Абзал Құспан: КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕНІ – ӘДІЛДІК ҮШІН КҮРЕС (видео)

1777
14
Бөлісу:

Абзал Құспан Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық қабылдау комиссиясы
мүшесі ретінде азаматтар шағымын қабылдайды

Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық қабылдау комиссиясы төрайымы – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева

Абзал Құспан ҚР Президенті жанынан құрылған комиссия мүшесі ретінде азаматтар шағымын қабылдайды. Бұл туралы ол youtube желісіндегі видеоүндеуінде айтты, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

– Биылғы жылдың тамыз айында ҚР Президенті жанынан Аида Балаеваның (ҚР Президентінің көмекшісі – ред) жетекшілік етуімен ҚР Жоғарғы Сотының, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, басқа да ведомство басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдау қоғамдық комиссиясы құрылған болатын. Бұл комиссияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен азаматтар өз шағымдарын айтып келеді. Нақты жеке қабылдау барысында олардың проблемалары, аталған тұлғалармен, сонымен қатар, облыс әкімдері, өңір басшыларының селектор арқылы жалғануымен шешімін тауып отырады, – деген Абзал Құспан өзі де азаматтар шағымын қабылдайтынын жеткізді.

Осы комиссияға Президент әкімшілігінің арнайы шақыртуымен, ҚР адвокаттар қауымдастығы атынан қатысып отырған Абзал Құспан «азаматтарға заңгерлік-құқықтық  көмегін беретінін» айтты.

– Өмірдің өзі күрестен тұрады. Ал, күрестің төресі – әділдік үшін күрес! Әділдік үшін күрес біздің заманымызда заңдарды білуден және оны қолданудан тұрады, – деді А. Құспан.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 14 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 11 Қараша, 2019 13:02 Жауап

    Әділдік жөнінде өте орынды айттың Абзал інім! Сол әділдік іс жүзінде жазықсыз жапа шегіп жатқан Ислам Әбішевтің тағдыры әділ шешіліп бостандыққа шығуына ықпал етсе. Сағызша созылған спектакль соттың отырысын әділдікпен Ислам Әбішевті бостандыққа өз отбасымен қауышуына шешсе сонда әділдіктің жеңіске жеткені!

  2. Айбын Арғын 11 Қараша, 2019 13:34 Жауап

    Әділдік іздеп шырылдаған жанның көптігі орасан. Аталған мәселе 8 айдай уақыт бойы Ислам Әбішевтей арда азаматты да қинап отыр. Бірнеше мәрте өткен сот отырысының өзінде әділдіктің жүзеге аспай жатқанын көзімізбен көріп отырмыз. Сағызша созылған спектакль соттың жуық арада аяқталатын түрі көрінбейді. Сотта Адвокат Абзал Құспан әділдіктің туын көтеріп, Ислам Әбішевті бостандыққа шығарады деп сенеміз.

  3. Мира 12 Қараша, 2019 22:09 Жауап

    Заңгерлер қауымдастығының көшін бастаған Абзал Құспанға қашан да сəттілік серік болсын!

  4. АЙША 12 Қараша, 2019 22:13 Жауап

    Ел билігінің назарында тұрған білікті заңгер Абзал Құспанға зор сеніммен тапсырылған Ислам Əбішев ісі оңынан шешіледі деп сенеміз.

  5. Гүлім 12 Қараша, 2019 22:17 Жауап

    Сегіз айдан бері Əбішевті сергелдеңге салған бұл сот осы іске қашан нүкте қояр екен а? Шарықтау шегіне жеткен бұл істе Əбішевке оң шешім шығады деген ойдамыз.

  6. Еркеназ 12 Қараша, 2019 22:26 Жауап

    Шораев Абзал Құспанға атака жасап бір нəрсені бітірем деп отыр ма? Сонымен бірдеңені шешемін деп ойлай ма əлде. Бар қорқынышы – Абзалдың зор екпінімен Əбішев бостандыққа шығып кетеді деп қорқып отыр ма?

  7. Әсел Ақболатқыз 13 Қараша, 2019 01:04 Жауап

    Абзал Құспан мырза,
    Игі бастама тек оң нәтижесін көрсетіп, халықтың пайдасына шешілетініне тілекшіміз! Әділдік үшін Ақ жол!

  8. Әйгерім Өтебайқызы 13 Қараша, 2019 01:11 Жауап

    Адамзат бар жерде үнемі әділетсіздік және әділеттілік қатар келіп отырады. Әділетсіздік өз шеңберінен шықса елдің, артынша қоғамның дертіне айналады! Сол шектен шықпауына атсалысып, біріге жұмыс істеу нәтижесінде қазіргі күні елді дүрліктірген өзекті проблемалар болмайды. Соған жұмыстанып жүрген А. Құспан мырзаға Алғыс!

  9. Гүлім 13 Қараша, 2019 21:14 Жауап

    Əділдік іздеп шарқ ұрған Ислам Əбішев ағамызға Алла жар болсын! Осыншама жұрт, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бостан босқа қолдап жатпаған шығар . Осыны соттың да ұғынатын кезі жетті ғой. Əбішевке бостандық!

  10. Лиза 13 Қараша, 2019 21:20 Жауап

    Əбішев ісі бойынша əркім əртүрлі көзқараста. Тіпті кейбіреулер жазықсыз жанды күстаналап та жатыр. Ешкімге тастүрмені тілемейміз де . Бірақ мұндай жағдайды бастарына бере қалса мүжіліп кетері анық.

  11. Лира 15 Қараша, 2019 22:23 Жауап

    Бəрі түсініксіз, не боп барады. Əбішев бір мақалада Абзалдың үстінен іс қозғалып жатқанын айтыпты. Ал бүгін Сəуле мені бір сотқа жауапкер ретінде шақырып жатыр депті. Бұл не сұмдық? Бəрі байланысты емес пе?

Пікір немесе жауап жазу

18 − 3 =