Бурабайдағы баға бас айналдырады

523
0
Бөлісу:

Бурабайда демалу Түркиядан неге қымбат? Көптің көкейіндегі бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев жауап берді.

«Шынында да, мұндай мәселе бар. Өкінішке қарай, қысқы туризм біздің Щучье-Бурабай демалыс орнында жоғары деңгейде дамымаған. Бүкіл қыс бойғы шығындардың бәрін біз жылдың жазғы екі айында жауып үлгеруіміз керек», – деді Ермек Маржықбаев. Аймақ басшысының айтуынша, өңір студенттері туристік тәжірибе алу үшін шетелде оқып жатыр.Қазіргі уақытта жыл бойы 4-маусымда 20 шақты ірі шара өткізу жоспарланған. Мәселен, қазан айында «Суретшілер слетін» өткізіпті.
Әкім негізгі сұрақтан ауытқып кеткенге ұқсайды. Жылына 20 емес, 100 шара өткізсе де бас айналдырар қымбат баға тұрғанда оған ешкім қатыспайды. Сондықтан демалыс орындарын қарапайым көпшілікке қолжетімді етіп, жергілікті кәсіпкерлердің тәбетін тиған дұрыс шығар.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

6 + 13 =