Қазақстандық спортшы " ММА бойынша Әлемнің ең үздік спортшысы" атағына ие болды

Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясы (International Mixed Martial Arts Federation) еліміздің мақтанышы, Әлем және Азия чемпионы Бағдат Жұбанышты ММА бойынша ерлер арасындағы Жылдың үздік спортшысы атағына ұсынды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Бағдат Жұбаныш 115 фунт (52 кг) салмақ дәрежесімен 5 фут (158 см) бойынша Қазақстанның әуесқой ММА-да танымал спортшысы. 2018 жылы ол World Open 2018 және Asian Open 2019 турнирларында жоғары нәтиже көрсетті. Бағдат техникасы мықты спортшы. Ол жекпе-жек барысында ММА өнерінің барлық қыр - сырын көрсетеді", - делінген IMMAF сайтында.

Бағдат Жұбаныш 1996 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Ақтөбедегі "Еркін күш" бокс клубында жаттықтырушы Айбек Шоқпытовтың қол астында жаттығады. Ақтөбе қаласындағы А. Жұбанов атындағы университеттің "дене шынықтыру және спорт" мамандығында 2 курста оқиды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылы Бахрейн Корольдігінде өткен Әлем чемпионатында чемпион атанды.

Қазіргі уақытта Бағдат Жұбаныш аралас жекпе-жектен Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Бахрейн қаласында 10-16 қараша аралығында өтетін әлем чемпионаты алдындағы жаттығу жиынында. Аталған жарыста Қазақстан атынан ең мықты деген 45 спортшы қатысады.