ШҚО-да 10 ауыл таратылды

586
0
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан облысында төрт аудандағы 10 ауыл таратылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отырысында белгілі болды. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таратылған он шақты ауыл төрт ауданға қарасты. Айталық, Күршім ауданы бойынша Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай ауылы, Күршім ауылдық округінің Діңгек ауылы, Марқакөл ауылдық округінің Тентек ауылы таратылды.

Сондай-ақ Қалғұты ауылдық округінің Жылытау ауылы таратылып, Қаратоғай ауылының құрамына, Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы таратылып, Қайнар ауылының құрамына енгізілді.

Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылдық округіне қарасты Ақжартас, Қызылсу ауылдары таратылды.

Көкпекті ауданына келсек, Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылы таратылып, Егінбұлақ ауылының құрамына, Қойгелді Аухадиев ауылдық округтің Кіші Бөкен ауылы таратылып, Үкілі қыз ауылының құрамына енгізілді.

Сондай-ақ Шемонайха ауданы Октябрьский ауылдық округінің Садовое ауылы таратылды. Айта кетейік, облыстық мәслихаттың бұл шешімі он күннен кейін іске аса бастайды.

ІлмекауылШҚО
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

13 + 10 =