Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Бөлісу:

Кездесу барысында балалардың денсаулығын сақтау мен әлеуметтік қорғау, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес секілді өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Аружан Саин шала туған әрі ретинопатия ауруына шалдығу салдарынан зағиптыққа ұшыраған сәбилердің проблемасын көтерді. Республика бойынша орта есеппен 20 мыңға жуық бала шала туады. Оның ішінде 4 мың баланың салмағы жетілмей дүниеге келеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, аталған мәселені шешу үшін өңірлердегі перинатальді орталықтар мен перзентханалар базасында тиімді офтальмологиялық жәрдем беру жұмысын ұйымдастыру қажет, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен сапалы байланыс орнатып, диагностикалық құралдармен жабдықтап, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру керек.

Аружан Саин Қазақстанда ағзаның функционалдық мүмкіндіктері түзілетін халықаралық классификацияны жедел енгізудің маңызды екенін атап өтіп, оның БЦП-ға шалдыққан, есту, көру және басқада ауру белгілері бар балалардың проблемаларын жүйелі шешуге ықпал ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтары мен денсаулығын сақтау ісі аса маңызды екеніне тоқталып, бұл мәселені әрдайым өзі жіті бақылап отыратынын атап өтті.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Аягул 6 Қараша, 2019 11:12 Жауап

    Қазіргі таңда балалар арасында түрлі аурулар жиілеп кетті. Мемлекет басшысының осы мәселеге бейжай қарамай, қолдағанына ризамын

  2. Мейрамгүл 6 Қараша, 2019 11:20 Жауап

    Дұрыс мемлекет болып осы мәселенің шешімін табу керек. Сәбилеріміз аман болсыншы!

  3. Біржан 6 Қараша, 2019 11:22 Жауап

    Аружан, сіз сияқты ақылды қыздар көп болсын! Жақсы, пайдалы жолда жүрсіз. Президент те біз де сізбен біргеміз!!!

Пікір немесе жауап жазу

5 + он үш =