Желтоқсаннан бастап кейбір пойыз бағыттары өзгереді

1563
0
Бөлісу:

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыттар өзгереді.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.

1) – №375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;

– №85/86 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді;

– сол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар – Нур-Султан-1» бағыты бойынша қатынайды;

2) Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;

Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:

1) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты:

– № 153/154 «Нұр-Сұлтан- Семей» енді № 353/354 пойызы болып өзгереді;

– № 375/376 «Нұр-Сұлтан-Өскемен-1» енді № 67/68;

– № 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78;

2) Жеке тасымалдаушылар:

– № 312/311 «Нұр-Сұлтан- Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ке қарасты);

– № 307/308/ «Нұр-Сұлтан- Жезказған» енді №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС);

– № 617/618 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт − екі =