты сәттер көп болса екен. Бәрімізге әлі талай істерді атқаруға тура келеді. Қалай болса да мен елімді әлемнің бар елінен артық көремін, өлгенше жақсы көремін, ол үшін жанымды беруге әзірмін. Ерғожа ТІЛЕПБЕРДІ ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі qazaquni.kz