Еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

941
0
Бөлісу:

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында да көктайғақ болып, боран соғады.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда мен Жамбыл облыстарында жел соғып, тұман түседі.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

үш × бес =