800 мың теңге аламын, біз ең аз жалақы алатын ұйымбыз – «ҚазАгро» басшысы

2189
1
Бөлісу:

«Мен қолға 800 мың теңге көлемінде аламын. Бұл сіздердің түсініктеріңізде қаншалықты көп екенін білмеймін. Себебі бізде жұмыс ауқымы үлкен. Біз жеке секторды есептемегенде, басқа холдингтер арасында ең аз жалақы алатын ұйымбыз».

Ербол Қарашүкеев, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі төрағасы

Сонымен қатар холдинг басшысы «ҚАзАгро» ТОП-менеджменті ешқандай бонус алмайтынын айтты, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz. Бірақ еншілес компаниялар пайда әкеліп тұрғандықтан, олардың басшыларына сыйақы беріліп тұрады.

«Біз пайда әкеліп тұрған компанияларға сыйақы беруге мәжбүрміз. Әйтпесе жақсы мамандарды ұстап қала алмаймыз. Жақсы мамандарға әрқашан жақсы бонус, жақсы жалақы беріледі. Өткен жылы еншілес компанияларымыздың арасында жалақы деңгейі бойынша зерттеу жүргіздік. Соның нәтижесінде білікті мамандарды тарту үшін айлықты көтеру туралы ұсыныс айтылды», – деді Е.Қарашүкеев.

Негізі «ҚазАгроның» баспасөз қызметі журналистерді электрондық несиелеуге өтінім беру жүйесінің жұмысын таныстыру үшін шақырған.

Айта кетейік, біраз күн бұрын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «ҚазАгро» холдингін «ақша түсіп, жоқ болып кете беретін» Бермуд үшбұрышына теңеп, сынаған болатын.

«ҚазАгро» арқылы ауыл шаруашылығына жүздеген миллиард жұмсалды. Соңғы 5 жылда компания капиталы 500 миллиардқа толықты. Тек 2018 жылдың өзінде 400 млрд шығын келтірді. «ҚазАгро» деген өзі бір жұмбақ құрылым болды. Тура Бермуд үштағаны сияқты, ақша түседі де, жоғалып кетеді», – деп сынады Мәжіліс төрағасы.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров холдинг құрамындағы 7 компанияның 3-еуі жабылатынын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, екеуі толық жабылып, «Казагрогарант» компаниясы «Агрокредит корпорациясымен» бірігетін болған. 1100 қызметкерді жұмыстан қысқарту арқылы 3,2 млрд теңге үнемдейміз деген еді.

Ал, шілде айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАгро» басшылығын сынап, бұл бағытта реформа керегін тапсырған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Мая 8 Қараша, 2019 14:56 Жауап

    Ой сорлы бишара тойымсыз неме. Биз сиякты 60 000 тенге алатын болсан не истер екенсин

Пікір немесе жауап жазу

5 × бір =