Семейдегі Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні алынып тасталды

241
0
Бөлісу:

Семейде көптеген ағаш мүсіндер бар. Солардың ішінде Жеңіс саябағында тұрған Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қоғам наразылығын тудырды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде бұған қатысты «Бізде талантты суретшілер көп емес пе? Олар қайда жүр? Суретшілер кеңесі, эскиздер қайда? Бұл жобаларды кім бекіткен?», «Мұны жаңа жылда балабақшалардың біріне жалмауыз кемпір кейіпкері ретінде қоюға болады. Бұл саябақта тұруы тиіс емес», «Бұл кімнің қаражатына жасалған? Кәсіпкер ақша бөлген бе?» деген сияқты наразылық сипаттағы пікірлер жазылды.

Осы жағдайға байланысты Семей қалалық әкімдігіне хабарласып, мән-жайды сұрадық.

«Ағаш мүсін саябаққа сенбі күні, яғни 2 қараша күні қойылды. Ол қала тұрғындарының да, әкімдіктің де көңілінен шыққан жоқ, сол себепті оны орнынан алып тастадық», – дейді Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Оның айтуынша, сол саябақтағы кесілуі керек ағашты түбімен алып тастамай, мүсін жасау туралы идея пайда болған.

«Бізде мұндай тәжірибе болған. Қаладағы Абайдың ескерткішінің жанына ағаштан ойып домбыра, қобыздың мүсінін жасаған болатынбыз. Осы жолы Әлия Молдағұлова немесе Мәншүк Мәметованың мүсінін жасап көрейік дедік, бірақ ол сәтсіз шықты. Келесі жылы Жеңістің 75 жылдығына орай Жеңіс саябағы толық реконструкцияланады. Ол жерде бұл мүсіннің тұруына қисын жоқ, сол себепті алып тастадық», – дейді ол.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

3 × бес =