Абзал Құспан: Әбішев пен Түкиев қоғам алдында толық ақталды

1632
46
Бөлісу:

Абзал Құспан, адвокат: Жалпы заңгерлер сөйлеген кезде бір нәрсені біржолата 100 пайыз сенімділікпен айта алмайды. Мен мына жерде 100 пайыз сенімділікпен айта аламын. Мұндай жиі болмайды. Өте сирек болады мұндай жағдай. Ислам Әбішев қоғамның алдында толығымен ақталды бүгін. Бүгін ол кісіге ақтау үкімі шығарылды деп есептеймін. Қоғам алдында. Өйткені, бүгінгі жауапталған куә Жампозов Асылжан ол айыптау тарапының ең негізгі куәсі. Ол неге ең негізгі куә болады? Ол қарсы жауапты тек қана Ислам Әбішевке берген жоқ тергеу кезінде. Сонымен қатар, ол Серік Түкиевке де, Құнанбай Шындәулетовке де, Қаныбек Әбішевке де қарсы берген. Хаттамалар бойынша айтып отырмын.

Енді бүгінгі таңда ол жауаптардың бәрінен бас тартқандығы былай тұрсын, ондай жауаптарды айтқан жоқпын деп, сұрақты да, жауапты да тергеуші өзі жазды дегенді өз құлақтарыңызбен естідіңіздер. Өз көздеріңізбен көрдіңіздер. Ол, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұлттық бюросының қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттері туралы мәлімдеме жасады деп есептейміз. Және бір емес бірнеше баппен іс қозғауға болады. Тіркелуге тиісті. Ол дәлелденер, дәлелденбес – басқа мәселе. Бірақ та маңызды мәселені айтайын, тергеушілердің лас жұмыс жасағандықтары соншама, олар куәні қорқытқандарына сенімділіктері сонша, бүкіл қауіпсіздік шараларын ұмытып кеткен. Біріншіден, смс арқылы төрт жауабын салып жіберген, жаттап ал деген. «Непроцессуальный контактіге» түскен. «Выходи, будем разговаривать как мужик с мужиком» деп қоқан-лоққы жасаған, куәгерді жалған жауап беруге мәжбүрлеген. Қысым жасаған. Осылардың бәрі қылмыстық фактілер. Қылмыстық іс тоқтамау керек, жалғасу керек. Бірақ, Ислам Әбішев пен Серік Түкиевке қарсы емес, осының бәрін ұйымдастырған ұлттық бюро қызметкерлеріне қарсы жалғасу керек. Айтарым осы.

Мәкіш Есқараев, адвокат: Бүгінгі куә Жампозовқа сенбеу мүмкін емес. Себебі неде? «Менің орныма өздері жауап берді, тергеуші өзі жазды, мен ол жауаптарды бермедім, хаттамалардағы менің сөздерім емес» деді. Дәлел ретінде егер ол нәрселердің бәрін айтқан болса, ол нәрселерді ұмытпайтын еді. Тергеушілердің уатсап арқылы барлық хаттамаларды жіберіп, «жаттап ал» дегені дәл сол Жампозовтың тергеу барысында хаттамада көрсеткен жауаптарды бермегені толық анықталады, толық дәлелденеді.

Алмас Абдрахманов, адвокат: Куә Жампозовтың бүгінгі берген жауабына сәйкес, алдын-ала тергеу барысында берген жауаптарының бәрі заңсыз болып табылады. Себебі, ол жауаптардың бәрін тергеу органдарының тарапынан қысым көрсету арқылы алынған жауаптар болып табылады. Сұрақ-жауаптың бәрін тергеушілер өз қолымен дайындап берген деп отыр.

Ерлан Мәкенов, адвокат: Бұл іске алғашқы күннен, 2019 жылдың 16 наурыздан бері қатысып келе жатырмыз. 16 наурызынан бастап тергеу айыптау бағытында келе жатқанын айтқым келеді Жазбаған жеріміз жоқ. Жазбаған өтініш-хаттарымыз, шағымдарымыз жоқ. Біздің өтініштерімізге ешкім құлақ асқан жоқ, қараған жоқ. Соның бәрі бүгінгі сот отырысында айыптау бағытының куәсі Жампозов Асылжанның берген жауабымен дәлелденді. Мен оның батылдығына таңғалдым, оның шынайы айтқанына риза болдым, қаншама кісі көрді. Сол кісілердің алдында куәгер Жампозов Асылжанға өз атымнан алғысымды айтамын. Біздің тергеу барысында іс айыптау бағытымен жүргізіліп жатқанын айтқан, жазған өтініштерімізді бүгін Жампозов дәлелдеп берді. Яғни тек қана сотталушылардың ақ-қарасын, шындығын, дұрыс-бұрысын айтып қана емес, біздің қорғаушы ретінде де дер кезінде айтқан шындықты айтқан өтініш-хаттарымыздың растығын да дәлелдеді.

Абзал Құспан, адвокат: Мен судьяның орнында болсам, мына сотталушы екі азаматты дәл бүгін босатып жіберер едім. Неге? Өйткені Асылжан Жаспозов бұл істегі ең басты, ең негізгі куә, одан артық куә жоқ. Міне, дәл осылай жазыңыз! Себебі, ол тергеуде Қаныбек Әбішевке қарсы, Құнанбай Шындәулетовке қарсы, Ислам Әбішевке қарсы, Серік Түкиевке қарсы жауап берген адам. Одан басқа, тергеу кезінде Азамат Шаймерденов пен Ұлттық бюро қызметкерлерінің пайдасына жауап берген адам. Бүгін сотқа келіп, бұрынғы сөзінің бәрі қысым көрсетудің салдарынан жазылғанын айтты. Бұл жерде Ұлттық бюро қызметкерлеріне қарсы қылмыстық кодекстің, кем дегенде, үш бабы бойынша – куәні жалған жауап беруге мәжбүрлеу, заң талаптарын бұрмалаушылық (фальсификация) т.т. қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Судья бұл туралы жеке қаулы қабылдап, оны тіркеуі тиіс. Ар жағында тергеу жүргізілуі тиіс. Міндетті түрде! Өйткені, айыптаушы жақтың куәсінің айыпталушы жақтың пайдасына сөйлеуі – сенсация! Біз енді Жампозовтың бұрын тергеудегі жауабының төрт хаттамасын жарамсыз деп тану туралы және Ұлттық бюро қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғау жайлы өтініш-хат береміз. Егер осы екі өтінішіміз қабылданбайтын болса, судья Қ.Мекемтасқа сотты жүргізуіне толық қарсылық (отвод) білдіреміз. Өйткені, мына жағдайдан кейін сотталушыларды ақтаудан басқа істейтін іс қалған жоқ. Бүгін Ислам Әбішев пен Серік Түкиев соттың қаулысымен ақталмай қалса да, қоғам алдында толық ақталды деп есептеймін!

Сот барысын хатқа түсірген Сәуле Әбединова,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 46 пікір жазылған

  1. Aigerim 5 Қараша, 2019 14:43 Жауап

    Асылжан Жампозов үлкен ерлік жасады! Енді оның қауіпсіздігіне шара қолдану керек. Мұндай жуаптардан кейін сот ұзаққа созылмауы тиіс.

  2. Баубек 5 Қараша, 2019 14:44 Жауап

    Пара ала жаздады деп жала жалпы,
    Заң алдыңда айыптысың деп сотқа тарты.
    Сондағы айыбы не бұл пенденің?
    Адал қызмет, халық қамы?

  3. Баубек 5 Қараша, 2019 15:38 Жауап

    Өмір күрес, өмір бітпес белдесу.
    Орын іздеп, арпаласып жүр пенделер.
    Аннан жыртып, мыннан үзіп
    Қалта, қарнын тойдырып жүр пенделер.
    Ай далаға судай ағып кетпесін деп,
    Ел қаржысы біреудің қалтасында жүрмесін деп – тоқсау салды Ислам Әбіш ағамыз.
    Лас саясат, шірік жүйе дес бере ме бұл күні?
    Жала жауып, күңә тағып, темір торға тығып алды.
    Ей, адамзат бұл не болды?
    Пара ала жаздады?… қызық екен…
    Нағыз айып ол емес,
    нағыз шындық ол күрес.
    Жемқорлыққа қарсы күрес.

  4. Айбын Арғын 5 Қараша, 2019 15:56 Жауап

    Ең бастысы халық алдында Ислам Әбішев толықтай ақталды. Бұл орайда жүйеге қарсы қаймықпай шығып, өзегін жарған шындықты ақтарып салған Асылжан Жампозовтың азаматтығына Алла разы болсын!!! Пара алды деп айыптап, нақақтан-нақақ жала жабушылардың өздері жазалануы тиіс. Адалдық үшін абақтыда ар-намысы мен адамгершілігін қатар түзу ұстаған Әбішевке бостандықтың таңы атуы тиіс.

  5. Ая 5 Қараша, 2019 18:48 Жауап

    Адвокаттар жүз пайыз сенімді болса, онда неге босатпайды. Бізде Атазаңның бары рас болса, ол заң адамдардың құқығын қорғайьыны рас болса онда бостандық берілсін!

  6. Еңлік 5 Қараша, 2019 18:52 Жауап

    Төрт бірдей адвокат заң жүзінде істің мəн-жайын анықтап, дəлелдеп беріп отырғанда бұлай ұстап отыру миға да заңға сыймайды.Ислам Əбішке бостандық.

  7. Гүлім 5 Қараша, 2019 18:58 Жауап

    Адвокат Мəкіш Есқараев жөн айтады. Сот барысында да өзі айтпағаны анық көрініп тұрды Жампозовтың.Видеодан көрдік. Ендеше неге созбалақтайды істі.

  8. Қарақат 5 Қараша, 2019 19:02 Жауап

    Алла жар болсын қос бірдей қара нардай азаматтар И.Əбішев пен С.Түкиевке. Рухы мықты азаматтар осы соттан кейін қоғам алдында ақ екені дəлелденіп, абыройлары одан əрі асқақтады. Аллаға шүкір. Енді сот залынан шығуы ғана қалды.Бостандық!

  9. Эльмира 5 Қараша, 2019 19:10 Жауап

    Адвокат Ерлан Мəкенов дұрыс айтады. Күні бүгінге дейін Соттағы істің, қорғаушылардың сөздерінің растығын дəлелдеп берді Жампозов. Енді бостандық Əбішевке!

  10. Сая 5 Қараша, 2019 19:12 Жауап

    Өзінің бас-бостандығының амандығын мемлекет қолдауымен күзеттірген Шəймерденовке еш дауа жоқ екен. Бостандық Əбішевке…

  11. Aigerim 5 Қараша, 2019 19:13 Жауап

    Жеңістің ауылы көріне бастады. Абзал Құспан бастаған бір топ қорғаушылардың еңбектерінің жемістері көріне бастады. Тағы бір қуантандыратын жайт, ол ана тіліміздің жеңісі. Сот процессінің қазақ тілінде жүруі, осы істің оң шешімін қабылдануына үлесі өте зор.

  12. Лира 5 Қараша, 2019 19:15 Жауап

    Əлемге атымызды заңы жоқ ел ретінде көрсеткіміз келмесе онда барша Қазақстан ғана емес, əлем елдері көз тіккен бұл Ислам Əбіш ісін шұғыл тоқтатып, істі оңынан шешу керек.

  13. Мая 5 Қараша, 2019 19:18 Жауап

    Игілігін көрген елі Исекеңнің игі тілегін арнап, бостандық сұрауда.Алла тілектерін қабыл етсін!

  14. Гүлбахар 5 Қараша, 2019 19:21 Жауап

    Ислам Əбішев тек қазақ күресінің дамуына ғана емес, қазақ елінің дамуына айрықша үлес қосқан айтулы азамат. Бостандық еліне тек жақсылық жасаған азаматқа.

  15. ЗУХРА 5 Қараша, 2019 22:33 Жауап

    Жақсы адамның жақсылығын халық біліп жүру керек. Ислам Әбіш мырзаның халыққа жасаған адал қызметтері өте көп деп білемін.

  16. Әйгерім Өтебайқызы 6 Қараша, 2019 01:10 Жауап

    Мемлекеттік деңгейдегі Хаос. Әбішев ісі- ел назар аударатын өзгеше іс. Соттағы сенсация-жалған куәгер, одан қызығы-осыны өзі бастап артынан ашылып қалған Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Аты шулы Былықтары, бәрі-бәрі- Қазақстан сотында болмаған тың дүние. Арты немен аяқталары белгісіз…

  17. Айзере 6 Қараша, 2019 09:02 Жауап

    Еліне елеулі,халқына қалаулы азаматты қолдайық ағайын.Игі істері мол жан Әбішев мырза!!!

  18. Мақсат 6 Қараша, 2019 09:06 Жауап

    Халықты ойлап,қызметіне адал жан ол Әбішев ағамыз.Оған көзіміз анық жеткен.

  19. Аяулым 6 Қараша, 2019 11:58 Жауап

    «Қарға қарғаның көзін шұқымайды»тағылып жатқан айыптар жалған.Біз білетін көкеміз ерең еңбегі сіңген жан.Адал жандарды қорламайық ағайын.Кәсібіне берік азамат

  20. Айсұлтан 6 Қараша, 2019 15:03 Жауап

    Неге елімізде өзімізге өзіміз жаумызӘбішев мырза көптің адамы.Халықтың адамы.Біз сізбен біргеміз

  21. Айжан 6 Қараша, 2019 18:28 Жауап

    Түбінде әділдік жеңіп
    азаматтардың құқықтары қорғалып,бостандықпен қауыщуына сенеміз!

  22. Алмас Асемханулы 6 Қараша, 2019 20:14 Жауап

    Айыпталушыға қарсы басты кәугерлердің берген айғақтары өтірік екеніні белгілі болса әрі қарай бұл сот ісін жүргізуде ешқандай мағына жоқ. Бұдан артық қандай дәлел керек оларға?!

  23. Qyr balasy 6 Қараша, 2019 20:17 Жауап

    Сот ұкімі басты куәгердің берген показаниесіне негізделеді. Ал енді куәгерлердің жалған куәлік беруі белгілі болғанда сот ісін әрі қарай созу кереа жоқ

  24. Мәмбет Құрманбаев 7 Қараша, 2019 19:41 Жауап

    Қорғаушы адвокаттар тиянақты түрде сот процессіндегі қаралған істің дәлелсіз екенін анықтап Ислам Әбішевтің жазықсыз екенін дәлелдеп, жариялы түрде ақтау үкімімен бостандыққа шығуына толық негіз барын ашық хабарлады!

  25. МәмбетҚұрманбаев Құрманбаев 7 Қараша, 2019 19:43 Жауап

    Қорғаушы адвокаттар тиянақты түрде сот процессіндегі қаралған істің дәлелсіз екенін анықтап Ислам Әбішевтің жазықсыз екенін дәлелдеп, жариялы түрде ақтау үкімімен бостандыққа шығуына толық негіз барын ашық хабарлады!

  26. Марина 7 Қараша, 2019 20:06 Жауап

    «Аққа құдай жақ» деген, Әбіш мырзаның ары таза екенін Алланың өзі көріп тұр

  27. Самат 7 Қараша, 2019 20:13 Жауап

    Неге біздің елде адамды психологиялық тұрғыда шаршатып барып әділдік орнайды? Ағамыз қалай шаршағанын, өзінен басқа ешкім білмес.

  28. Гұлнұр 7 Қараша, 2019 20:16 Жауап

    Ақталып шыққаны распа екен? Жақсының жақсылығын жар салған халлыққа рахмет. Ағамыз үшін қуаныштымын.

  29. Ахмад 7 Қараша, 2019 20:21 Жауап

    Сот Әбіш мырзаны бостандыққа шығарсын. Бәрі айдан анық, Әбіш мырзаға жала жапқан

  30. Нұрсұлтан 7 Қараша, 2019 20:24 Жауап

    Адвокаты жарады, ағамызды ақтап алды. Жазықсыз адамды жазықты еткен қандай жаман. Әбіш аға қандай сезімде болды екен? Алла жар болсын сізге аға

  31. Нұрболхан 7 Қараша, 2019 20:29 Жауап

    Неше күннен бері қызу талқыда болған іс ақыры оң шешімін тапқаны дұрыс болды. Әділтік туу жеңді

  32. Мейірбек 7 Қараша, 2019 20:33 Жауап

    Халықтың азаматы әрқашан тек әділдікпен жүреді. Әбіш мырза сіздің жеңіп шығатыныңызға сенеміз!

  33. Ералы 7 Қараша, 2019 20:36 Жауап

    Жақсы адамның аяқтан жығуға болмайды. Елге адал қызметін атқарып жүрген ісіне адал азамат Әбіш.

  34. Марал 7 Қараша, 2019 22:33 Жауап

    Асылжан Жампозовтай қасқайып тұрып шындықты айтар азаматтар бұл күнде жоқтың қасы. Аман жүрсін арда азаматтың тұяғы.

  35. Qyr balasy 7 Қараша, 2019 22:34 Жауап

    Ең басты деген кәугердің жалған кәугерлік беріп, оған тергеушілер тарапынан жасалған қысым мен аузына сөз салып беруі дәлелденіп отыр. Бұдан артық Ислам Әбіштің ісі қолдан жасалған тапсырпен жасалған іс екеніне қандай дәлел керек. Істі созбай Ислам Әбішті ақтауы тиіс.

  36. Гүлім 7 Қараша, 2019 22:36 Жауап

    Тергеушілер өздері айтып, өздерінің айтымен жауап алатын болса бұл қандай сот болғаны? Халықты қорғар заңымыздың сиқы осы болса онда жетіскен екенбіз.

  37. Qyr balasy 7 Қараша, 2019 22:37 Жауап

    Кәуегерге ауызына сөз салыпжалған куәгерлік етуін қамтамасыз етккен тергеушілер олардың басышыларын жауапқа тарту керек. Осы тұста Ислам Әбіштің жазықсыз сотталғандарды қолдау комитетін құру дегенұсынысы өте орынды.

  38. Мерей 7 Қараша, 2019 22:40 Жауап

    Алмас қылыштай жарқылдап тұрған арда азамат Ислам Əбішев жүзін мұң шалмастан қасқайып тұрғанына қайран қаласың? Бостандық деп жар салсақ та құлақ аспайды бұл қатал заң. Десе де күтеміз əділет салтанат құрар күнді.

  39. Мая 7 Қараша, 2019 22:46 Жауап

    Жазықсыз жазаланғандарды қорғау комитеті құрылып, заң орындарына қарсы үн қатса, өздерінің заңды құқықтарын талап етсе онда қоғамымыз дəл бүгінгідей былыққа белшеден батпас деген ойдамын.Ислам Əбішке Бостандық.

  40. Қарақат 7 Қараша, 2019 22:53 Жауап

    Исекеңнің тырнағына татымайтын, шынашақтай судьялар оның тағдырын қалай ғана шешпекші. Бостандық Əбішевке!

  41. Ая 7 Қараша, 2019 22:59 Жауап

    Мынау қандай ғана кербаққан судья Шаяхметова деген. Шыдамның да шегі болатын шығар. Біресе қазақша ұқпайды, сөйте тұрып, қазақша сұрайды. Не қырсық өзі. Не болса да і оңынан шешілсін!

  42. Айбын Аргын 8 Қараша, 2019 15:10 Жауап

    Елордадан тіпті басқа өңірлерден қазақша жақсы сөйлейтін, түсінетін судьяның табылмауы өте өкінішті. Заң органдарының өзі мемлекеттік тілге осындай көзқараста болса, басқаларға айтудың өзі ұят. Әйтеуір не болса да әділ шешім шығарып, жазықсыз қамауға алынған Ислам Әбішев бостандыққа шығарады деп сенеміз!!!

  43. Лира 10 Қараша, 2019 19:14 Жауап

    Пара алуға оқталды деген жаламен, алмаған алғысы келген адамның барлығын соттай берсе Қазақстанда адам қалмайтын шығар. Арға да, заңға да, миға да симай тұр ғой Əбішев ісі. Қайран есіл ер, жазықсыз жапа шегіп отырғағың өзіңе тілеулес барша жұрттың жүрегін сыздатып ақ отыр ғой ….Бостандыққа шығасың əлі-ақ…

Пікір немесе жауап жазу

11 + 12 =