ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРУ ЖАЛҒАСУДА

294
0
Бөлісу:

Бас прокуратура алқасының кезекті отырысында мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржы жымқырылған қылмыстық істерді тергеу, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Құзырлы орын өкілдері араны ашылған шенеуніктер мен кәсіпкерлер қаржы жым­қыруын әлі де тоқтатпағанын ашық айтты. Бас прокурор құқық қорғау органдарының басшыларын халықтың ақшасын жымқырудың алдын алу үшін қатаң шара қолдануға шақырды. 2017 жылдан бері құқық қорғау органдары тергеген 6 мыңға жуық қылмыстық істің фигуранттары 66 млрд. теңгені қолды қылған. Сол қылмыстық істердің қазірге дейін 2 685-і сотқа жіберілген. Отырыста тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағы да сөз болды. Про­ку­рорлардың айтуынша, Үкімет Денсаулық сақтау ми­нистрлігінде жүргізілген тексеріс кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ұсынысты қараған. Прокуратураның актілері бойынша 48 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, үшеуі қызметінен кеткен. Алқа отырысына шақырылған денсаулық министрі Елжан Бір­­танов ахуалды жақсарту үшін қолданылатын шаралардың жол картасы әзірленіп жат­қанын жеткізді. Отырыста ми­нистрлікке шетелдердің денсаулық сақтау жүйесін цифр­ландыру тәжірибесін үйрену ұсынылып, дәрі-дәрмек ба­ғасын белгілеуді ашық ету, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігі айтылды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

7 + 11 =