Фазылбек Әбсаттарұлы: Қазақстан – Еуропа футболының тұтынушысы

244
0
Бөлісу:

Қазақ футболының бүгінгі хал-ахуалы көңіл көншітпейтіні бәрімізге мәлім. Осынау олқылықтың орнын толтыру жолында ел көлемінде көптеген істер атқарылуда. Солардың бірі – алысқа көз тіккен «Арландар» футбол клубының қарқынды істері.

Осыған орай «Қазақ үні» ақпарат агенттігі «Арландар» клубының президенті Фазылбек Әбсаттарұлымен сұхбаттасып, клуб өмірі мен Қазақстандағы футбол туралы пікірін білді.

– «Арландар» клубының құрылу тарихы туралы айтсаңыз?

– «Арландар» футбол клубы барлық кезеңдерден өткен. 2015 жылы «Ақмешіт» аула калубы ретінде құрылып, «Junior» аула лигасында ойнады. 2016 жылы мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Арландар» футбол клубы ретінде тіркелді. 2017 жылы Португалияда өткен Вraga Cup турниріне қатысты. Португалияның Брага қаласы 2018 жылдан бері Еуропаның спорт қаласы атанған. Жуырда аталмыш қалада футболдан балалар арасындағы Брага кубогы үшін тартысты дода өткен болатын. Жарысқа 9 елден, 98 команда, 1800 футболшылар 7 жас категориясы бойынша қатысты. Бұл жарысқа Қазақстан атынан U13, U11 жас категориялары бойынша «Арландар» футбол клубы қатысты. Қарсыластардың ешқайсысы оңай болған жоқ. Еуропаның Бенфика, Спортинг секілді атақты футбол клубтары мен Гюмараенш секілді академия футболшылары да бақ сынады. AlaskaCup турниріне қатысып 2-ші орын алды.Volswagen Cup турнирінің Германияға іріктеуіне қатысты. Жыл сайын Астана футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтетін Астана біріншілігіне қатысып келеді. 2017 жылдың 29 қазан-5 қараша аралығында «Күзгі каникуль» халықаралық турниріне қатысты. Қазіргі күні Қазақстанның Əуесқойлар футбол лигасында ойнап жүр. Сондай-ақ 17 жастан асқан талантты футболшыларды Португалияға жіберумен айналысады.

– Футбол елімізде өте көп қаржы бөлінетінін бәрі біледі. «Арландар» секілді жастар клубын дамытуға мемлекеттен қандай көмектер көрсетілуде?

– Мемлекеттен ешқандай көмек жоқ. Барлығы өз қаржымызбен жүзеге асырылып жатыр.

– Қазақстан футболында шетелден легионер жалдаулар соңғы кезде көп кездеседі. Жалпы, ұлттық құрамада легионерлердің көп болғаны дұрыс па?

– Мен мұны құптамаймын. Қазіргі уақытта елімізде қанша легионер футболшы жүргенін білмейміз. Себебі, Қазақстанның паспортын алып, ойнап-ойнап, кетіп жатқандар да бар. Ал, Ұлттық құрамаға легионер алу бұл кешірілмейтін нәрсе. Ұлттық құрамада қазақтың балалары ойнауы керек.

– Қазақстандағы футболдың дамуына, футболшыларға көңіліңіз тола ма?

– Әрине, көңіл толмайды. Себебі, Қазақстанда футбол жоқ. Қазақстан Еуропа футболының тұтынушысы. Яғни, біз олардың футболын трансляция арқылы көреміз. Солардың футболын көру үшін ақша төлейміз. Букмекерлік канторалар арқылы солардың клубтарына ақша тігеміз. Еуропа футбол клубтарының атрибутикасы бар футболкалар мен шарфтарды сатып аламыз.

– Алдағы уақыттағы «Арландар» клубының жоспары қандай?

– Жоспар – футболшыларды дайындау. Балаларды Португалия академияларында оқуты. Оқытудан бастамай, біз алға қарай жылжи алмаймыз.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

3 × төрт =