Әбішев соты жөнінде бір ауыз сөз – Әйгерім Өтебайқызы

4032

Халыққа аян, аудан, қала,облыстардың экс-әкімі, Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Алмаханұлы Әбішев «пара алуға оқталды» деген айыппен бірнеше айдан бері темір торда отыр. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап тергеу қамауында отырған Әбішев соты әдеттегі соттардан өзгерек. Оған себеп, тағылған айып үлкен сомманың айналасында, нақтырақ 60 млн теңге болса, одан маңыздырақ- халықтың үнемі алдында жүріп, жанашырлығымен елдің ықыласына бөленген, зейнетке шығуына 2 ай қалғанда тұтқиылдан қолы кісенделген жомарт азамат – Ислам Әбішевтің айыпталуы. Бәлкім, басқа азамат болғанда іс мұнша алысқа бармас па дейсің.

Ислам Алмаханұлы ісі жүріп жатқанына 8 ай болды. Иә, бақандай 8 ай. Біреуге күні ертең қас-қағым сәтте өтіп кететіндей аз, ал біреуге күннің күнге жалғанып, таңнын атуын ұзақ күттірер аспан пен жердің арасындай көп. Наурыз айынан бері қараңғы қапаста жатқан Әбішевтің неше соты өтпеді, нешеуі аяқсыз, аяқты белгісіз. Жегідей жейтіні, соттың сағызша созып, екі аяқты кеңге тастап 1 емес 2 емес 8-ші айға созылуы. Анаған тиісті, мынаған тиісті. Бір Сотты жүргізу тілінің бұрыстығының, судьялардың істі дұрыс жүргізбегендігінің кесірінен, іске қатысты күдікті, арыз түсірушілердің толық қатысымының болмағандағынан біраз уақытты жоғалтып алдық. Иә, түсінем, Ақиқатты табуға тырысып жатырсыздар, сіздерге өкпе жоқ. Бәлкім, кінә айыптаушы жақтың айыптауына толық негіз болмағандығынан, дәлелдерінің жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Әбден.

Бірақ, бұны не үшін айтып отырмын?

Сіздер соттың азаматтық-қылмыстық кодекстің баптарын ескеріп, бір-біріңізден қате табуға тырыссаңыздар да, бір нәрсені ескермедіңіздер. Соттың осылай сағыздан да ұзын созылуы, біріңіздің бірі қатесін жөндейм деп өзектіліктен алыстап кетуіңіз – мына сот отырысында отырған қатысушыларға да, сотты жүргізіп отырған судьяларға да, айыптап отырған прокурорға да әсер етпейді. Олардың дымы да кетпейді. Кететіні – ол Ислам ағаның күн санап артып жүрген Үміті. Кететін болса – ол Ислам ағаның зейнетке шыққан жасында осындай адам төзер-төзгісіз азапты көріп, тар, қараңғы қапаста күнді күнге жалғап, таңның таңға атуын күтіп жүрген, бостандықты аңсаған Көзі. Міне, біз осыны ескермейміз, құрметті сот процесін жүргізушілер. Өмір – алма-кезек. Қазір түсінбеген болсаңыздар да, бумеранг сізге айналып келгенде темір тордың арғы жағындағы адамның күйін түсінетін боларсыздар, бәлкім.

Әйгерім Өтебайқызы,

Фейсбук парақшасынан