Абзал Құспан: Әбішев пен Түкиев қоғам алдында толық ақталды

Абзал Құспан, адвокат: Жалпы заңгерлер сөйлеген кезде бір нәрсені біржолата 100 пайыз сенімділікпен айта алмайды. Мен мына жерде 100 пайыз сенімділікпен айта аламын. Мұндай жиі болмайды. Өте сирек болады мұндай жағдай. Ислам Әбішев қоғамның алдында толығымен ақталды бүгін. Бүгін ол кісіге ақтау үкімі шығарылды деп есептеймін. Қоғам алдында. Өйткені, бүгінгі жауапталған куә Жампозов Асылжан ол айыптау тарапының ең негізгі куәсі. Ол неге ең негізгі куә болады? Ол қарсы жауапты тек қана Ислам Әбішевке берген жоқ тергеу кезінде. Сонымен қатар, ол Серік Түкиевке де, Құнанбай Шындәулетовке де, Қаныбек Әбішевке де қарсы берген. Хаттамалар бойынша айтып отырмын.

Енді бүгінгі таңда ол жауаптардың бәрінен бас тартқандығы былай тұрсын, ондай жауаптарды айтқан жоқпын деп, сұрақты да, жауапты да тергеуші өзі жазды дегенді өз құлақтарыңызбен естідіңіздер. Өз көздеріңізбен көрдіңіздер. Ол, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұлттық бюросының қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттері туралы мәлімдеме жасады деп есептейміз. Және бір емес бірнеше баппен іс қозғауға болады. Тіркелуге тиісті. Ол дәлелденер, дәлелденбес – басқа мәселе. Бірақ та маңызды мәселені айтайын, тергеушілердің лас жұмыс жасағандықтары соншама, олар куәні қорқытқандарына сенімділіктері сонша, бүкіл қауіпсіздік шараларын ұмытып кеткен. Біріншіден, смс арқылы төрт жауабын салып жіберген, жаттап ал деген. «Непроцессуальный контактіге» түскен. «Выходи, будем разговаривать как мужик с мужиком» деп қоқан-лоққы жасаған, куәгерді жалған жауап беруге мәжбүрлеген. Қысым жасаған. Осылардың бәрі қылмыстық фактілер. Қылмыстық іс тоқтамау керек, жалғасу керек. Бірақ, Ислам Әбішев пен Серік Түкиевке қарсы емес, осының бәрін ұйымдастырған ұлттық бюро қызметкерлеріне қарсы жалғасу керек. Айтарым осы.

Мәкіш Есқараев, адвокат: Бүгінгі куә Жампозовқа сенбеу мүмкін емес. Себебі неде? «Менің орныма өздері жауап берді, тергеуші өзі жазды, мен ол жауаптарды бермедім, хаттамалардағы менің сөздерім емес» деді. Дәлел ретінде егер ол нәрселердің бәрін айтқан болса, ол нәрселерді ұмытпайтын еді. Тергеушілердің уатсап арқылы барлық хаттамаларды жіберіп, «жаттап ал» дегені дәл сол Жампозовтың тергеу барысында хаттамада көрсеткен жауаптарды бермегені толық анықталады, толық дәлелденеді.

Алмас Абдрахманов, адвокат: Куә Жампозовтың бүгінгі берген жауабына сәйкес, алдын-ала тергеу барысында берген жауаптарының бәрі заңсыз болып табылады. Себебі, ол жауаптардың бәрін тергеу органдарының тарапынан қысым көрсету арқылы алынған жауаптар болып табылады. Сұрақ-жауаптың бәрін тергеушілер өз қолымен дайындап берген деп отыр.

Ерлан Мәкенов, адвокат: Бұл іске алғашқы күннен, 2019 жылдың 16 наурыздан бері қатысып келе жатырмыз. 16 наурызынан бастап тергеу айыптау бағытында келе жатқанын айтқым келеді Жазбаған жеріміз жоқ. Жазбаған өтініш-хаттарымыз, шағымдарымыз жоқ. Біздің өтініштерімізге ешкім құлақ асқан жоқ, қараған жоқ. Соның бәрі бүгінгі сот отырысында айыптау бағытының куәсі Жампозов Асылжанның берген жауабымен дәлелденді. Мен оның батылдығына таңғалдым, оның шынайы айтқанына риза болдым, қаншама кісі көрді. Сол кісілердің алдында куәгер Жампозов Асылжанға өз атымнан алғысымды айтамын. Біздің тергеу барысында іс айыптау бағытымен жүргізіліп жатқанын айтқан, жазған өтініштерімізді бүгін Жампозов дәлелдеп берді. Яғни тек қана сотталушылардың ақ-қарасын, шындығын, дұрыс-бұрысын айтып қана емес, біздің қорғаушы ретінде де дер кезінде айтқан шындықты айтқан өтініш-хаттарымыздың растығын да дәлелдеді.

Абзал Құспан, адвокат: Мен судьяның орнында болсам, мына сотталушы екі азаматты дәл бүгін босатып жіберер едім. Неге? Өйткені Асылжан Жаспозов бұл істегі ең басты, ең негізгі куә, одан артық куә жоқ. Міне, дәл осылай жазыңыз! Себебі, ол тергеуде Қаныбек Әбішевке қарсы, Құнанбай Шындәулетовке қарсы, Ислам Әбішевке қарсы, Серік Түкиевке қарсы жауап берген адам. Одан басқа, тергеу кезінде Азамат Шаймерденов пен Ұлттық бюро қызметкерлерінің пайдасына жауап берген адам. Бүгін сотқа келіп, бұрынғы сөзінің бәрі қысым көрсетудің салдарынан жазылғанын айтты. Бұл жерде Ұлттық бюро қызметкерлеріне қарсы қылмыстық кодекстің, кем дегенде, үш бабы бойынша – куәні жалған жауап беруге мәжбүрлеу, заң талаптарын бұрмалаушылық (фальсификация) т.т. қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Судья бұл туралы жеке қаулы қабылдап, оны тіркеуі тиіс. Ар жағында тергеу жүргізілуі тиіс. Міндетті түрде! Өйткені, айыптаушы жақтың куәсінің айыпталушы жақтың пайдасына сөйлеуі – сенсация! Біз енді Жампозовтың бұрын тергеудегі жауабының төрт хаттамасын жарамсыз деп тану туралы және Ұлттық бюро қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғау жайлы өтініш-хат береміз. Егер осы екі өтінішіміз қабылданбайтын болса, судья Қ.Мекемтасқа сотты жүргізуіне толық қарсылық (отвод) білдіреміз. Өйткені, мына жағдайдан кейін сотталушыларды ақтаудан басқа істейтін іс қалған жоқ. Бүгін Ислам Әбішев пен Серік Түкиев соттың қаулысымен ақталмай қалса да, қоғам алдында толық ақталды деп есептеймін!

Сот барысын хатқа түсірген Сәуле Әбединова, Фейсбук парақшасынан